Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Мир-Араб» медресесі жайлы

12.05.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
114
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Таяу күндері Өзбекстанға жолымыз түсіп барып қайттық. Негізгі мақсатымыз – осыдан оншақты жыл бұрын қайтыс болған досымызға дұға жасап, зиярат ету болды.

Содан кейін достарымызбен бірге Хиуа, Хорезм, Бұхара, Самарқанд, Тәшкенді аралап, саяхат жасадық. Осы орайда, Бұхарадағы сапарымызға тоқтала кетейін…

Ресми деректерге сүйенсек:

«Мир-араб медресесі – қазіргі Орта Азиядағы білім беретін оқу орны. 1530-1536 жылдардағы Бұхара қаласында Шейх Мир-Арабтың қаражатымен салынған. Оқу мерзімі – 7 жыл. 1975 жылы медреседе 50 шәкірт (2-і қазақ) оқыды. Ғимараты аса ірі ғимараттарға жатады. Сырт көрінісі төрт текшелі-квадратқа ұқсас. 114 хұжрасы бар. Медресе екі бөлімнен тұрады:бірі дәрісхана және мешіт, екінші жағы шейхтің мәйітханасы. Ғимараттың сырты көксауыр кірпішпен өрнектелген. Түрлі май-олика, мозаикалар бар. Орта ғасыр архитектурасының ғажайып көріністерінің бірі» деп жазылған.

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025

Біздің сапарымыз Өзбекстанға танымал, мыңдаған қари шығарған, «Қарилар зауыты»лақабын алған, Садуақас қари досымыздың ұстазы – Захидхан қаримен болған соң, барған жерде шәкірттері күтіп алып, ерекше құрмет жасап, көпшілік бара бермейтін жерлерге апарды.

Әсіресе, Бұхарада медресе директорының орынбасары Асадулла ұстаз барлық тарихи жерлерді, кеңінен таныстырып отырды.

Асадулла ұстаз осы «Мир-Араб» медресесі жайлы:

«Осыдан бес ғасыр бұрын, 22 жасар Йеменнің әмірі Абдолла, имам Бұхари еліне барып ілім аламын деп жолға шығады. Сол кезде, Бұхараның патшасы Убейдолла хан оны күтіп алып, не өтініші бар екенін сұрайды.

Абдолла әмір медресе салуға жер беруін өтінеді. Медресе құрылысына жүз шақты адам кірісіп, үш күн қатарынан салған құрылыстың, әр таңды қайта салмағандай болып тұрғанын көреді.

Сонда бір адам Абдолла әмірге: «Сіз медресе саламын деп емес, ілім аламын деп келіп едіңіз. Самарқанда Қожа Ахрор Уәли деген ұстазға барып білім алыңыз» депті.

Абдолла әмір Самарқанға барып, сол ұстаздан бес жыл білім алып, үлкен дәрежемен оралады.

Бұхараның ханы Убейдолла оған шәкірт болады және медресе салуға қаражат бөледі.

Осылайша, 1530 жылдан бастап, Убейдолла ханның қолдауы, Абдулла әмір ұстаздың жетекшілігімен «Мир-Араб» медресесінің құрылысы қолға алынып, салына бастайды.

Медресе құрылысына тек адалдан жиған қаржысын беру шартымен, көпшілік халық та үлес қосады. Құрылыс ортасына үлкен қазан қойылып, адамдар садақасын сонда салады.

Кешке жақын жұмыс біткенде, құрылысқа қатысқан әр адам жасаған еңбегіне, ар-ұятына сәйкес еңбекақысын сол қазаннан алыпты.

Медресе төрт текшелі, Құранның 114 сүресіне сәйкес, 114 хұжыра (бөлме) болып салынады. Су жүйесі, кәріз жүйесі сондай жүйемен жасалған, аққан сулар медресе ортасына ағып, жерге сіңіп кетеді екен, зерттеуші ғалымдар әлі күнге дейін оның құпиясын таба алмауда.

Алты жылдан соң, құрылыс аяқталып, медресеге «Мир-Араб» медресесі» деген ат қойылып, яғни «Әмирул араб» арабтардың әміршісі, басшысы деген мағына беретін болыпты.

Медресе құрылысы кезінде неше түрлі таңғажайып оқиғалар болыпты:

«Бірде Абдулла Йемени ұстаз медресе құрылысында жүрген бір адамның бетінде үш күн бойы балшық қатып тұрғанын көріп: «Сіз намаз оқисыз ба?» деп сұрайды. Әлгі адам намаз оқитынын айтады.

Ұстаз тағы да: «Сіз дәрет аласыз ба?» деп сұрайды. Әлгі адам дәрет алатынын және неге ондай сұрақ қойғанын сұрапты.

Абдулла Йемени ұстаз: «Мен Сіздің бетіңізде үш күн бойы балшық қатып тұрғанын көрдім. Сонда, Сіз үш күн бойы дәрет алмай намаз оқыдыңыз ба?» дейді.

Әлгі адам: «Үш күн бойы дәретсіз жүре алмасақ, қалайша Құдайдың құлы боламыз?!»деп жауап беріпті.

Берген жауабына ұстаз қайран қалып, тұрып қалады.

Біраздан кейін Абдулла Йемени ұстаз әлгі адамды іздеп, қайта таба алмай қояды.

Сондай-ақ, «Жын» сүресіне арналған бөлмеде шәкірт ұйықтайтын болса, таңертең оянса, не басқа бөлмеде, не сыртта жататын көрінеді. Осындай, таңғажайыбы көп оқу орны екен.

Рухани әсері сондай үлкен, кірсеңіз шыққыңыз келмейді.

Айтпақшы, кеңес өкіметі кезінде діни орталық Өзбекстанда ғана болғандықтан, «Мир-Араб» медресесі де бірден-бір діни оқу орны болыпты. Бұл медреседе қазақтар да оқыған.

Екеуінің суреті ілініп тұр екен. Олардың бірі – ең алғашқы мүфтиіміз Ратбек қажы Нысанбайұлы хазірет болса, екіншісі – марқұм, ғалым Абдолла Жолдас.

Медресе салынғалы тек соғыс, төңкеріс кездерінде уақытша жабылғаны болмаса, бес жүз жыл бойы дәріс беру тоқтамапты.

2001 жылға дейін шетелдік шәкірттер де оқыған болса, қазір тек сол елдің талабалары ғана білім алады.

Былтыр ғана Ресей мүфтиінің өтінішімен шетелден бір шәкірт қабылданыпты.

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: БұхараМир-Араб медресесіөзбекстан
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Абдолла Йемени мен Бибіқыз оқиғасы
Ғибратты әңгімелер

Абдолла Йемени мен Бибіқыз оқиғасы

19.05.2025
Өзбекстан: Заңсыз діни ұйым құрғандар ұсталды
Жаңалықтар

Өзбекстан: Заңсыз діни ұйым құрғандар ұсталды

14.02.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81020 бөлісті
    Бөлісу 32408 Твитерге 20255
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1479 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    22 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2539 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Сұрақ-жауап

Нәпіл оразаларды қай кезде ұстау керек?

13.06.2025
Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды
Жаңалықтар

Қостанайда қарилар орталығының құрылысы басталды

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00