Бейсенбі, 12 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығару адасуға апарады

18.06.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
81
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде ақпаратқа қол жеткізу бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Әлеуметтік желілер, түрлі интернет платформалар мен мессенджерлер арқылы діни мазмұндағы мәліметтер кеңінен таралуда. Бұл бір жағынан діни білім алуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан діни мәтіндерді терең түсінбей, үстірт қабылдау қаупін арттырады.

Өкінішке қарай, кейбір адамдар діни мәтіндердің мән-мағынасын арнайы білімсіз өз бетінше түсіндіріп, діни мәселелерге қатысты үкім шығаруға тырысады. Мұндай әрекет қате түсініктердің қалыптасуына, адасушылыққа апарып, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін.

Ислам дәстүрінде Құран аяттары мен хадистерді түсіндіру ісі үлкен жауапкершілік болып саналады. Ғасырлар бойы ғалымдар діни мәтіндерді түсіндіру үшін араб тілін, аяттардың түсу себептерін, хадистердің сенімділік дәрежесін және шариғат қағидаларын терең меңгерген. Сондықтан діни үкім шығару тек мәтінді оқумен шектелмейді, ол кешенді ғылыми дайындықты талап етеді. Арнайы білімі жоқ адамның діни мәтіндерден өздігінен қорытынды шығаруы мәтіннің шынайы мағынасын бұрмалауы мүмкін.

Радикалды және деструктивті ағымдардың өкілдері діни мәтіндердің жекелеген бөліктерін контекстен бөліп алып, өз мақсаттарына пайдаланады. Олар кейбір аяттар мен хадистерді толық түсіндірмей, адамдарды жаңсақ пікірге жетелейді. Нәтижесінде діни сауаты төмен азаматтар бұл көзқарастарды ақиқат деп қабылдап, қоғамға жат идеялардың ықпалына түседі. Мұндай құбылыс әсіресе жастар арасында жиі кездеседі.

Марқұмның жетісі, қырқы, жылдық асын өткізу дұрыс па?

12.11.2026
Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты

Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты

12.11.2026

Діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығарудың негізгі себептерінің бірі – діни білімнің жеткіліксіздігі мен ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алмау. Адам белгілі бір мәтінді оқыған кезде оның тарихи жағдайын, тілдік ерекшелігін және ислам ғалымдарының түсіндірмелерін ескермесе, қате қорытындыға келеді. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі қысқа бейнероликтер мен үзінді пікірлер күрделі діни мәселелерді жеңілдетіп көрсетеді. Бұл жағдай адамдардың ғылыми негізделген көзқарастан алыстап, үстірт түсініктерге сүйенуіне әсер етеді. Сондықтан діни сауаттылықты арттыру және білікті мамандардың түсіндірмесіне жүгіну – адасушылықтың алдын алудың маңызды жолы.

Қорыта айтқанда, діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығару көптеген қателіктер мен адасушылықтарға себеп болуы мүмкін. Дін мәселесінде сенімді ақпарат көздеріне сүйену, білікті теологтар мен дінтанушылардың кеңесіне жүгіну – жеке адамның да, қоғамның да рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Діннің мәнін дұрыс түсіну адамдарды татулыққа, парасаттылыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді.

Ғабит ҚАЛДАРБЕК,

Ұлытау облысы «Діндерді зерттеу орталығы» КММ дінтанушы маманы

Таңбалар: адасудіншариғат
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Салт-дәстүрді жоққа шығаратындар кімдер?
Сұрақ-жауап

Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

21.10.2026
Маңғыстау: «Дін мен дәстүр – ұлттық тәрбиенің қос тірегі» атты облыстық семинар өтті
Жаңалықтар

Маңғыстау: «Дін мен дәстүр – ұлттық тәрбиенің қос тірегі» атты облыстық семинар өтті

13.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлттық электронды кітапхананың негізгі көрсеткіштері

Ұлттық электронды кітапхананың негізгі көрсеткіштері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Бір мәрте Алла десе…

    Таудай рия амалдан, тарыдай риза амал артық

    519
  • Былапыт сөздің салдары қандай?

    319
  • Аманатқа адалдық

    314
  • Ақтауда «Қуанышты күн» атты қайырымдылық акциясы өтті

    311
  • Қажылық: Қазақстанға 4300 орын бөлінді

    257

Соңғы жарияланымдар

Қоғам

Марқұмның жетісі, қырқы, жылдық асын өткізу дұрыс па?

12.11.2026
Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты
Жаңалықтар

Қырғыздар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмысымен танысты

12.11.2026
Шеттегі діндарды бедел көруге болмайды
Видео

Шеттегі діндарды бедел көруге болмайды

12.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00