Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы

12.05.2025
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
Фото: democracyfund.org

Фото: democracyfund.org

49
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

ХХІ ғасырда адамзат қоғамының барлық салалары бойынша саясат пен дін аялары өзара жиі ықпалдасып, діни тақырыптарды қамтитын журналистердің рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Дін бұрынғыдан да бетер түрлі дискурс, ұлттық сәйкестілік пен мемлекеттік шешімдерді, тіпті геосаяси динамиканы қалыптастыруда.

Қайтпек керек?

Жауап айқын: БАҚ өкілдері діни материалдарды қозғаған кезде, басқа бағыттарға қарағаннан да қырағы саяси көзқарас танытуы керек. Дәл осы жерде «Журналистің саяси тұрғыдан өзін-өзі қадағалап бақылауы» тұжырымдамасы күн тәртібіне шығады.

Бұл нені білдіреді?

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025

Саяси өзін-өзі қадағалап бақылау – ақпарат мамандарының түрлі саяси-әлеуметтік жағдайлар мен қысымдарға қарамастан өз жұмысы барысында объективтілік, бейтараптық пен шындыққа адалдық таныту қабілетін білдіреді.

Бұл жерде дін атаулының ежелгі дүниеден әзірге дейін қарқындамаса бір әлсіремеген жаһандық орасан рөлін ескере отырып, діни мәселелерді жариялаумен айналысушылардың саяси сауаттылығы мен өз жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдануы керек этикалық стратегияларды да қарастырмай болмайды.

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ, ӘЛБЕТТЕ, ДІННІҢ ЖАҺАНДЫҚ САЯСАТТАҒЫ РӨЛІН ПАЙЫМДАП ТҮСІНІП АЛУ КЕРЕК.

Діннің бүкіл әлемдегі саясатпен тығыз байланыстылығы дау туғызбас. Иран Ислам Республикасындағыдай діни мемлекеттерді басқару шеңберінде болсын, я болмаса дін мемлекеттен бөлінген зайырлы, демократиялық елдерде болсын, ол әрқашан саясат нысаны болып қала бермек. Сонымен қатар, дін – адам құқықтары, экологиялық саясат, гендерлік теңдік және иммиграция сияқты мәселелермен де ажырағысыз болып астарласып жатыр. Яғни АҚШ-Еуропа, араб-түркі әлемдері, қытай-үнді, бір сөзбен бүкіл жер шары осы ахуалдың ішінде жасайды. Міне, осы байланысты ескере отырып, зайырлы діни журналистика саяси жағынан «жарылғыш заттармен» ұдайы бетпе-бет келетін, «бір-ақ рет қателесетін» сапердай өте сақ және жоғары кәсіби әрекетте болуға тиіс.

Сапер мамандығында маңызды қасиеттер: аналитикалық ақыл, жауапкершілік, дәлдік, қолдың жақсымоторикасы, жалпы қозғалыстарды жақсы үйлестіру, стресске төзімділік, төтенше жағдайларда да жағдайдыбайсалды бағалау және өз әрекеттерінің нәтижесін болжау. Өз кезегінде бұл зайырлы діни бағыттағы ақпаратшылардың да бойынан табылуға міндетті қасиеттер десек, артық айтқандық емес.

Діни тақырыптар көбінесе діни бостандық, дін мен мемлекеттік биліктің байланысы, діни экстремизм және діни институттардың саяси шешімдер қабылдаудағы рөлі сияқты саяси даулы мәселелерді қозғауы мүмкін. Діни қақтығыстар, терроризм немесе идеологиялық қозғалыстар жағдайында журналистер әлеуметтік бөлінуге ықпал етпеу, стереотиптерді одан әрмен семірту немесе саяси шиеленісті күшейтпеу үшін мұқият әрекет етуі – кәсіптік талап. Бұл тұрғыда саяси өзін-өзі бақылау мамандарға өздерінің кәсіби адалдығы мен тәуелсіздігін сақтауға көмектесетін құралға айналады.

ЕКІНШІ ТҰРҒЫ – ЖАЛПЫ ДІНИ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ САЯСИ ЫҚПАЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Діни журналистикадағы саяси ықпал аса маңызды мәселе. Діни мәселелерді, әсіресе, оны саяси зарядталған ортада баяндайтын зайырлы журналистер өзіндік фактілерді жеткізу мен қазіргі саяси күштерді тану арасындағы қайшылықты үнемі жеңіп отыруы керек. Бұл динамика дін астарлы саяси қақтығыстарға қатысқан кезде немесе діни идеологиялар кең ауқымды саяси бағдарламалармен қиылысып астасқан кезде байқалады.

Оның үш буыны бар (a, b, c):

⒜ Саяси поляризация және біржақтылық.

Көптеген елдерде діни дискурс терең саясаттандырылған және журналистер белгілі бір саяси ұстанымды ұстануға мәжбүр ететін қысымға тап болуы мүмкін. Мәселе абортқа, жыныстық азшылықтар құқықтарына, діни бостандыққа немесе конфессияаралық қатынастарға байланысты болса тіптен, қарқын алып, ағымдағы саяси идеологиялар бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптарды қабылдау мен талқылаудың ережесін қалыптастырады.

Мысалы, дін аясы саяси пікірталастарда маңызды рөл атқаратын Америка Құрама Штаттарында христиан ұлтшылдығы немесе дін мен түсік түсіру құқығының байланысы сияқты мәселелерді қамтитын журналистер оларды белгілі бір саяси көзқарастарды мақұлдауға яки сынауға мәжбүр ететін үлкен қысымда жүзеге асырады. Солшыл журналистер консервативті діни көзқарастарға қарсы тұру үшін діни тақырыптарға жүгінеді, ал оңшыл журналистер діни бостандықтарды зайырлылық немесе прогрессивті қозғалыстардың қауіп-қатерлерінен қорғауға баса назар аударады.

Мұндай поляризация саналуан нәзік формаларда көрініс беруі мүмкін. Журналистің саналы-бейсаналық саяси бейімділігі оның діни мәселені қалай жариялайтынына әсер етіп, оның өзін белгілі бір саяси күн тәртібіне сәйкес келетін немесе оған қайшы келетін призмада көрсетуі мүмкін. Бұл тұрғыда саяси өзін-өзі бақылау біржақтылықты болдырмауға, қасаң түсініктерге күмән келтіруге және мақала, хабар, ақпар-репортаждарда қарастырылып отырған діни мәселеге теңдестірілген және объективті көзқарасты көрсетуге бағытталмақ.

Бұл жерде тағы да сапер теңеу-метафорасына ораламыз. Сапердің негізгі сапалық сипаттамасы – бұл детальдерге мінсіз назар аудару мен зейінді болу. Әрбір қозғалыс, әр қадам мүмкіндігінше тексеріліп, мұқият болуы керек. Бір дұрыс емес қадам немесе кішкене қателік ең алдымен сапердің өзі үшін қайғылы салдарғаәкелуі мүмкін.

⒝ Мемлекеттік ықпал және цензура.

Авторитарлық режимдерде немесе саяси бақыланатын бұқаралық ақпарат құралдарында дін мәселелерін қамтитын журналистер айқын саяси қысымға немесе тіпті, цензураға тап болуы мүмкін. Мемлекеттік діндері бар немесе діни үстем билігі бар көптеген елдер (мысалы, Сауд Арабиясы, Иран немесе тіпті, православие шіркеуі бар Ресей) ақпарат құралдарында дінді жариялауға белгіі бір деңгейде шектеулер қояды. Бұл қысымға ресми вектор құптамаған діни пікірлерді басу, мемлекет санкциялаған діни идеяларды насихаттау немесе қоғамдық салада дін туралы сыни пікірталастарға тікелей тыйым салу кіруі мүмкін.

Мұндай жағдайда жұмыс істейтін журналистер ресми мемлекеттік дінге немесе діни саясатқа қайшы келетін оқиғаларды жариялағаны үшін заңды салдарға, жеке рисктерге немесе кәсіби кек алуға тап болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда саяси өзін-өзі бақылау өмір сүру және кәсібилік мәселесі болып табылады. Журналистер нақты, шынайы және объективті есеп беру міндеттерін орындау үшін қысымға төтеп беруі керек. Мұндай жағдайда жұмыс істеу, тіпті мемлекет тарапынан болуы мүмкін қуғын-сүргін жағдайында да, терең жеке парасаттылық пен журналистік этиканы ұстануды талап етеді.

«Шындық – көп, ақиқат – жалқы».

Асқар Сүлейменов, драматург

⒞ Діни лоббистік топтар және саяси насихат.

Діни топтар көбінесе лоббизм арқылы, әсіресе демократиялық елдерде айтарлықтай саяси ойын ойнауға бейім келеді. Мысалы, Құрама Штаттарда оңшыл христиандар немесе мұсылман құқық қорғау топтары сияқты діни ұйымдар саяси пікірталастарды, әсіресе, некедегі теңдік, түсік түсіру және діни білім беру сияқты мәселелер бойынша тынымсыз жұмыс істей алады. Осы тақырыптарды ағымға көтеріп қамтыған журналистер діни құқық қорғау топтары саяси шешімдер қабылдауға әсер етуге тырысқанда туындайтын ықтимал мүдделер қақтығысын ескере отырып, барынша қырағылық танытуы керек.

Саясаткерлердің өздері көбінесе оларға дауыс, қаржыландыру және идеологиялық қолдау көрсететін діни топтардың ықпалында болады. Мысалы, АҚШ-тағы евангелиялық христиандар Республикалық партияның аборт, жыныстық азшылықтар құқықтары және діни сенім бостандығы сияқты мәселелерге қатысты ұстанымына қатты әсер етеді. Осы мәселелерді қамтитын тілші-ақпаратшылар идеалында өз елдерінде осы тектес топтардың саяси қысымынан аулақ болу керек. Олардың діни-саяси қиылыстардың шынайы динамикасын қамтығанына көз жеткізіп, бір көзқарастың ғана трансляторлары ретінде әрекет етпеуі керек.

ҮШІНШІ ТҰРҒЫ – САЯСИ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІ.

Діни тақырыптарды жариялау кезіндегі журналистердің этикалық жауапкершілігі ақпарат құралдарына деген халықтың жалпы сенімін сақтау қажеттілігінен туындайды. Саяси өзін-өзі бақылау – мамандардан олардың жұмысына жеке саяси ұстанымдары мен сыртқы қысым әсер етпеуін қамтамасыз етуді талап етеді. Керісінше, олардың шындық, әділдік пен объективтілікке ұмтылуды басшылыққа алуы басты қағидат.

Ал оның бірінші приципі – саяси насихаттан аулақ болу.

Бұл не деген сөз?

Бұл діни тақырыптарды қамтитын журналистер өздерінің ақпар-репортаждарының саяси үгіт-насихатқа түспеуі үшін ұстамдылық танытуы керек деген сөз. Саяси өзін-өзі бақылау журналистерден өздерінің жеке пікірлерін немесе саяси сенімдерін олар хабарлаған тақырыптан нақты ажыратуды талап етеді. Олардың рөлі белгілі бір саяси көзқарасты немесе идеологияны ілгерілету емес, көрермен, тыңдарман, оқырмандарға өз пікірлерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін нақты және контекстік ақпарат беру.

Мысалы, Израиль-Палестина күресі сияқты саяси қақтығыстағы діннің рөлін баяндайтын журналист теориясында бір тараптың екінші тараптан басым болуынан аулақ болу керек. Оның орнына, олар біржақты түсініктемелерге жүгінбестен күрделі саяси және тарихи динамиканы зерттей отырып, мұндағы екі діни қауымдастықтың көзқарастарын білдіруге тырысуы керек.

«Журналистика – қазіргі қоғамдардың діні және бұл прогресс. Пастырлар сенугеміндетті емес, діндар қауым да солай».

Анатолий Франс, француз жазушысы және әдебиет сыншысы

Келесісі – журналистік адалдықты сақтау.

Мәлім болғандай, адалдық – саяси өзін-өзі бақылаудың негізінде жатыр. БАҚ атаулы сауаттылықтың артуына байланысты барған сайын бейтарап көзқарастарды білдіретін платформаға айналып жатқан заманауи әлемде журналистер өздерінің кәсіби тәуелсіздігін қорғауға күш салуы керек. Саяси өзін-өзі бақылау, осы мағынада, зайырлы діни журналистиканы жеке пайда, идеологиялық міндеттеме немесе саяси мақсаттылық мақсатында болсын, керек десе, саяси күн тәртібін ілгерілету құралы ретінде қолдануға да қарсы тұруды көздейді.

Мысалы, діни экстремизмді ақпараттық қамту кезінде журналистер фактілерге назар аударып, қоғамдағы алауыздықты тереңдететін арандатушылық немесе триггер сөздерден аулақ болу керек. Оның орнына олар мәселені қарапайым «өркениеттер қақтығысы» немесе «жақсылық» пен «зұлымдық»арасындағы шайқас ретінде түсіндіруден аулақ бола отырып, жағдайды кеңірек – әлеуметтік, саяси және тарихи контексте қарастыруы керек.

Айтқандай, мұнда ашықтық және есеп беру маңыздылардың маңыздысы. Оқиғаларды жариялаудағы ашықтықсаяси өзін-өзі бақылаудың маңызды құрамдас бөлігі. Журналистер өздерінің дереккөздеріне, әдіснамасына жәнедіни мәселелерді түсіндіретін сүйемел-негіздеріне ашық болуы керек. Сонымен қатар, олар өз аудиториясынаесеп бере білуі керек. Олар орын алған жағдайда олқылықтар мен қателіктерді де мойындап, оларды шұғылтүрде түзетуі керек. Мұндай ашықтық беделді арттыруға ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ бұқаралыққұралдардың нәзік саяси және діни мәселелерді бейтарап жариялау қабілетіне қоғам сенімін арттырады.Мысалы, егер журналист даулы дін қайраткері немесе топ туралы жазса, олар үшін саяси мақсаттарғақайырымдылық жасау немесе мақала тақырыбына идеологиялық сілтеме жасау сияқты ықтимал мүдделерқақтығысын немесе біржақтылықты ашу маңызды. Бұл халықтың баянның сенімділігі мен объективтілігітуралы негізделген пайымдау жасай алуын қамтамасыз етеді.

ТӨРТІНШІДЕН, САЯСИ ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРЫН МЕҢГЕРУ КЕРЕК.

Саяси өзін-өзі қадағалап бақылаудың бірегей теориялық тұжырымдамасы өз-өзінен маңызды болғанымен, журналистерге бұл дағдыны тиімді жүзеге асыру үшін практикалық стратегиялар қажет. Төменде журналистерге діни тақырыптарды қамту кезінде саяси өзін-өзі бақылау мәселелерін шешуге көмектесетін кейбір тәсілдер келтірілген:

– Қайнар-көздер мен перспективаларды әртараптандыру тәсілі.

Енді оны тарқатайық: Біржақтылықты болдырмау мен жан-жақты қамтуды қамтамасыз ету үшін журналистер діни мәселелерге қатысты көптеген көзқарастарды зерттей отырып, өз қайнарлары мен көздерін әртараптандыруы керек. Бұл әртүрлі саяси, діни және мәдени орталардың өкілдерімен кеңесуді қамтиды. Осылайша, ақпаратшылар күрделі діни мәселелерде саяси көзқарастарға бейімдеп біржақты баяндау немесе қысқарту тұзағына түсуден аулақ бола алады.

– Сыни тұрғыдан ойлау жүйесіне салу тәсілі.

Журналистер үнемі өздерінің көзқарастарын, болжамдары мен саяси көзқарастарын интроспекциялаумен айналысуы керек. Бұл діни оқиғаларды қамтуда көрінетін саяси динамиканы жақсы түсіну үшін оқу бағдарламаларына, семинарларға және әріптестермен пікірталастарға қатысудан өрбуі мүмкін. Яғни сыни талдау – журналистерге оқиғаларды жариялаудағы ықтимал олқылықтарды анықтауға және сыртқы саяси әсерлерге қырағылық танытуға көмектеседі.

– Фактчекинг және сенімділікті тексеру тәсілі.

Діни мәселелердің ұдайы саясаттандырылған сипатын ескере отырып, маман-журналистер фактілерді тексерудің қатаң процедураларын ұстануы керек. Бұл олардың хабарларының болжамдарға немесе құрғақ риторикаға емес, дәлелдерге негізделуін қамтамасыз етеді. Осы журналистік стандарттарды сақтай отырып, басқаларын айтпағанда, айталық, телевиденияның бейнелік ерекшелігіне байланысты қиғаштыққа бой алдыруға бейім ТВ репортерлар өздерінің қамтуының дәлдігі мен объективтілігін қамтамасыз ете алады.

СОНЫМЕН, діни тақырыптарды қамтитын журналистердің саяси өзін-өзі қадағалап бақылауының жауапты журналистиканың маңызды тармағы екендігіне көз жеткіземіз. Күн сайын қанатын кеңге жайып, өсіп келе жатқан саяси поляризация дәуірінде саяси өзін-өзі бақылау журналистерге өздеріне деген сенімділікті сақтауға, ақпар-хабар, репортаждарының объективтілігін арттыруға және қоғамды сапалы ақпараттандыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Олай болса, саяси қысым мен журналистік бейтараптықты теңестіру мәселелері маңызды болғанымен, журналистің басты рөлі – діни мәселелерді әділ, дәл және контексттік түрде жариялау деуге толық негіз бар. Өз кезегінде, бұл – бөлінуге емес, өзара түсіністік пен диалогқа ықпал етеді.

Сапер мен зайырлы зайырлы діни журналист образы тектен-текке салыстырмалы түрде тілге тиек етілген жоқ. Мұнда да зор мән-мағына бар. Саперлер ешқашан да қорқыныш сезімін жоғалтпауы керек деп жатады. Өйткені, қателесуге қақысы жоқ. Тап сол сияқты дін тақырыбына табын журналистер де қорқыныш сезімін ұдайы әлдилеуге тиіс.

Экшн-боевик фильмі штампының бірі: кейіпкер жарылғыш құрылғыны залалсыздандыру үшін түрлі-түсті сымдардың қайсысын кесу керектігіне бас қатырады. Бұл жерде одан да бетер жауапкершілік бар. Сапердің қателігі сапермен кетсе, діни журналистің қателігі тұтас мемлекет пен қауымдардың масштабында кетіп, халықтық трагедиялар ойнатып жіберуі ықтималдығымен жойқын.

Саяси өзін-өзі бақылаудың құндылығы да осында. Осы дағдының арқасында БАҚ қауымы саясат пен діннің күрделі қиылысына кәсібилікпен назар аудара алады. Ал бұл бұқараның маңызды тақырыптарды дұрыс талқылауы үшін қажетті ақпаратты алу құқығын қамтамасыз етеді.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ,

мәдениеттанушы, саяси ағартушы технолог

Таңбалар: Абылайхан Қалназаровбасты тақырып
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік
Видео

Ата-ана тарапынан жіберілетін 4 қателік

17.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Мир-Араб» медресесі жайлы

"Мир-Араб" медресесі жайлы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған
Ғибратты әңгімелер

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Жаңалықтар

Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты

18.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00