Сенбі, 2 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұғжизалы Миғраж түні!

26.01.2025
- Ислам
0
192
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жаббар Хақтың түгесілмес құдірет күшке ие екені барша жаратылысқа аян. Әуелі бұл кереметті түйсігі ояу болып жаратылған ең ұлы ізгілер аңғарады. Ал, бұл ізгілер сорабының көш басында тұру пайғамбарлардың пешенесіне жазылған.

Пайғамбарлар өздеріне берілген асқан зеректікпен (фатана) дәйім Ұлы Жаратушының қамқорлығын сезініп, оны үмбеттеріне паш етіп келген. Біздің Елшіміз – Мұхаммед (с.а.у.) басынан өткен небір қиын-қыстау оқиғаларға қарамастан, Хақ Тағаланың бір және бар болған – Ұлы Ақиқат һәм мұқым ғалам Оның қамқоры мен мейіріміне мұқтаж екенін асқан көркемдікпен насихаттай білді. Ол мүшріктерден жәбір-жапа шеккенде Алла Тағала сүйікті Елшісін (с.а.у.) Өз мұғжизасымен мәпелеп, алдағы болатын ұлы жеңістермен сүйіншілейтін. Алла Елшісінің (с.а.у.) басынан өткерген сондай илаһи мұғжизаның бірі – мүбәрак Миғраж оқиғасы еді.

Иә, Жаббар Хақ Мұхаммедті (с.а.у.) ұшпаққа (Миғраж) шығарумен зор қуаныш сыйлады. Бұл оқиға Мекке мұсылмандары Мәдинаға көшпестен он сегіз ай бұрын болды. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Жақсылық жаршысы (с.а.у.) пыраққа мініп, түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушымен тілмен айтып жеткізе алмайтын көркем де әсерлі жағдайда қауышып, тікелей байланысқа шықты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) алдымен пыраққа мініп, Харам мешітінен Ақса мешітіне барып, ол жерден Жәбірейіл періштемен бірге рухани биікке шығып, одан соң көк қабаттарын кеші өтіп «Сидратуль Мүнтаһаға» көтерілді. Одан ары қарай уақыт пен кеңістіктен, пендеуи һәм дүниеуи сыңғырдан мүлде қашық – Раббы құзырына ұласып, Ұлы Жаратушымен илаһи сұқбаттасу нығметіне ие болды.

Құранның «Исра» сүресінде Миғраж оқиғасы туралы жан-жақты баяндалады. Әсілі, «миғраж» сөзі «түнгі серуен» мағынасын береді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Харам мешітінен, Ақса мешітіне түн ауа саяхат еткендіктен, ислами әдебиеттерде бұл мұғжизаны «Исра» немесе «Миғраж» деп атайды.

Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау

24.04.2026

Кітап – даналықтан басталады

23.04.2026

Миғраж оқиғасында Мұхаммедке (с.а.у.) мынадай үкімдер нәзіл етілді:

  1. Алладан басқаға құлдық ұрмау.
  2. Ата-анаға құрмет көрсету.
  3. Ағайын-туысқа, кедей-кепшікке, міскін-ғаріпке қол ұшын беру.
  4. Ысырапшылдық және мал шашпақтан аулақ болу.
  5. Кедейліктің кесірінен балаларды өлтірмеу.
  6. Зинаға жоламау.
  7. Адам өлтірмеу.
  8. Жетімнің ақысын жемеу.
  9. Уәдеге берік болу.
  10. Таразыдан жемеу.
  11. Білмеген нәрседан аулақ тұру.
  12. Мейманасы тасып, дандайсымау («Исра», 22-39).

Жалпы, Миғраж оқиғасында мұсылман қауымына мынадай иләһи үш ләтифа (сый) тарту етілді:

Біріншісі, әзіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетінің ішінде Алланың бір екендігіне шүбә келтірмегендердің, күнәсін өтеп болғаннан кейін, ерте ме, кеш пе, жұмақтың сый етілетіндігі.

Екіншісі, бес уақыт намаз оқу парыз етілді. Мұхаммед (с.а.у.): «Бұл ғибадаттың үмбеті үшін миғраж» екендігін айтқан болатын.

Үшіншісі, риуаяттарда Мұхаммед (с.а.у.) «Бақара» сүресінің соңғы екі аяты осы Миғражда нәзіл болған. Аяттардың басында иман негіздері жіпке тізген маржандай тізбектеледі. Бұл аятта Мұхаммедтен (с.а.у.) бұрынғы пайғамбарларға және оларға түсірілген кітаптарға иман келітіру туралы айтылады. Кітап түскен қауымдардың өзара түсіністік негізінде толеранттыққа келу керектігіне баса мән беріледі. Төзімділдік рухы ғаламдағы әртүрлі алажаңқа түр мен түсті және пікірлерді ымыраластырып, жер шарының өз осінде бейбіт ырғақпен айналуына септігін тигізетіні анық айтылады.

Ислам тарихына көз жіберер болсақ, осы аяттың негізінде ислам мемлекеттері өз қарауындағы мұсылман емес қауымдармен барынша бейбіт қарым-қатынас жасаған болатын. Осы аяттың соңында әрбір мұсылманның өз қал-қадірінше исламдық ғұрыпқа сай өмір сүре алатындығы, яғни, ешкімге шамасы жетпейтін жүктің артылмайтындығы паш етілді. Демек, түрлі деңгейдегі ақыл мен қабілетке ие мұсылмандар өз шама-шарқына қарай исламдық негізде өмір сүреді деген сөз.

Миғраждың иләһи сырларының бірі – Мұхаммед (с.а.у.) иләһи түпкі мән мен ақиқатқа қанығып, одан соң жаңаша түлеп, жаңа бір леппен исламды дәріптеуді жалғастырды. Іле-шала Мекке мұсылмандары Мәдинаға хижра жасап, исламның жеңісті жорықтары бірінен кейін бірі жалғасын тауып жатты. Миғраж – Исламның ұлы жеңістерінің рухани хабаршысы болғандықтан, мүбәрак Миғраж кешін күллі ислами жеңістердің бейне бастау бұлағы іспетті деп қабылдасақ болады.

Ермек МҰҚАТАЙ

Таңбалар: басты тақырыпмиғраж түні
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

01.05.2026
Отбасы – ең маңызды құндылық
Видео

Отбасы – ең маңызды құндылық

24.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Миғражда қандай үкімдер берілді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    10 бөлісті
    Бөлісу 4 Твитерге 3
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    5 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Онлайн радикализмнің себептері

    4 бөлісті
    Бөлісу 2 Твитерге 1
  • Алладан кешірім тіле…

    3 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1

Соңғы жарияланымдар

Ғибратты әңгімелер

Сәлемдесу аллеясы

01.05.2026
ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды
Жаңалықтар

ҚМДБ жанынан «Аудармашылар алқасы» құрылды

01.05.2026
Рухани келісім тұлғаларына құрмет
Жаңалықтар

Рухани келісім тұлғаларына құрмет

01.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00