Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қарақабақ құпиясы: Маңғыстаудан көне халықаралық сауда орталығының іздері табылды

15.06.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауындағы Түпқараған ауданында орналасқан бірегей археологиялық ескерткіш — Қарақабақ қалашығында кешенді ғылыми зерттеулер жалғасып жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көпжылдық археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері қазіргі Қазақстан аумағының ежелгі халықаралық сауда байланыстары жүйесіндегі рөліне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Біздің заманымыздың I–VI ғасырларына жататын Қарақабақ қалашығы 2006 жылы Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы жүзеге асырған Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштер жинағын әзірлеу жобасы аясында анықталды.

2022 жылдан бастап Қарақабақ қалашығын зерттеу жұмыстары мен оларды қаржыландыруды Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде аталған ескерткіш бойынша 24 ғылыми еңбек жарық көрді. Оның ішінде Археология институтының жобалары аясында үш монография мен Scopus дерекқорында индекстелетін тоғыз ғылыми мақала жарияланған.

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026
Әлия Молдағұлованың туғанына – 101 жыл

Әлия Молдағұлованың туғанына – 101 жыл

15.06.2026

Маңғыстау облысының туристік әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру аясында ғалымдар мен археологтер Қарақабақ қалашығына барып, далалық зерттеу жұмыстарымен танысты. Іссапар барысында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелері, ескерткішті одан әрі зерделеу перспективалары және оны өңірдің туристік бағыттарына енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Археологтердің мәліметінше, Қарақабақ бірнеше ғасыр бойы өмір сүрген ірі өндірістік-қолөнер және сауда орталығы болған. Зерттеулер мұнда металлургияның, зергерлік өнердің, шыны өндірісінің және қыш бұйымдарын жасаудың жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Қалашық аумағынан жергілікті жерде өндірілген көптеген бұйыммен қатар Еуразияның түрлі өңірлерінен жеткізілген импорттық материалдар да табылған.

 — Ғылыми тұрғыдан ерекше қызығушылық тудыратын олжалардың бірі — біздің заманымыздың I ғасырынан VI ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезеңге жататын 150-ден астам тиыннан тұратын коллекция. Олардың қатарында Парфияның, Ежелгі Хорезмнің, Бұхара Соғдысының, Сасанидтік Иранның, Кушан-Сасанид мемлекетінің, Византия империясының және Қытайдың теңгелері бар. Бұл олжалар Қарақабақтың өз дәуіріндегі халықаралық сауда-экономикалық байланыстарға белсенді қатысқанын дәлелдейді, — деді археолог Андрей Астафьев.

Археологиялық материалдардың жиынтығы Қарақабақты ауқымды өңіраралық айырбас үдерістерімен тығыз байланысты болған ежелгі дәуірдің маңызды сауда-көлік торабы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Зерттеушілердің пікірінше, Маңғыстау арқылы Орталық Азияны, Каспий маңы өңірін және Шығыс Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен болуы мүмкін.

Бұған қоса, бұрын ғылыми айналымда белгісіз болған Азов-Каспий сауда дәлізінің болғанын дәлелдейтін деректер ерекше назар аудартады. Бұл дәлізде Қарақабақ негізгі орталықтардың бірі қызметін атқарған. Табылған материалдар Солтүстік Кавказ, Азов маңы, Төменгі және Орта Еділ бойы, Оңтүстік Орал өңірі, сондай-ақ Орта Азия мен Таяу Шығыс мемлекеттерімен тығыз байланыс болғанын көрсетеді.

— Қарақабақ Маңғыстау тарихы мен Қазақстанның ежелгі халықаралық коммуникациялар жүйесіндегі орнын жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Археологиялық олжалар бұл өңірдің ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты жалғаған сауда жолдарының маңызды буыны болғанын дәлелдейді. Ескерткішті одан әрі зерттеу Ұлы Жібек жолының дамуы туралы жаңа мәліметтер алуға және қазіргі Қазақстан аумағында жүрген тарихи үдерістерді ғылыми тұрғыдан тереңірек түсінуге жол ашады, — деді археолог Андрей Астафьев.

Соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері халықаралық сауда және мәдени байланыстардың дамуындағы Маңғыстаудың тарихи рөлі туралы түсінікті едәуір кеңейтті. Археологиялық жаңалықтар өңірдің екі мың жылға жуық уақыт бойы Қытай, Үндістан, Рим, кейінірек Византия империялары арасындағы өзара ықпалдастықтың маңызды қатысушысы болғанын айғақтайды.

Жуырда Қарақабақ қалашығы аумағынан құнды тарихи жәдігер — көне құмыра табылғанын да атап өткен жөн. Ғалымдардың алдын ала бағалауынша, бұл олжа біздің заманымыздың VI ғасырына жатады. Мамандардың айтуынша, артефактіні жан-жақты зерттеу ежелгі қалашық тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, дәстүрлері мен қолөнерінің даму деңгейі туралы тың мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Ғалымдар сондай-ақ Қарақабақ қалашығының ежелгі грек географы Клавдий Птолемейдің картасында көрсетілген, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Аспабота қаласымен байланысы болуы мүмкін деген ғылыми болжамды қарастырып жатыр.

Зерттеушілердің пікірінше, соңғы он жыл ішінде Маңғыстау аумағында жасалған жаңалықтардың халықаралық ғылыми маңызы зор. Олар Қазақстанның ежелгі құрлықаралық коммуникациялар жүйесіндегі орнын жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын зерделеуге елеулі үлес қосып, еліміздің халықаралық ғылыми қауымдастықтағы беделін нығайтуға ықпал етеді.

https://kaz.inform.kz/news/karakabak-kupiyasi-mangistaudan-kone-halikaralik-sauda-ortaliginin-zder-tabildi-86f3bbc2

Таңбалар: көне қалашыққарақабақМаңғыстау облысы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр
Жаңалықтар

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар қала зерттеліп жатыр

12.05.2026
Абай облысынан қола дәуірінің бірегей өндірістік қалашығы табылды
Жаңалықтар

Абай облысынан қола дәуірінің бірегей өндірістік қалашығы табылды

22.11.2025
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    57
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Қарақабақ құпиясы: Маңғыстаудан көне халықаралық сауда орталығының іздері табылды
Жаңалықтар

Қарақабақ құпиясы: Маңғыстаудан көне халықаралық сауда орталығының іздері табылды

15.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді
Қоғам

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026
Әлия Молдағұлованың туғанына – 101 жыл
Жаңалықтар

Әлия Молдағұлованың туғанына – 101 жыл

15.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00