Жұма, 26 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әмір Темірдің Арыстанбаб пен Ясауиге кесенелер салуы және басқа да жайлар туралы

26.06.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жер қайысқан қол, шаң қаптаған жол. Алдыңда – сол замандағы билеуші біткеннің қаһары Әмір Темір, артыңда – байрақтары желбіреген түмендер. Сансыз сарбаздың дүбірінен жер дірілдеп, аспан аңтарылып тұрғандайын. Ол жорыққа бара жатыр, тағы бір жорыққа. Өзі де: «Өмірі жорықта өткен адам – атта отырып туып, атта отырып шаһит кешеді», – деп ойлаушы еді.

Бірде сол жорықтың бір жолы Ясыға соқты. Жүріп келе жатты. Бара жатты. Ат тұяғы шаң ертіп, Әзірет Сұлтанның қабіріне жақындай бергенде жел желп етті де, телпек жерге түсті. Зерлі, алтынмен апталған сәнді телпегі шаң-топыраққа аунап жатыр. Темір «Темір» басымен атынан секіріп түскенін өзі де аңғармады. Ақсаңдап барды, иіліп алды, басына кидi. Сосын тоқтады. «Тоқта», – деді өзіне.

Өмірі аттан түспеген адам – оң жағынан он нөкер, сол жағынан он нөкер атының шылбырын ұстап тұратын. Бірі қолынан сүйеп, бірі қолтығынан демеп, табанын жерге тигізбей алып түсетін. Ал мұнда ше? Мұнда өзі секірді. Өзі иілді. Өзі кидi. Құлдары мен нөкерлері аңырып қалды, аңғара алмады. «Бұл не хикмет?», – деп қалды.

Сонда бір уәзір – ақылды, сөзге шебер уәзір тамағын кенеп алды да айтты:

Қайырымдылық қасиетінің маңызы

26.06.2026
Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес

Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес

26.06.2026

– «Уа, әміршім, «Әруақты жерден ат үркеді» деген», – деп бастаған ол тамсанып-таңданып сарнап қоя берді. Уәзір сөзінің мәні мынау: Мұнда Түркінің ұлы пірі тірлік кешкен, оның арқасында түркі халқының бағы жанған. Тоқсан тоғыз мың машайық, сексен сегіз мың сәруар оның дәргейінде тәлім алған. Ол Құранды хикметпен халқына жеткізіп, жанына келгеннің бәрін илаһи сүйіспеншілікке бөлеген. Жансыз шөл даланы рухани жазираға айналдырған. Шәкірттері барша дүние жүзіне ілімді таратқан. Оның мәртебесі мен дәрежесі сөзбен жеткізуге келмейді.

Темір бір сәт үндемеді. Сосын айтты:

– «Әй, бәрекелді. Өзім де әулиенің лебін әудем жерден сезіп келе жатыр едім. Олай болса, аттан түсейік, ай, халайық. Иба-әдептен аттамайық. Алдымен әулиенің рухына Құран бағыштап, басына күмбезді кесене соғып, содан кейін жорыққа аттанайық».

Бұйрық берді. Ұсталар кірпіш өріп, қабырғаны тұрғызды. Ертеңіне қараса, дуал жерде жатыр. Қайта өрді, қайта құлады. Күзетші қойды, ол да ұстай алмады. Ең соңында, Темірдің өзі күзетке отырды. Таңға таяу ұйқы алды. Болат қанжармен қолын тіліп, тұз септі. Жанын қинап ояу отырды.

Сахар сәтінде бір көк өгіз келіп, қабырғаны сүзіп құлатты.

– «Бұл не өгіз? Бұл не хикмет?», – деп тағы да ойға батты Темір. Сол ойдың ішінде көзі ілінді. Ілінген көзге – түс, түсте – аян. Нұрлы жүзі жарқырап Ясауи бабаның өзі келді.

– «Ей, әмірші ниетің дұрыс. Көк өгіз – Арыстан баптың әруағы. Ол маған пайғамбардың аманат құрмасын жеткерді. Мазары Отырарда жатыр. Ұстазға деген құрмет – бізге тиген міндет. Алдымен, соның басына дүрбе тұрғыз. Содан кейін бізге кезек келер», – деді.

Темір таңертең ерекше күймен оянды. Ойланған жоқ, кідірген жоқ. Шенді-шекпенділерін ертіп, Отырарға жөнелді. Арыстан бабтың моласын тауып, үлкен мазар салдырды. Ұстаз –пайғамбардың аманатын жеткізген кісі, шәкірт – сол аманатты жалпақ дүниеге жайған кісі. Бірінің алдында іс қылмай, екіншісінің алдында іскерсінуге болмайды.

Арыстанбабқа мазар бітті. Сосын барып Ясауидің басына күмбезді кесене тұрғызды. Бұл жолы қабырға құламады, өгіз сүзбеді. Өйткені тәртіп сақталды. Ұстазға – алдын, шәкіртке – соңы.

Ол кесене – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бүгін де сол қалпы тұр. Ғасырлар өтті, хандықтар ауысты, жорықтар ұмытылды. Ал кесене міз бақпай тұр. Өйткені оны тұрғызған – ең әуелі, әдеп пен ізеттің қолы еді.

Бірақ бұл әріден ойлағанның да арқасы. Әмір алтынмен зерленген жасыл түсті қабір жапқыш жасатқан. Оны әулиенің құлпытасына жапқан-ды. Қарнақта салмағы екі тонна болатын алып Тайқазанды қолдан құйдырды. Лауха мен бірнеше шырағдан да сыйлады.

Бір бұл емес, Әзірет Сұлтан қорын-вакф ашты. Ясауидің ұрпақтары мен шәкірттеріне вакфтен бірнеше жер бөліп берді. Қолхат жазып: «Әзірет Сұлтан кесенесін ешқашан да, қандай болған жағдай да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі беруге болмайды», – деп қатаң ескерту қалдырды.

Темір көп нәрсені білетін. Жер-дүниені бағындырды, хандар мен патшалар, шахтарды тізе бүктірді. Дейтұрғанмен Ясыда бір нәрсені үйренді: «Кейде ең даңқты баһадүр де Алла досы – әулиеге ізет жолымен иіледі. Иілген сәтте ол ең биік те болады».

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: АрыстанбабӘмір ТемірҚожа Ахмет Ясауи
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жоспары бекітілді

06.04.2026
Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес

Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Достоинства поста в день Ашура

    Ашура күнінің артықшылығы неде?

    3.4k
  • Сотталғандарға рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды

    124
  • Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

    51
  • Елордалық зейнеткерлер қымызмұрындық мерекесін атап өтті

    40
  • Түзеу мекемесіндегі топтық кездесу

    33

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Қайырымдылық қасиетінің маңызы

26.06.2026
Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес
Сұхбат

Теолог: Зайырлылық – дінсіздік немесе дінге қарсы көзқарас емес

26.06.2026
Қоғам

Әмір Темірдің Арыстанбаб пен Ясауиге кесенелер салуы және басқа да жайлар туралы

26.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00