Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: Елтаңбаларды зерттеу шынайы тарихқа жол ашады

04.06.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
14
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

1992 жылдың 4 маусымы – тәуелсіз мемлекетіміздің тарихнамасындағы ерекше мәртебелі күн. Өйткені бұл күні елдігіміздің белгісі, егемендігіміздің нышаны саналатын мемлекеттік рәміздер – Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз дүниеге келді. Осы орайда біз геральдика саласының маманы, зерттеуші Айдын Рысбекұлымен сұхбаттасып, «рәміз» ұғымының қайдан пайда болғаны, оның ел өміріндегі орны мен маңызы жайында әңгімелескен едік.

– Ең алдымен «рәміз» термині туралы маман пікірін білсек. Оған қандай анықтама берер едіңіз?

– Адам өмірінің барлық саласы сансыз рәмізге (грек. symbolon) толы. Ертеде рәміз «жеке куәлік» орнына жүрген. Ол – адам танымынан тыс дүниелер мен дерексіз ұғымдарды таңбалық формада бейнелеп, көрнекті модель арқылы көрсететін танымдық белгі. Рәміз – шартты мағынаға бай, нақты мәнге ие ұғымның көркем (заттық) бейнесі, астарлы образы, арнайы түрі, сыртқы болмысы. Ол геральдикалық теория тұрғысынан екі бағытта танылады: бірінші – көрнекті-экспессивті; екінші – бейнелі-объективті. Әр рәміз – ақпарат қазынасы, ал әр ақпарат таңбадан тұрады. Таңба деген – белгілі бір ақпаратты жеткізетін әлеуметтік-мәдени белгі, форма мен мазмұнның бірлігін білдіретін бейнелі мағынасы бар сурет.

Таңбаның семантикалық жүктемелері ақпараттық, коммуникативті және консервативті болып үшке бөлінеді. «Таңба» атауынан «қолтаңба», «ентаңба», «мөртаңба», «төлтаңба», «елтаңба» категориялары қалыптасқан. Алайда олар бір-бірімен тепе-тең ұғымдар емес, геральдикалық мағыналары әртүрлі…

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025

– Рәміз – танымдық белгі болса, таңба не үшін қолданылады?

– Таңба – жекеменшік құқық құралы. Энеолит дәуірінде адамдар малына таңба басу арқылы жануардың иесі кім екенін білдірген. Уақыт өте келе таңбалар әрбір ру мен тайпаның елдік сипатын білдіретін елтаңбаларға айналды. Қазіргі кезде әр мемлекетте елтаңба бар. Өткен дәуірлердегі елтаңбалар ру мен тайпаның шығу тегін ұмытпас үшін қолданылған. Яғни бір ру, не бір тайпа ел белгілі бір елтаңбаны мыңдаған жыл бойы бекерден-бекер сақтамағаны анық. Осы орайда ру-тайпалардың елтаңбаларын толықтай зерттесек, қазақтың шынайы тарихын білуге даңғыл жол ашылады.

– Қазақ тарихынан бір мысал келтіре аласыз ба?

– Айталық, ашамай таңбасы. Қос қанатын жайып, жан-жағын төрт көзімін түгендеп тұрған екі басты самұрық құс бейнесі – әлемдегі ең көне және ең көп танылған свастика (күн құсы) рәмізі. Мағынасы – оттың, судың, ауаның және жердің бірлігі. «Екі басты самұрық» бейнеленген рәміз бір-бір қанатпен жаралған екі құстың бірігіп ұядан ұшқаны туралы аңызға негізделген. Ол ынтымақты білдіреді.

Екі басты самұрық – б.з.д. XVIII-XII ғасырларда Хет империясының, X-XI ғасырларда Бұлғар патшалығының, XI-XII ғасырларда Селжұқ сұлтандығының, XIII-XIV ғасырларда Алтын Орданың мемлекеттік рәмізі болған. Кейіннен византиялықтар, ресейліктер, гитлершілер «екі басты самұрық» рәмізін біржола иемденіп, тек атауын ғана «екі басты бүркіт» деп өзгерте салса, христиандар қорған есебінде дінге белгі қылып, оны «крест» деп атап алды. Алайда христиандардың «крест» (свастика, аджи, айшық, айқас, қас) дегені – қазақтың кете, керей, сарыүйсін, төртқара, тілеу тайпаларының «ашамай» таңбасы. Бұл таңба киіз үй шаңырағында және қошқар мүйіз оюында тұр. Ол мәңгілік қозғалысты, шексіздікті меңзейді.

– «Тамғашы» термині жөнінде не айтасыз?  

– «Тамғашының» түбірі – тамға, яғни кодталған графикалық ақпарат. Онда көне түріктердің философиясы жатыр. Тамғаны әзербайжандар «дамға», кабардиндер «дамыгъе», адыгейлер «тамыгъа», абаздар «дамыгъа», абхаздар «адамыг» дейді. Тамғадан тамғашы, таңбашы, тамгачы, тавгашы, табгачы, табғаш, тамғашхан сөздері шыққан.

Мұндағы табғаш – Түрік кезеңіндегі Таң империясының халқы (қазіргі қытайлар); тамғашхан (хандардың ханы) – Қарахан билеушілерінің лауазымы; тамғашы – Шыңғыс хан және Алтын Орда кезеңіндегі мөртаңба сақтаушы әрі іс жүргізуші ұлық. Бұрын бір елдің қағаны қайтыс болса, онымен мүдделес (одақтас) елдің қағаны қазаға көңіл айту үшін, тамғашыны (мемлекеттік хатшы) немесе йабғуды (вице-премьер) жіберетін. Қазір «көңіл айту» жеделхатын жолдайды. «Күлтегін» жырында «…Түргiс қағаннан Мақраш тамғашы, Оғыз елiнен Бiлге тамғашы аңырап келді», деген жолдар бар.

– Елтаңба түсінікті, төлтаңба жайында ғылыми негіздеме жасағаныңыздан хабардармыз. Таңба мен рәміздің де айырмашылығын ашып бердіңіз. Енді мөртаңбаға аз-кем тоқталсаңыз.

– Оны көпшілік «мөр» дейді, дұрысы – мөртаңба. Мөртаңба деген – сыртқы және ішкі билікте дербестікті куәландыратын заңдық күші бар ресми құжат. Ертеректе мөртаңба «сенім грамотасы» қызметін атқарған. Мөртаңбаны иелену – оның иесінің қоғамда беделді тұлға екенін білдірген. Қағандар мен бектердің, хан-сұлтандардың мөрлері тамшы тәріздес алтыннан не күмістен соғылып, жүзік күйінде бас бармаққа шақталса, билердің, батырлардың мөрлері доғал не жұмыр қалқан пішінде күмістен жасалатын. Мөртаңбаның жоғарғы бөлігіне иесінің атағы жазылса, төменгі бөлігіне өз есімі мен әкесінің есімі қоса жазылатын.

Айталық, Алтын Ордада – босаға таңбасы (босаға – есік жақтауының бүйір бағанасы), Қазақ хандығы мен Қырымдағы Гирей әулетінде – тарақ таңбасы (тарақ – іс жүзінде босағаны еселеген таңба) мөртаңба ретінде қолданылды. Тарақ таңба кейіннен Қырым татарларының ұлт-азаттық көтерілісінің рәмізі болды.

– Сіздің зерттеулеріңіз халқымыздың көне тарихымен тығыз байланысты. Осы орайда тілде этимологияға сұранып тұрған ақпараттар өте мол, алайда кейбір сөздер қате айтылып, жазылып жүр деген екенсіз. 

– Иә, соның бірі – әлемдік ғылымда жойдасыз өзгеріске ұшыраған «сақ» сөзі. Оның дұрыс нұсқасы – «сақа». Оғыздар (уыз) «ішкі оғыз» (ішкі уыз) және «сыртқы оғыз» (сыртқы уыз) болып, екіге бөлінеді. Ішкі оғыз дегендегі «ишке» сөзін Геродот «скиф» /скейтес/скейтай/ десе, аккадтықтар «ашгуза», еврейлер «шкуз» /скуз/ деп жазған. Ал біздің еуроцентристік көңіл күйдегі ғалымдар «скиф» сөзіндегі «ск» атауын «сақ» деп қате оқып, тарихқа солай кіргізіп жіберді.

Ішкі оғызда «сақ» деген ру жоқ, тек «сағай» руы бар. Гректер «сакай» деп дыбыстаған. Сағайлар – бүгінгі саха ұлты. «Сақа» десек, біздің ұлттық санамызда, дүниетанымымызда, тарихи жадымызда сақталған, тұрмыс-салтымыздан, әдет-ғұрпымыздан, ырым-тыйымымыздан, наным-сенімімізден ойып орын алған, ауызекі әңгімемізде жиі қолданылатын сөздер ойымызға оралады. Қазақта сақа, сақай, сақтық, сақта, сақтан, саққұлақ, сақпан, сақи, саға, сақыман, сақал, сақан, сақай, сақып, сақтиян, сақар, сеңгір, т.б. сөздер, сақа жігіт, сақа сарбаз, сақа айғыр, сақа құдық, сақ-сақ күлу, сақ бол, т.б. сөз тіркестері, «сақадай сай», «тәжірибелі сақа жауынгер», «тісқаққан сақа жігіттер», «үйірін қасқырға алдырмайтын сақа айғыр», т.б. теңеулер, «қой асығы деме, қолыңа жақса сақа тұт», т.б. мақал-мәтелдер жетерлік.

Сақа – көргені-түйгені көп, тәжірибесі мол, әбден ысылған, дайындығы мықты, тісқаққан, сергек, қырағы, озық ойлы, ақылды, өнерлі, сенімді, сайлы, сыйлы, елағасы, игі-жақсысы деген мағына беретін, сонымен қатар жақсы ой тудырып, жағымды түсінік қалыптастыратын және ауыз толтырып, сүйсініп айтатын жігерлі сөз.

Осыдан 2700 жыл бұрын грек ойшылдары да «сақ» емес, «сақа» деп жазған (Көне грек сөздігінде – сақа). «Сақа» сөзінің «сақ» болып өзгергені секілді «папа», «поп» сөздері – «баба», «баб» /бапы/бабай/бопай/папай/папа/поп/ сөздерінің өзгеріске ұшыраған түрі. Геродот скиф құдайларының көсемі – «папай», ал оның әйелінің есімі – «апи» (апа) дейді. Грек аңыздарындағы «папай» қазақ ертегілеріндегі «Бапы хан» болуы ықтимал…

– Былтыр Түркия билігі мектеп оқулықтарындағы «Орта Азия» терминін «Түрікстан» деп өзгертті. Сөз соңында осыған қатысты пікіріңізді білдіре кетсеңіз.

– Орта Азия − ХІХ ғасырда пайда болған сөз тіркесі. Тұтас аймақтың тарихи атауы − Түрікстан! Алаш арыстары Мағжан Жұмабайұлы мен Мұстафа Шоқай «Түрікстан» деп атаған. Бұл өлке – түрік тарихының бастау бұлағы. Сондықтан Түркияның бұл шешімін дұрыс деп санаймын. Ол тарихи әділдік орнауы үшін керек. Біз де бағзыдан бері «түбіміз – түрік» дейміз. Ендеше Түрік қағанаттары туралы кино неге түсірмейміз? Күлтегінді қашан жарыққа шығарамыз? Қазіргі таңда қазаққа ауадай қажет тақырып осы.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен – Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Айдын Рысбекұлырәміздеррәміздер күні
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Рәміздер – рух беретін күш
Видео

Рәміздер – рух беретін күш

04.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрбандық малының етінен қасапшының ақысы деп беруге бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81017 бөлісті
    Бөлісу 32407 Твитерге 20254
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    22 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2539 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Сұрақ-жауап

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025
Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды
Жаңалықтар

Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00