Сенбі, 8 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ойыншықтар хикаясы 5» өзекті мәселені көтерді

23.06.2026
- Жаңалықтар
0
34
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Таяуда Елордамызда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Disney&Pixar студияларының «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі арнайы көрсетілімі өтті.

Өз фильмдерін түрлі елдердің аудиториясына бейімдеп, жергілікті тілдерге дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан тәжірибе. Компания жыл сайын туындыларын 40-тан астам тілге аударады. Соның бірі – қазақ тілі. Кейінгі үш жылда Disney студиясы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша», «Ақшақар», «Лило мен Стич», «Аңдар шаһары 2» секілді 10-нан астам фильмді қазақ тіліне аударып, дубляж жұмысын қаржыландырды. Олардың бәрі еліміздің кинотеатрларында көрсетілгені белгілі. Міне, енді кезекті сапалы контент қазақтілді балаларға жол тартып отыр.

Бұл бүгінгі күннің сұранысын дөп басқан туынды. Атап айтқанда, ойыншықтар мен технологияның текетіресі, ойыншық ойнайтын бала мен гаджетке жабысқан баланың өмір салты, психологиялық ерекшеліктері тереңнен шебер суреттеліп берілген. Анимациялық мультфильм болса да, көтерген тақырыбы, айтар ойы, бүгінгі қоғамда өзіміз куә болып отырған өзекті мәселенің шешімін табу жолындағы шиеленіске толы желісі шытырман оқиғалы кинодан кем емес. Жас бала түлігі, үлкен адамның өзін елітіп әкететін әсері бөлек.

Арнайы көрсетілімге қатысқан Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп балаларға арналған қазақ тіліндегі сапалы фильтфильмдердің көбеюі еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Өйткені бұл жас ұрпақтың мемлекеттік тілді біліп өсуіне әрі соның аясында бір жұдырық болып ұйысуына өз септігін тигізеді.

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026
Қазақ киносының жетістігі артып келеді

Қазақ киносының жетістігі артып келеді

07.08.2026

«Қазір қазақ балаларының заманы туды деп айта аламыз. «Ойыншықтар хикаясы» секілді әлемдік туындыларды өз ана тілімізде тамашалайтын күнге жетіп отырмыз. Бұл тек үлкен жолдың батауы ғана. Алдағы уақытта ұрпақ тәрбиесіне оң әсер беретін, сондай-ақ қазақ тілінің тынысын ашатын осындай сапалы дүниелер саны арта береріне сенім мол», деді сенатор.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қазақ тіліндегі мазмұнға деген сұраныстың жүйелі түрде артып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгін біз қазақша дубляжды қолдап жүрген тіл жанашырларын арнайы жинадық. Мұндай көрсетілімдердің мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы мазмұнға деген қолдауды күшейту және көрермен назарын аудару. Кейінгі жылдары қазақ тіліндегі фильмдерге деген қызығушылықтың айтарлықтай артқанын байқап отырмыз. Кинотеатрларға қазақша сеанстарға келетін көрермен көбейді, ата-аналар балаларын қазақ тіліндегі фильмдерге жиі алып келе бастады. Бұл – қазақтілді контент нарығының қалыптасқанын көрсететін маңызды өзгеріс. Әлемдік студиялардың қазақ тіліндегі дубляжға тұрақты түрде инвестиция салуы да осы сұраныстың нәтижесі. Сондықтан ана тіліміздегі фильмдерді қолдауға шақырамыз», деді Р.Кенжеханұлы.

Анимациялық фильм кейіпкерлерін қазақша сөйлетуге Әбілмансұр Серіков, Бота Мия, Асан Мәжит, Зарина Кәрмен секілді мамандар атсалысқан. Қазақ тіліндегі дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев.

«Ойыншықтар хикаясы» – Disney&Pixar компаниясы 1995 жылы 3D форматында жарыққа шығарған тұңғыш фильм. Сол кезден бері бұл туындыны тамашалап келе жатқан көрермен үшін мұның орны бөлек деп ойлаймын. Бұл фильм – соның жалғасы, бесінші кезеңі. Бүгінгі біздің басты көрерменіміз – қазақтілді балалар. Бұл фильмнің айтар ойы бар, өте өзекті тақырыпта арқау еткен. Қазақтілді контенттің дамуы үшін бәріміз де осындай сапалы туындыларға деген халықтың назарын аударуға атсалысқанымыз маңызды», деп атап өтті Ш.Ордабаев.

Айта кетсек, «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмі 18 маусымнан еліміздің кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіле бастады.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: балалармульфильмоайыншықтар хикаясы 5
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат
Сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026
БҚО: «Ғажайып рамазан балы» өтті
Жаңалықтар

БҚО: «Ғажайып рамазан балы» өтті

02.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?

Қазақ қоғамындағы ислам құндылықтары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Мешіттің есепшісі

    Мешіттің есепшісі

    50
  • Абай – кемел мұсылман

    34
  • Исламда пікір айту әдебі бар ма?

    20
  • Намаздың діндегі орны

    18
  • Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі

    18

Соңғы жарияланымдар

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жаңалықтар

«Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.08.2026
Мүфтият ғимаратының ауласына 440 арша ағашы отырғызылды
Сұрақ-жауап

Ағаш отырғызудың сауабы қандай?

07.08.2026
Қазақ киносының жетістігі артып келеді
Жаңалықтар

Қазақ киносының жетістігі артып келеді

07.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00