Сенбі, 23 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Онлайн құрбандық: мүмкіндік пен қажеттілік

23.05.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
5
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құрбан айт – мұсылман үмбеті үшін ерекше маңызы бар ұлық мерекелердің бірі. Бұл күндері Алла разылығы үшін құрбан шалу – шамасы жеткен әрбір мұсылманға міндет амал. Құрбандық – тек діни рәсім ғана емес, ол – ізгілік, жомарттық және қоғамдағы өзара қамқорлықтың айқын көрінісі. Заманауи технологиялардың дамуы бұл құлшылықты орындаудың жаңа, ыңғайлы әрі тиімді жолдарын ұсынуда. Соның бірі – онлайн құрбан шалу қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2020 жылы елімізде алғаш рет онлайн құрбан шалуға тапсырыс қабылдау платформасы іске қосылды. Бұл бастама әлемді жайлаған пандемия кезеңінде ерекше өзектілікке ие болды.

Карантиндік шектеулерге байланысты халықтың мешіттер мен қасапханаларға бару мүмкіндігі шектелді. Осындай күрделі кезеңде мұсылман қауымның діни міндеттерін орындауына жағдай жасау уақыт талабы еді. Онлайн платформа дәл осы қажеттіліктен туындап, халыққа үйден шықпай-ақ құрбандық шалуға мүмкіндік берді.

Жобаның басты мақсаты – халықтың діни міндеттерін қауіпсіз жағдайда орындауына жағдай жасау, құрбандық рәсімін орталықтандырылған түрде, шариғат талаптарына сай ұйымдастыру және мұқтаж жандарға көмекті жүйелі түрде жеткізу.

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

23.05.2026
Мазлұмның үнсіз наласы

Мазлұмның үнсіз наласы

22.05.2026

Бастапқыда уақытша шешім ретінде іске қосылған бұл жоба бүгінгі күні халық тарапынан үлкен қолдауға ие болып, тұрақты жүйеге айналды. Онлайн құрбандық қызметі енді тек пандемиямен байланысты емес, жалпы қоғамдағы цифрландыру үдерісінің бір бөлігіне айналды.

Қазіргі таңда qurban.muftyat.kz платформасы жаңа, заманауи интерфейспен жұмыс істейді. Барлық процесс толықтай автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде қызмет сапасын арттырып, қолданушыларға ыңғайлы әрі түсінікті жүйе қалыптастырды.

Онлайн құрбан шалудың қадамдары өте қарапайым:

  1. Қолданушы qurban.muftyat.kz платформасына кіреді;
  2. Арнайы форманы толтырады;
  3. Құрбандыққа шалынатын мал түрін таңдайды;
  4. Жеке деректерін енгізеді;
  5. Автоматтандырылған төлем жүйесі арқылы тапсырыс береді.

    6.Қолданушының ұялы телефонына растау SMS хабарламасы жолданады.

Осыдан кейін барлық жауапкершілік ҚМДБ-ға қарасты дін қызметкерлеріне жүктеледі. Арнайы мамандар қолданушының атынан құрбандық шалып, оның бейне есебін тапсырыс берушіге жолдайды. Бұл – ашықтық пен сенімділіктің нақты көрінісі.

Құрбандыққа шалынатын малды іріктеуден бастап, оны шариғат талаптарына толық сай сою, етін тиісті тәртіппен мүшелеу, үйіту, арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес пакеттерге бөлу және соңында мұқтаж отбасыларға жүйелі түрде жеткізу жұмыстарының барлығы бір орталықтан ұйымдастырылып, кәсіби дін қызметкерлері мен жауапты мамандардың қатаң бақылауымен жүзеге асырылады.

Бір қарағанда, онлайн платформа тек сайт немесе қызмет сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның артында үлкен еңбек жатыр. Жобаның табысты жүзеге асуы үшін 1000-нан астам дін мамандары мен қызметкерлер жұмылдырылған.

Олардың қатарында сайттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық мамандар, халықпен тікелей байланыс орнататын колл-орталық қызметкерлері, қасапхана жұмысына жауапты тұлғалар, тәжірибелі қасапшылар, діни рәсімдердің шариғатқа сай орындалуын қадағалайтын имамдар, процесті үйлестіретін операторлар және қайырымдылық іске үлес қосатын ерікті азаматтар бар.

Онлайн платформа үш негізгі бағытта қызмет көрсетеді:

  1. Құрбан шалуға тапсырыс қабылдау: Қолданушылар өз атынан немесе жақындарының атынан құрбандық шалуға тапсырыс бере алады.
  2. Мұқтаж отбасыларды тіркеу: Кез келген мұқтаж отбасы немесе олардың жақындары платформа арқылы тіркеліп, көмек алуға мүмкіндік алады.
  3. Тапсырыстың күйін бақылау: Қолданушылар өз тапсырысының орындалу барысын бақылап, нәтижесімен таныса алады.

Құрбандықтың негізгі мәні – Аллаға жақындау, сондай-ақ қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсету. Онлайн платформа осы міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінгі цифрлық дәуірде көптеген қызметтер онлайн форматқа көшіп жатыр. Бұл – уақыттың талабы. Дін саласы да бұл үрдістен шет қалмауы тиіс. Онлайн құрбандық – дәстүрлі құндылық пен заманауи технологияның үйлесімі.

Онлайн құрбандық платформасы – ҚМДБ-ның халыққа жасаған маңызды қызметтерінің бірі. Ол қиын кезеңде басталып, бүгінгі күні қоғам қажеттілігіне жауап беретін тиімді жүйеге айналды.

Қорыта айтқанда, онлайн құрбандық – тек мүмкіндік қана емес, бүгінгі қоғам үшін қажеттілік. Ол – имандылық пен инновацияның тоғысқан тұсы.

Тимур СЕРІКҚАНҰЛЫ,

ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі

«Иман» журналы №5

Таңбалар: құрбан айтқұрбан шалуонлайн құрбандық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Құрбандық шалу қандай амал?

21.05.2026
Қасапшыларға арналған семинар өтті
Жаңалықтар

Қасапшыларға арналған семинар өтті

21.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    577
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    152

Соңғы жарияланымдар

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді
Сұхбат

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

23.05.2026
Құрбандық шалу кезінде айтылатын дұға бар ма?
Ислам

Онлайн құрбандық: мүмкіндік пен қажеттілік

23.05.2026
Мазлұмның үнсіз наласы
Ғибратты әңгімелер

Мазлұмның үнсіз наласы

22.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00