Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
35
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жыл өткен сайын сұрапыл соғыста елі мен жерін қорғаған майдангерлер қатары біртіндеп селдіреп бара жатыр. Жеңістің 70 жылдығын елімізде 5 мыңдай соғыс ардагері қарсы алған болса, биылғы 8 мамырдағы дерек бойынша солардан 105 майдангер ғана қалыпты. Бұл мақалада біз Жеңістің 80 жылдығын көру нәсіп болған бірқатар ардагерімізге арнайы тоқталғанды жөн көрдік.

Кавказды қорғаған мерген

Жақында майдангер Тәңір­бер­­ген Толғанбаев 102 жасқа толды. Же­ңіс күні қарсаңында оны Ал­маты облысы Іле ауданының және Алатау қаласының қорғаныс іс­тері жөніндегі біріккен бөлімінің әс­кери қызметшілері, әскери-пат­риот­­тық клубтардың тәрбие­лену­шілері арнайы құттықтап қайтты.

ап

Семья – фундамент личности

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025

Т.Толғанбаев 1923 жылы 1 ма­мырда Талдықорған облы­сы, Ақсу ауданы, Киров ұжым­ша­рында дүниеге келген. 1942 жылдың мамыр айында 19 жас­тағы жігіт Ақсу аудандық әске­ри комитеті арқылы кеңес әскерінің қатарына шақырылады.

– 1942 жылы бізді Лепсіге жинады, – деп еске алады ардагер. – Пойызға қайтсең де кешікпеу керек, үлгеру үшін түні бойы түйемен жүріп отырдық. Пойыз қозғалған кезде анам артымыздан ілесе жылап жүгірді.

Майдангер әскердегі қызмет жолын Кавказдағы шекара әске­рінде бастайды. Оқу-жаттығу орта­­лығында жас жауынгерді мер­­гендікке баулыған. Алда Ста­линград майданындағы қанды шайқас күтіп тұрған еді. Кавказ­дағы даярлық ол үшін ерік-жігері қайралып, жауынгерлік машығы шыңдалған нағыз өмір мектебіне айналды.

Соғыстан кейін көпұлтты құрамның қатарында Еревандағы шекара жасағында қызмет етіп, сонда жүріп орыс тілін үйренген. 1949 жылы елге оралған соң, алдымен сот хатшысы, кейін кіші лейтенант шенімен жедел уәкіл қызметтерін атқарады. Сталинабад милиция мектебін, кейін Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген.

Мансап жолында он жыл Алматы облысының Жамбыл аудан­дық ІІБ басқарды. 1976 жыл­дан бастап Іле ауданының прокура­турасында жұмыс істеп, азаматтардың құқықтарын заң жүзінде әрі әділ қорғаушы ретін­де құрметке ие болды. Кейін­гі жылдары Боралдай қант зауытын­да заң кеңесшісі болып еңбек етті.

Ерлігі мен мінсіз қызметі үшін майдангер «Кавказды қорғағаны үшін», «Жуков» медальдарымен, басқа да мерейтойлық награда­лар­мен марапатталған. Іле ауда­нының құрметті азаматы.

Ұзақ жыл ұстаздық еткен жұбайы Дәмелі Әлпейісова екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 12 немере, 16 шөбересі және бір шөпшек сүйіп отыр.

Жеңісті Вислада қарсы алған

Николай Семенович Кури­ленко – бүгінде Қарағанды облы­сының Теміртау қаласында тұ­ратын жалғыз соғыс ардагері. Брянск облысының тумасы таяу күндері 98 жасқа толғанда 55524 әскери бөлімі қызметкерлері оған арнайы барып, құттықтады.

п

Майдангер 1944 жылы 17 жасында кеңес әскерінің қатарына шақырылыпты. Балтық жаға­лауындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің зениттік артиллериясында қызмет етеді. Соғыс аяқталар тұста олардың бөлімшесі Польшаға жіберілген. Сол елде Висла өзеніндегі бом­балаудан кейін қалпына кел­тірілген теміржол көпірін қор­ғайды. Осы көпір күзетінде тұрып Жеңісті қарсы алған ол 1951 жылға дейін әскерде қызмет еткен.

Н.Куриленко І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», т.б. медальдарьмен марапатталған.

1958 жылы әйелі Мария Федоровнамен бірге комсомол­дық жолдамамен Теміртаудағы Маг­нитканы салуға келген. Екеуі бес бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 10 немере, 13 шөбере және 3 шөпшек сүйіп отырған бақытты қария.

Маньчжурия мен Кореяны азат етті

Жеңістің 80 жылдығын қар­­сы алу бақыты бұйырған май­­­дан­­гер­дің бірі – Рахымжан Са­тыбал­дыұлы Мамралиев. Ол Ма­ньч­журия мен Кореяны азат етуге қатысқан.

18 жасында майданға алынған жауынгердің тағдыры Мәскеу мен Сталинград түбіндегі қиян-кескі шайқаста өмір мен өлім арасында арпалысқан өзге қазақ сарбаздарынан өзгеше болды. Өйткені ол 1943 жылы Қиыр Шығысқа аттанды. Ол жақта жапон армиясымен ымырасыз шайқас күтіп тұрған еді.

а

Артиллериялық взводты бас­қарған аға сержант Р.Мамралиев Приморск, Ворошилов, Маньч­журия және Корей түбегінің маңызды қала­ларын азат етуге тікелей қатысты. Қызыл Армия 1945 жылдың тамызында Жапо­нияның Квантун армиясына ауыр соққы беріп, ойсырата жеңді. 1951 жылы, яғни соғыс аяқ­талғаннан кейін алты жыл өткен соң ғана әскерден босап, туған жері Жамбыл облы­сына оралды.

Биыл 27 қаңтарда Р.Мам­ра­лиев мерейлі 100 жасқа толды. Ға­сыр жасаған майдангер отбасының ортасында ғұмыр кешіп жатыр. Ол – жай ғана ардагер емес, ұрпақтары мақтан тұтатын рух күші мен табандылықтың үлгісі.

«Ұзақ жасайды екенсің, балам…»

28 сәуірде майдангер, от­с­тав­­кадағы полковник Николай Александрович Таратунин 102 жасқа келді. Оны Алматы қала­сы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Түрксіб аудан­дық басқармасының, ҰҚК Шека­ра қызметі департаментінің өкіл­дері, әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілері туған күнімен құттықтап қайтты.

ап

Н.Таратунин 1923 жылы Ярославль облысының Почин­ки ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың қарашасында екі үлкен ағасының жолын қуып, өз еркімен майданға аттанады. Айрықша қабілетінің арқасында оны барлау қызметіне қабылдапты.

Бірнеше рет жау тылында тапсыр­маларды орындап, құнды мә­ліметтер жеткізді. Жау офи­цер­лерін де тұтқынға түсірген. Осындай рейдтің бірінде ба­тыл барлаушы жан-жақтан оқ жауып жатқанына қарамастан, фашистердің азық-түлік тиелген жүк көлігін бөлімге жеткізеді.

Соғыста бірнеше рет жарақат алған. Әсіресе 1943 жылы Дон өзені үшін шайқаста ауыр жарақат алып, жанындағы жолдастары оны қаза тапты деп ойлайды. Түнімен дымқыл жертөледе жатып, таңертең жерлейін деп жатқанда жауынгер көзін ашады. Мұны көрген дәрігер: «Ұзақ жа­сай­ды екенсің, балам! Мен сені емдеп, аяққа тұрғызамын», депті.

Соғыстан кейін Н.Таратунин Алматыдағы жаяу әскер учили­щесін бітіріп, шекара әскерінде қызметін жалғастырды. Түркия, Иран, Қытай және Жапониямен арадағы шекарада қызмет етті.

Ғасырдан аса жасаған май­дан­гер – І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» және «Құрмет» ор­дендерінің иегері. Бүгінде ұлы­мен бірге тұрады. 3 немересі мен шөбересі бар.

Сайыпқыран сапер

Жеңістің 80 жылдығына аман жеткен майдангерлер тура­лы мақаламызда астана­лық Вла­димир Иванович Дрово­се­ков­ты да атап кетуді жөн деп таптық. Өкінішке қарай, ол Жеңіс күніне тоғыз-ақ күн қалғанда, сәуірдің 30-ында 99 жасында бақиға озды.

влад

В.Дровосеков 1926 жылы Сол­түстік Қазақстан облысының Бал­кашино ауылында дүниеге кел­ген. Ақмоладағы фабрика-зауыт училищесін бітірген соң, те­мір ұстаның ұлы №317 әскери зауыт­­та токарь болып жұмыс іс­теді.

1944 жылы соғысқа аттанып, 3-Беларусь майданында шай­қасты. Қатардағы жауын­гер сапер бөлімшесінде «Пальма» атты мина іздеуші овчарка итпен бірге қызмет етті. Соғыстың соңында итті қауіпті миссия саналатын танк­терді жоюға арнайы да­йындап, тапсырмалардың бірін орындау кезінде Владимир Иванович адал досынан айырылды.

Ол Еуропадан Қиыр Шығысқа дейін барып, Сахалин мен Курил аралдарындағы теңіз катерлерінде қызмет етті. Үйіне 1952 жылы ғана оралып, Ақмоладағы арнайы комендатурада, кейін вагон жөндеу зауытында механик болып жұмыс істеді.

Қатардағы жауынгер В.Дро­восеков әскери жолында II дәрежелі «Отан соғысы» орде­німен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ардагерлербасты тақырыпЖеңістің 80 жылдығы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Можно ли совершить хадж без визы?
Жаңалықтар

ҚМДБ: Жалған қажылық жасағандарға айыппұл салынады

13.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75284 бөлісті
    Бөлісу 30114 Твитерге 18821
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?
Сұрақ-жауап

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00