Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

22.10.2025
- Қоғам
0
58
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ ұғымында отбасы – ұлттың ұясы, қоғамның рухани іргетасы. Сол іргетастың берік болуы – елдің ертеңіне кепіл. Сондықтан мемлекет деңгейінде отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайту ісі әрдайым басты назарда.

Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағыттағы саясаттың жетекші тірегіне айналып отыр. Ведомствоның бастамасымен қоғамдағы моральдық және отбасы құндылықтарын орнықтыру, отбасылық тәрбие мен ата-ана жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

2020 жылы елімізде алғаш рет «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты Ұлттық есеп жарық көрді. Бұл еңбек – қазақстандық отбасының шынайы келбетін көрсеткен тұңғыш талдамалық құжат. Онда отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу көрсеткіші мен ажырасу себептері, сондай-ақ демографиялық үрдістер жан-жақты сараланды.

Ал 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодекс отбасын қорғау ісінде жаңа кезең ашты. Онда көпбалалы және табысы төмен отбасыларды қолдау шаралары бекітіліп, ана мен баланың құқығын қорғауға ерекше мән берілді.

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Ел өміріндегі тағы бір маңызды бетбұрыс – әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістердің енгізілуі. Соның арқасында тұрмыстық зорлық-зомбылық енді қылмыстық жауапкершілікке жатқызылды, ал балаларға қатысты кез келген күш көрсету түріне қатаң жаза белгіленді.

Отбасы институтын жүйелі түрде дамыту мақсатында Отбасын қолдау орталықтарының қызметі жаңа үлгіде қайта құрылды. Орталықтардың саны 33-тен 131-ге дейін көбейіп, олардың жұмысы бірыңғай стандартқа сай жүйелендірілді. Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, бұл орталықтарда көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді толық цифрландыруға кіріскен.

2025–2027 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары да бекітілді. Онда некеге дейінгі дайындық мәдениетін көтеру, отбасылық жауапкершілікті күшейту және ажырасудың алдын алу тетіктері қамтылған.

Статистика да оң үрдісті айғақтайды: соңғы бес жылда елімізде ажырасу саны 16 пайызға азайған. Егер 2020 жылы 48 мыңнан астам жұп ажырасса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40 мыңның шамасында болды. Бұған жаңадан некеге тұратындарға арналған тегін кеңес беру мен оқыту жобаларының да әсері зор. Мұндай жоба Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық түрде сәтті іске асырылды.

Қазір Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасы және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар» атты ірі гранттық жобаны жүзеге асырып жатыр.

Сол бастамалардың бірі – «Ата-аналар академиясы». Бұл жоба аясында ата-аналарға арналған онлайн курстар, психологиялық және тәрбиелік кеңес беру бағдарламалары әзірленуде. Жақын арада іске қосылатын «Ата-ана.kz» онлайн платформасы да осы бағыттағы бірегей құрал болмақ.

Отбасылық бірлікті дәріптеу мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Соңғы 11 жылда бұл жобаға 20 мыңнан астам отбасы қатысып, өз өнегесімен елге үлгі болды.

Сондай-ақ 2023 жылдан бастап елімізде Аналар күні (мамырдың екінші жексенбісі) мен Әкелер күні(маусымның үшінші жексенбісі) ресми мерекелер қатарына енді. Ал қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні – мейірім мен бірліктің мерекесіне айналды.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: ажырасуотбасыүйлену
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасы – ең маңызды құндылық
Видео

Отбасы – ең маңызды құндылық

24.04.2026
Ана – адамның алғашқы ұстазы
Видео

Ана – адамның алғашқы ұстазы

06.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Төрт бағыт бойынша жұмыс есебін тыңдады

Төрт бағыт бойынша жұмыс есебін тыңдады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123460 бөлісті
    Бөлісу 49384 Твитерге 30865
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00