Сенбі, 27 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр

12.05.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
19
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы және археолог Андрей Астафьевпен бірге Түпқараған ауданындағы Қарақабақ қалашығына барды, деп жазады Egemen.kz.

Алдымен өңір басшысы Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған Қарақабақ қалашығынан табылған тарихи жәдігерлермен танысты. Одан кейін делегация аталған археологиялық нысанға барып, жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысып, алдағы бірлесе атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Мамандардың айтуынша, Қарақабақ қалашығы б.з. I-VI ғасырларына жататын көне сауда және қолөнер орталығы болған. Археологиялық зерттеулер бұл өңір арқылы осыдан 2 000 жыл бұрын халықаралық сауда қатынастары жүргенін дәлелдеп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, Қарақабақ Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы маңызды теңіз-құрлық сауда торабы ретінде Каспий маңы мемлекеттерінің саяси, экономикалық және сауда байланыстарында ерекше рөл атқарған.

Қалашықтан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігерлер табылған. Сондай-ақ археологтар көне порт қызметін атқарған аймақтың іздерін, қолөнер өндірісі мен теңіз саудасына қатысты көптеген деректерді анықтаған.

Толеранттылық – гендерлік теңдік үлгісі

Толеранттылық – гендерлік теңдік үлгісі

26.06.2026

Қайырымдылық қасиетінің маңызы

26.06.2026

лл

Өңір басшысы Қарақабақтың тарихи маңызына тоқталып, бұл жаңалықтар Маңғыстаудың көне өркениеттер мен халықаралық сауда қатынастарындағы орнын айқындай түсетінін атап өтті.

«Біз қазір Қарақабақ деген жерде тұрмыз. Ғалымдардың пайымдауынша бұл қала ІІ ғасырдағы Рим ғалымы Клавдий Птолемей жасаған Каспий теңізінің шығыс жағалауының картасында Аспабота деген қала-мемлекет ретінде көрсетілген. Бұнда жер астында көне қаланың орны жатқаны анықталып отыр. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл өз дәуірінің ірі логистикалық хабы болған деуге болады. Бұл деректер ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып, мал шаруашылығымен ғана айналысты деген түсінікті жоққа шығарады. Керісінше, мұнда үлкен сауда айналымы жүргенін, өркениет болғанын дәлелдейді», деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сондай-ақ мамандар Маңғыстауда археологиялық туризмді дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды. Жоба аясында Қарақабақ аумағында ғылыми-археологиялық база, ашық аспан астындағы музей, туристік инфрақұрылым мен арнайы экскурсиялық бағыттар құру жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытып, туризм саласының дамуына серпін береді деп жоспарланған.

Сапар қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесе отырып, өңірдегі археологиялық зерттеулер мен тарихи мұра нысандарын дамыту жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Таңбалар: Қарақабақ қалашығыМаңғыстау облысыНұрдәулет Қилыбай
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қарақабақ құпиясы: Маңғыстаудан көне халықаралық сауда орталығының іздері табылды
Жаңалықтар

Қарақабақ құпиясы: Маңғыстаудан көне халықаралық сауда орталығының іздері табылды

15.06.2026
Маңғыстаудың халал кәсіпорындары тексерілді
Жаңалықтар

Маңғыстаудың халал кәсіпорындары тексерілді

04.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құрбан айт қандай мейрам?

Құрбан айт қашан басталады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Достоинства поста в день Ашура

    Ашура күнінің артықшылығы неде?

    3.5k
  • Қайролла КӨШҚАЛИ: Діни әдебиеттерді тарату заңмен реттелген

    52
  • Құранның шапағаты (болған оқиға)

    25
  • Батыржан Мансұров имамдармен кездесті

    17
  • Бір тіліктің жеңісі немесе нандағы таухид

    16

Соңғы жарияланымдар

Толеранттылық – гендерлік теңдік үлгісі
Видео

Толеранттылық – гендерлік теңдік үлгісі

26.06.2026
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Сұрақ-жауап

Нәпіл намаздардың пайдасы бар ма?

26.06.2026
Ислам

Қайырымдылық қасиетінің маңызы

26.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00