Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ең үлкен бес қасірет

31.08.2024
- Ислам
0
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Құдай бұл дүниені жаратқанда, бірін екіншісіне, яғни барлық нәрсені бір себепке байланыстырған. Мысалы, бұлттар жаңбырдың себебі. Баланың дүниеге келуіне әке-шеше себепкер. Су – өсімдіктің тіршілігіне себепкер. Яғни бұл болмыс әлемінде осындай себеп-салдарлық байланыс болатыны сияқты, адамдардың өмірінде де осы секілді себеп-салдарлық байланыстар болуы табиғи құбылыс.

Адам болмыс, Алланың жаратқан бұл әлемінде де, адамдар арасында да Алланың күші бар теңеулерін ұстанса, дүниеде де, ақыретте де тыныштық табады. Ал егер бұндай заңдарды орындамаса, дүниеде де, ақыретте де тыныштық таба алмайды. Осыған қатысты Алла тағала қасиетті кітабы Құран кірімде айтқан қасіретке тоқталар болсақ. Адамдар мына бес нәрсені тастаса, бес нәрседен құр қалады.

1. Шүкірді тәрк еткен адам, қолындағы байлығының берекетінен мақұрым қалады. Құстың еркін самғауына тор тосқауыл болғаны сияқты, шүкірлік те нығметтің берекеттенуіне тосқауыл болады. Бұл туралы Қасиетті кітабымызда былай деп айтылған: «Егер шүкір етсеңдер, әлбетте сіздерге (нығметімді) берекеттендіремін, ал егер ашкөздік етсеңдер, күмәнсіз азабымды да өте қатты болады» («Ибрахим» сүресі 7-аят).

2. Дұғаны тәрк еткен, қабыл болуынан мақұрым болады. Дұға әлсіздікті мойындап, Жаратқанға жалбарыну дегенді білдіреді. Дұға жасаған адам, Алланы көмекке шақырып жатыр дегенді білдіреді. Алла пендесінің шақыруына міндетті түрде жауап береді, естімей қалуы немесе байқамай қалуы мүмкін емес. Бұл жауап кейде пендесінің сұрағанын берсе, кейде қалағанынан басқа, бірақ пендесі үшін жақсы болғанын береді. Ал енді кейде бұл дүниеде емес, ақырет азығы ретінде береді жақсылығын.

Тазалық, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау

24.04.2026

Кітап – даналықтан басталады

23.04.2026

Кім дұға жасайтын болса міндетті түрде үш нәтижесін көреді. Алла бұл үш нәтиженің формуласын былай деп жазады Қасиетті кітабында: «Пенделерім сенен мен туралы сұраса, (айт): Мен өте жақынмын. Мен дұға еткен адамның дұғасын, маған дұға еткен сәтте қабыл етемін. Сондықтан олар (құлдарым) менің шақыруымды орындап, маған иман келтірсін. Олар тура жолды табады». (Бақара сүресі 186-аят), «Раббымыз былай деп бұйырды: «Маған дұға етіңдер, дұғаларыңды қабыл етемін», – деді. (Мумин сүрессі, 60-аят)

3. Зікірді тәрк еткен, Алла өзін ескеруінен мақұрым болады. Алла тағала Құран Кәрімнің бар аятында былай деп бұйырады: «Сіздер мені зікір етіңіздер (еске алыңдар) мен де сіздерді еске алайын» (Бақара сүресі, 152-аят) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінді Раббымыз: «Құлым мені жалғыз қалғанда зікір етсе, мен де оны өзіммен бірге еске аламын. Құлым мені бір жиында еске алғанда мен де оны, менде оны одан да жақсы бір жиында еске аламын» (Бұхар, «Тәуһид» 15; Муслим «Зікір және Дұға және Истиғфар 2).

Енді сіз осы мақаланы оқып отырып, «Мен қазір Раббымды еске алдым, Ол да мені еске алады» деп ойласаңыз және «Лә иләһә иллаллаһ», «Субханаллаһ», «Әлхамдулиллаһ», «Аллаһу Әкбар» десеңіз, біліңіз, Алла сізді дәл қазір еске алады! Алланың сенің атыңды айтуынан асқан бақыт бар ма? Әлемдердің Раббысына есіміңді айтудан асқан бақыт бар ма? Одан бас тартсаң, қандай бақытсыздыққа ұшырайтыныңды елестетіп көрші!

4. Тәубе етуді тәрк еткен адам, күнәларының кешірілуінен мақұрым қалады. Пайғамбарлардан басқа ешбір пенде пәк және күнәсіз емес. Өлім бізге қашан келетінін ешқашан білмейміз. Күнәларымызға тәубе етпей өлсек, Раббымыз бұл күнәларды кешіруі де, кешірмеуі де мүмкін. Шын жүректен тәубе еткенде ғана күнәларымызды кешіретінін қайта-қайта айтады. Енді тәубе мен кешірімді тәрк еткендер қандай нығметтің ысырап болып жатқанын түсіне ме?

5. Мал-мүлкін Алла жолында жұмсаудан бас тартқан адам, мал-мүлкін көбейту және жемісті болу нығметінен құр қалады. Раббымыз Алла жолында жұмсалған мал-мүліктің ешқашан азаймайтынын, молайатынын, оның иесінің дүниеде де, о дүниеде де табысын арттыратынын ондаған аяттарында баяндаған. Бұндай жағдайда кім сараң болса, өз зиянына сараң болып, мал-мүлкін көбейтіп, одан да жемісті ету нығметінен құр қалады.

Қасиетті Құранда бұл жайында Алла былай дейді: «Садақа ретінде жұмсаған нәрселерің өз игілігің үшін. Жасаған жақсылығыңды тек Алланың разылығын алу үшін істе. Садақа ретінде берген нәрселерің толық беріледі және сендерге ешқашан әділетсіздік жасалмайды». («Бақара» сүресі, 272-аят)

Қорытындылыйтын болсақ, жер бетіндегі барлық жаратылыстың егесі болған Алла, құлдарына да жер бетінде егелік ететін мүлік берген. Жаратылыс ішінде мүлік егелігін жасайтын тек адамдар ғана. Бұл мүлікті қорғап, қолдау және ысырапқа жол бермей орынды пайдалану да пенденің басты міндеттерінен. Ислам шариғатының мақсаттарының бірі же «Мүлікті қорғау» болып келеді. Ендеше мүлкімізді қорғау барысында Раббымыз бізді осы ережелерге мойынсұнып, жоқтықтан құтылатын бақытты құлдарының қатарынан етсін. Бізді нәпсіге еріп, нығметтен құр қалған, бақытсыз қалған пенделерінің қатарынан болудан сақтасын.

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Астана қаласы «Діндерді зерттеу» орталығының теолог маманы, (PhD) доктор

Таңбалар: ДұғазікірИсатай Бердалиевшүкіршілік
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Дұғаның қабыл болу жолы

22.04.2026
Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Медресе – рухани азық мекені

Медресе – рухани азық мекені

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123367 бөлісті
    Бөлісу 49347 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00