Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
Фото: Әдебиет порталы

Фото: Әдебиет порталы

80
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Темірхан Медетбек дүниеден озды. Қаралы хабарды Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жариялады.

— Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны Темірхан Медетбек дүниеден өтті.

Қаршадайымнан өлеңдерін оқып, қасына ерген асыл ағам, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбектің дүниеден озғанын қазір ғана Шолпан жеңгем маған ең бірінші хабарлады.

Соңғы аптада Темірхан ағамыздың ауыр халде ауруханаға түсуіне байланысты отбасымен, дәрігерлермен Жазушылар одағының басшылары үнемі хабарласып тұрды.

Дипломсыз медресе – дүбара дін

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов екеуіміз екі күн барғанда жансақтау бөліміне кіргізбеген соң, мен «Аға, біз келіп тұрмыз, жаныңыздамыз» деп хат жазып, қалдырып кетіп едім.

Бүгін Мереке Құлкенов, оның кеңесшісі Әміржан Қосанов және белгілі кәсіпкер Қанат Сәнік төртеуміз Алматыдағы ауруханада — ағамыз жатқан жансақтау бөліміне кезекпен кіріп, үнсіз бақұлдасып, қоштасып шыққан едік.

Иә, өткенде ғана ағамыздың 80 жасын дүркіретіп Алматыда тойлаған едік. 81 жасында өмірден өтті, — деп жазған одақ өкілі желідегі парақшасына.

Ол аламанда алдына жан салмай шапқан дауылпаз ақынның дүниеден өтуіне орай бүкіл қазақ халқына, оның оқырмандарына қатты қайғырып, көңіл айтқан.

Айта кетейік, Темірхан Медетбек 1945 жылы 6 наурызда Түркістан облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әртүрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан «Ақиқат» журналының бас редакторы.

Алғашқы жыр жинағы «Жанымның жас құрағы» деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды.

«Абай әлемі» (1995) және «Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар» (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді.

Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты.

«Көк түріктер сарыны» атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstannin-halik-zhazushisi-temrhan-medetbek-dunieden-ozdi-825405/

Таңбалар: қазанама
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұхтар Шаханов өмірден озды
Жаңалықтар

Мұхтар Шаханов өмірден озды

19.04.2026
Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды
Жаңалықтар

Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды

16.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123368 бөлісті
    Бөлісу 49347 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00