Сейсенбі, 27 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық – дінге қарсы емес

10.02.2025
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Зайырлылық – мемлекеттің діндерге деген бейтараптылығын білдіретін қағида. Ғалымдардың берген анықтамасы бойынша: діни сенім бостандығы, азаматтардың теңдігі, мемлекеттің діндерге деген бейтараптылығы, діннің мемлекеттен бөлінуі – зайырлылық қағидалары. Зайырлылық – діни сенім бостандығына кепілдік беретін тарихи тәжірибеден өткен іргелі ұстаным.

Жасыратыны жоқ, кей азаматтар зайырлылықты Исламға жат, тіпті оған қарсы құбылыс ретінде түсініп, қате пайымдап жүр. Ал қасиетті Құрандағы «Алла қаласа, барлығыңды бір үммет қылар еді» деген мағынадағы аяттар адамзат баласының түрлі сенім мен діндерде болуы – Жаратушының қалауы мен хикметіне сай екенін меңзейді. Сондай-ақ «Кәфирун» сүресіне сүйенсек, әркімнің өз дінін ұстануға хақы бар: «Сендердің діндерің – өздеріңе, менің дінім – өзіме тән» деп айт» («Кафирун» сүресі, 6-аят). Бұл аяттардың мазмұнында сенім бостандығы, толеранттылық негіздері қамтылған деп айтуға әбден болады. Ал, тереңірек байыптасақ, онда мына хадисте де осы принциптерге тірек болар мазмұн қамтылған: «Мұсылмандармен бейбіт келісім жасасқан (Исламға) сенбеушіні өлтірген адам, ол иіс 40 жылдық арақашықтықтан сезілетініне қарамастан, Жұмақтың иісін де иіскей алмайды!» (Бұхари риуаяты). Яғни бейбіт заманда, бір қоғамда, бір-біріне қиянат жасамай қатар өмір сүріп жатқан адамдардың құқығы заң аясында теңдей қорғалады…

Зайырлы мемлекет – қоғамда діннің мемлекеттен бөлінуін қамтамасыз ететін саяси-құқықтық жүйе. Елімізде бұл ұстаным Ата заңымыз  Конституциясыда нақты бекітілген. Зайырлы жүйе қоғамда әртүрлі діни сенімдер мен көзқарастардың қатар әрі еркін өмір сүруін қолдайды және барлық азаматтардың тең құқылы болуын қамтамасыз етуге талпынады. Мемлекет белгілі талаптар бойынша тіркеуден өткен барлық дін өкілдеріне барынша теңқұқылы жағдай жасауға әрекет етеді. Біздің елімізде де мұсылмандық, христиандық, буддизм және басқа сенімдер, діни бірлестіктер заңмен қорғалған және барлығының бірдей құқықтық мәртебесі бар.

Зайырлық ұстанымы – бейбіт өмір сүрудің берік кепілінің бірі. Қазақстан – бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын һәм көпконфессиялы мемлекет. Осы көптүрлілік жағдайында еліміздің зайырлы болуы қоғамдағы татулық пен тыныштығын сақтауға үлкен үлес қосады. Негізі, зайырлы мемлекеттің басты мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни алауыздықтың алдын алу.

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026

Дін мен зайырлы мемлекет – бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар емес. Керісінше, екеуі үйлесіммен қатар өмір сүре алады, бір-бірін толықтырады. Өйткені бұл ұстаным діни фанатизм мен радикализмнің алдын алуға көмектеседі. Дін – адам өмірінің рухани қыры болса, дін ұстану – адамның ажырамас құқығының бірі. Дін азаматтардың рухани өмірін байытады, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырады. Ал зайырлы мемлекет – сол құқықты қамтамасыз ететін, азаматтардың еркіндігін сақтайтын институт.

Жалпы, тереңін түсінген адамға, асыл дініміз адамды сеніміне қарамастан құрметтеуді, жоғары бағалауды үндейді. «Хақиқат та, дін-дағы – тереңінде» деп жырлаған Абай хакімнің мына өлеңі сол биік танымнан, Исламның биік құндылығынан хабар береді:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті!

Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,

Және «хақ жолы осы» деп Әділетті.

Осы үш сүю болады имани гүл,

«Иманның асылы үш» деп сен тәхқиқ біл.

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,

Басты байла жолына, малың түгіл!..»

Қазақстанның дін саласына қатысты мемлекеттік саясаты түрлі діндердегі гуманизм идеяларына, адамгершілік құндылықтарына негізделгені – Абай секілді асылдарымыздың, арырақ үңілсек: халқымыздың дүниетанымынан туындап жатқаны даусыз.

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: басты тақырыпзайырлы мемлекетзайырлылық
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Зайырлылық сенімге шектеу қоймайды
Видео

Зайырлылық сенімге шектеу қоймайды

19.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Бокка» – ежелгі арулардың әшекейі

«Бокка» – ежелгі арулардың әшекейі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    78
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    73
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    65

Соңғы жарияланымдар

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті
Жаңалықтар

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00