Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Әл-Хабир» медресесі жайлы

02.07.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
608
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары Алматы қаласында 1993 жылы наурыз айында «Әл-Хабир» медресесі ашылды. Оған ауған соғысының ардагері Әли қажы әл-Апшерони деген ислам дінін қабылдаған украин азаматы мұрындық болған еді.

Ол кісі ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық ұйымы жанынан «Әл-Мадина» атты қайырымдылық қорын ашады. Сол қор арқылы және өзінің пәтерін, көлігін сатып медресені ұстайды. Марқұм Әли қажы сол кездері небәрі отыз-ақ жаста екен.

Оңтүстік жақта діни сауаты барлар көпшілік деп, мүфтият арқылы негізінен еліміздің шығысы, батысы, орталығынан балалар жинайды. Сол кезде Шығыстың Тарбағатай ауданынан үш шәкірт болып келген едік. Медресе Алматы қаласында, Абай даңғылы мен Гагарин көшесі қиылысында «Денсаулығы шектеулі балаларға арналған» балабақшадан орын жалдап, орналасты.

Балабақша меңгерушісі Мағауия Хамзиннің қызы Майра Сулеева апай болатын. Ол апай да ақжарқын, мейірімді адам еді.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Медреседе ең үлкені 42-де, ең кішісі 12-де қырық шәкірт дәріс алдық.

Бір қызық жәйт, Әли қажы бізді бір айлық демалысқа жібергенде, барған-қайтқан билетімізді алып не ақшасын беріп, елге ала баратын сыйлыққа да қаражат беретін.

Әли қажы ұстазымыз Түркия елшілігімен келісіп, Құраннан дәріс беруге Мехмедали Сула деген ұстазды алдырды. Ол кісі Түркияда ең алғаш «уағызшы» қызметіне тағайындалған жан екен. Зейнетке шыққанға дейін уағызшы, мүфти болып жұмыс істепті. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлейтін еді. Әли қажыны Хазіреті Әлиге ұқсайды деп айтып жүретін. Сондай байсалды, білімді, ауызы дуалы адам болатын.

Сол кісінің аудармашысы болып жүріп, түрік тілін үйреніп алдым.

Бір жолы ол кісіге: «Сіздің атыңыз мыңдаған жыл елімізде ұмытылмайды. Біз, біздің ұрпақтарымыз Сізге дұға етеді» дегенімде, қатты қуанып еді. Кейін Түркиядағы үйіне де барып, зиярат жасау нәсіп болды. Марқұм өз елінде Трабзон және Измир өлкесінде өте танымал діни тұлға екен.

Сондай-ақ медреседе алматылық, татар ақсақал Хайролла қажы да Құраннан дәріс берді. Әли қажының өзі, досы Ертай қажы Балахметов және белгілі ғалым, Құран аудармашысы Халифа Алтай ақсақал да дәріс оқып тұратын.

Түркиялық қандасымыз Шыңғыс қажы Зуха батыр ұрпағы бізге фиқһтан және тәпсір, хадистен дәріс берді. Соңғы жылы түркиялық Ахмет Йылмаз деген ұстаздан да дәріс алдық.

Медреседе Талғат аға Қадыров балаларға тәрбиеші болса, оның жұбайы Гүлмира Оқасқызы бізге аспаз еді. Баршасына Алла разы болсын!

1994 жылы медреседе бір жарым жыл дәріс алып, емтихан тапсырып, «имам-хатиб» куәлігін алып шықтық. Содан соң мүфтиятта емтихан тапсырып, еліміздің мешіттеріне имамдық қызметке аттандық.

Ол кезде елдің дінге сусаған кезі, қырық бала ақ тақия киіп алып, Алматы көшелерімен жұма намазына бара жатқанда, көпшілік сондай құрметпен қарап, сүйсінетін. Аллаға шүкір, бізге бұлақтың басынан бұлғанбай тұрғанында, су ішу нәсіп болыпты. Кейін, өкінішке қарай, әртүрлі дүдәмал ағымдар көбейіп кетті ғой…

Алла Тағала халқымызды ата-бабамыз ұстаған хақ жолынан адастырмасын деп тілейміз. Медресені бітірген шәкірттер қазір облыс өкіл имамдары, мешіт имамдары, университет, медресе ұстаздары, кәсіпкерлер болып ел игілігіне, дін жолында қызмет атқаруда.

Осының бәрі марқұм Әли қажы әл-Апшерони ұстазымыздың жемісі. Алла ұстазымызға разы болып, рақымына бөлесін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: «Әл-Хабир» медресесіӘли қажы әл-АпшерониҚуат Қабдолда
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Нұр Мүбарак» университетінің алғашқы қарлығаштары
Ислам

«Нұр Мүбарак» университетінің алғашқы қарлығаштары

07.07.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған
Ғибратты әңгімелер

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Енді ешкім Жұмбақтасқа шыға алмайды

Енді ешкім Жұмбақтасқа шыға алмайды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00