Сенбі, 18 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
41
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елінің көк паспортын иеленген әрбір отандасымыз әлемнің қай түкпірінде жүрсе де мемлекеттің қорғауы мен қамқорлығында болатынын жиі айтып жүр. Күні кеше мәслихат депутаттарының ІІІ форумында да Таяу Шығыстағы шиеленісті ахуалға тоқтала келе, еліміз қақтығыс аймағында жүрген азаматтарын далада қалдырмай, туған жерге әкеліп жатқанын атап өтті.

«Азаматтарымызды қиын жағ­дайда қалдырмаймыз». Бұл – жай ғана ұран немесе популизм емес, мем­лекеттік саясатымыздың бұл­жымас қағидаты», деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Президент айтқандай, шын мәнін­де Қазақстан өз азаматтарын ешуақытта тағдыр тәлкегіне қал­дырған емес. Пандемия кезінде де, өз елімізде су тасқыны, өрт, басқа да төтенше жағдайлар туындаған шақта да мемлекет қиындыққа душар болған тұрғындарға жан-жақты қол ұшын созғаны мәлім.

Ал шет аймақтарда жәр­демге мұқтаж болған адамдар­ға жасалған қамқорлықтың жарқын мысалдарын сонау тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан да келтіруге болады. Мәселен, 90-жылдардың басында Тәжікстанда азамат соғысы басталғанда сол жақтағы қазақтарды ұшақпен алғаш болып алып шыққан да біздің еліміз еді. Одан бергі тарихқа көз жүгіртсек, ең бірінші болып ойға оралатын оқиға – «Жусан» гуманитарлық опера­циясы. Радикалды діни идеоло­гия­ның ықпалына ерген жүздеген отан­дасымыз «халифат орнатамыз» деген алдап-арбауға сеніп, туған жерін тастап, жыраққа кеткені белгі­лі. Көпшілігі отбасымен, бала-шаға­сы­мен бірге шекара асып, оқ пен от­тың ортасында өмір сүріп жатқан еді.

Дінтанушы: Мемлекеттік тіл курстарын аштық

Дінтанушы: Мемлекеттік тіл курстарын аштық

17.04.2026
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

17.04.2026

Дегенмен сол жолы да мем­ле­кетіміз жат жерден жұ­мақ іздеп, адас­қандарды көз­­ден таса қыл­май, далаға тас­тамай, бірнеше кезең­нен тұра­тын «Жусан» операция­сын ұйым­дастырып, 500-ден ас­там отандасымызды туған жерге алдырды. Неге? Өйт­кені олар да қастерлі көк пас­порт­тың иегерлері. Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, пас­пор­­тымыздың қуаты мемле­кеті­міздің ықпалынан, халқы­мыз­дың жасампаз рухынан, за­ман­ның озық идеяларын игере алатын қабілетімізден көрінеді.

Ал  бұл жолы мемлекеті­міз Таяу Шығыстағы шынайы соғыс жағ­дайында тұрған елдерден  Қазақстан азамат­тары­н қосымша арнайы ұшақ жіберіп, эвакуациялауды өз жауап­кершілігіне алды. Сырт­қы істер ми­нистрлігінің 10 нау­рыздағы мәліметінше 8 585 отандасымыз елге оралған. Оның 66-сы Ираннан.

«Аймақтағы ахуалға байла­ныс­­ты азаматтарды әуе және құрлық арқылы эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері Израильден – 78, Қатардан – 350, Біріккен Араб Әмірліктерінен – 550, Сауд Арабиясынан – 300 адамды қайтару жоспарда бар», деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметі.

Қазір әлемде өзінің елі мен жері, паспорты жоқ отансыз халықтар аз емес. Отаны болса да, соғыс пен өзге де күрделі жағдайдың салдарынан туған жерінен безген босқындар қаншама? Осындайда «Қазақстан» атты киелі шаңырағымыздың, ұланғайыр жеріміздің, осы елдің төл перзенті екеніңді білдіретін көк паспортыңның барына шүкір ету керек. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын!» дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Көк туы мен көк паспортын қасық қаны қалғанша қорғайтын отаншыл азаматтарымыз барда, Қазақ елінің іргесі берік, шаңырағы биік бола берері сөзсіз!

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: "Жусан" операциясыкөк паспортТаяу Шығыс
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Таяу Шығыстан қанша отандасымыз оралды?
Жаңалықтар

Таяу Шығыстан қанша отандасымыз оралды?

08.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122730 бөлісті
    Бөлісу 49092 Твитерге 30683
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    531 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    454 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114

Соңғы жарияланымдар

Дінтанушы: Мемлекеттік тіл курстарын аштық
Видео

Дінтанушы: Мемлекеттік тіл курстарын аштық

17.04.2026
Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру
Жаңалықтар

Тарихи ескерткіштер қорғауға зәру

17.04.2026
Ақтөбе: «Бата беріп үйрену» үйірмесі ашылды
Жаңалықтар

Ақтөбе: «Бата беріп үйрену» үйірмесі ашылды

17.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00