Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Немістер Қошқарбаевты неге білмейді?

09.05.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
53
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Осыдан біраз уақыт бұрын жас неміс қаламгері Артур Вай­гандпен сөйле­сіп отыр­ға­нымда, оның Рақымжан Қошқарбаев туралы ізденіп жүргенін білдім. Тарихты жақсы білетін әріп­те­сімізге сол сәтте қолқа салып, қазақтың батыр ұлы ту­­ралы зерттеуін негіз етіп, өз көз­қарасын жазып беруін өтіндім.

Араға бірнеше күн салып, ол өтінішімді орындады. Поштама сонау Прагадан келіп түскен хатты қаз-қалпында аударып, оқырманға ұсынып отырмын. «Германияда неліктен Рақымжан Қошқарбаевты ешкім біл­мей­ді?» деген тақырыптағы жазбаның ұзын-ырғасы мынадай:

«Бір жыл бұрын Алматының шет жағындағы дәмханада отырғанымда, бір қарт кісі маған «Рақымжан Қош­қар­баевты білесің бе?» деген сұрақ қойды. Мен басымды шайқадым. Шын­­дығында, бұл есімді бұрын есті­ме­ген едім. Қошқарбаев – Қызыл армия­ның қа­тарындағы қазақ лейтенанты. 1945 жылдың 30 сәуірінде, оқ жау­дырған шай­қас кезінде, ол Рейх­стагқа бірінші бо­лып Жеңіс жалауын­ қадады. Бұл қойы­лым үшін емес, шын мәнінде болған жағ­дай. Ол кезде Ра­қым­жан небәрі 21 жас­та еді. Ол фашизмді жеңу­дің, соғыстың аяқталғанының бел­гі­сін көрсету үшін өз өмірін қауіпке тіккен.

Алайда оның ерлігі туралы жет­кілікті айтылмады. КСРО-да үнсіздік жай­лады, себебі Сталиннің кезінде оның әкесіне «халық жауы» деген айып тағылған болатын. Германияда да бұл есім аталмайды. Өйткені бұл елде жады тек бір ғана құтқарушыны дәріптеуге бейім: ол – Ресей. Жыл сайын Берлинде 8 мамыр – «Еуропадағы Жеңіс күні» қарсаңында «Мерекені ресейліктермен бірге еске алу дұрыс па?» деген пікірталас туындайды. Бұл – өте шектеулі көзқарас. Себебі нацистік Германияны тек Ресейдің емес, бүкіл Кеңес одағының жеңісі, қазақ, украин, грузин, өзбек, белорус сияқты ондаған ұлт өкілдерінен құралған алып әскердің жетістігі.

Семья – фундамент личности

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025

Миллиондаған адам соғысқа қатысты, сондай санақтағы адам қаза тапты. Бірақ олардың есімдері ұмытылып кетті, жадыдан өшірілді. Себебі олар не ресейлік, не батыстық ұлтшыл қаһармандық баянға сыймайды. 1945 жылғы Жеңіс – Ресейдің ғана жеңісі емес еді. Бұл – Кеңес халқы­ның ортақ ерлігі болатын. Он бестен астам республика өз ұл-қыздарын майданға ат­тандырды. Алайда Батыс әлемінің бүгінгі баяндауында бұл тарих бір ғана адамға телініп кеткен. Біз осы арқылы тек шындықты бұрмалап қана қоймай, өзіміз қарсы шығып жүрген үгіт-насихаттың дәл өзін қайталап жүрміз.

Кейін Берлиндегі Карлсхорст ауданында орналасқан Герман-Ресей музейіне бардым – бұл жерде на­цис­тік Германия одақтастар алдында ресми түрде тізе бүккен. Сон­да­ғы қызметкерлерден: «Сіздерде Қош­қар­баев жайында деректер бар ма?», деп сұрадым. Бірнеше күннен кейін олар оның күнделігін тауып берді. Сонымен қатар «Фронтовик»  тізе бүк­тіру атты әскери газеттегі ескі, мыжыл­ған бір мақаланы да қоса берді. Оның өмірбаянының қазақша басылымы Берлин қабырғасы құлағаннан кейін қоқысқа тасталған екен. Себебі ол жаңа посткеңестік баяндауға сай келмейтін. Сондықтан ұмыт қалған.

Ал біз Германияда әлі күнге дейін «Ресейліктермен бірге еске алу кү­нін өткізу әлі де тыйым ба?» деген та­қы­рыптағы мақалаларды оқимыз («Der Spiegel», 2025 жылы 17 сәуір). Тағы да барлығы Ресей айналасында өр­би­ді. Былайша айтқанда, азат ету жү­гін тек бір ұлт көтергендей бо­лып елес­тейді. Қалған ұлттардың құр­бан­дығы қосымша дерек қана секіл­ді. Бейне Қошқарбаев Рейхстагқа ту тікпегендей.

Бұл – жай ғана тарихи соқырлық емес. Бұл дегеніміз – моральдық сәтсіз­­­дік. Кеңес жеңісін тек Ресейге телу арқылы біз Қошқарбаевты 1945 жылы ұмыт қалдырған сол баяғы саясаттың өзін жалғастырып отырмыз. Біз Орталық Азия, Кавказ бен Шығыс Еуропадан шыққан миллион­­да­ған жауынгерді қалай ұмыт қалдырамыз? Біз сан қырлы тарихты жалғыз ғана этноұлттық мифке айнал­дырмағанымыз жөн. Ал мұндай көзқарас – бар тұрған нәсілшілдік.

Егер Германия тарихи жадыны шын мәнінде құрметтегісі келсе, онда Рақымжан Қошқарбаев сияқты есімдерді есте ұстауы керек. Жертөлелерде шаң басып жатқан күнделіктерді, назардан тыс қалған өмір­баяндарды ұмытпауымыз қажет. Сонау Алматыдағы бір кафеде сол бір қария сыбырлап айтып берген шындықты ескерген дұрыс. Еске алу – тарих үнін өшіргісі келген дауыстарға әділдікпен қарау».

Мен осы жазбаны ашып оқып отырып, жаңа да жас ұрпақтың көзқарасының, ойы мен әділдікке деген ұстанымының ешбір шет-шекарамен шектелмейтініне көзім жетті. Әйтпесе неміс баласы қан-жоса жылдарда алыстағы бір қазақ батырының туған елінің таңдаулы ғимаратына ту тіккенін мақтанышпен айтып, оның көзсіз ерлігіне қоғамнан әділдік сұрар ма еді?

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: Жеңіс туынемісРақымжан Қошқарбаев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
9 мамыр – Жеңіс күні жанқиярлық тарихы

9 мамыр – Жеңіс күні жанқиярлық тарихы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75290 бөлісті
    Бөлісу 30116 Твитерге 18823
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?
Сұрақ-жауап

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00