Сейсенбі, 27 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәскеу князьдігі Жошы ұлысының арқасында құрылған — тарихшы

27.05.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
101
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ ежелгі және орта ғасыр тарихы кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Атығаев Жошы ұлысының тарихы туралы тың деректерді бөлісті.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығы аталып жатыр.

— Жошы — Шыңғыс ханның тұңғышы. Шыңғыс хан империясының құрылуына үлкен үлес қосқан тұлға. Қытайға, батыс Дешті Қыпшақ даласына, Хорезмшах мемлекетіне жорықтарға қатысып, даңқты қолбасшы, мықты стратег екенін көрсетті. Сондықтан Шыңғыс хан оны өз мұрагері ретінде қарастырып, оның қол астына үлкен аумақ берілген деген пікір бар. Жошы ұлысы кейінгі дереккөздерде Алтын Орда деген атпен белгілі болған, — деді ол.

Нұрлан Атығаев Жошы ұлысының тарихтағы алатын орны ауқымды екенін айта отырып, Мәскеу князьдігінің пайда болуына оның тікелей қатысы бар екенін атап өтті.

— Жошы ұлысы Ертіс пен Дунай арасындағы халықтарды біріктірді. Дәл осы Алтын Орданың ішінде этникалық топтар бірігіп, ол бүгінгі ұлттардың қалыптасуына әкелді. Алтын Орда бөлінген кезде Қазақ хандығы қалыптасты. Сондықтан біз — Жошы ұлысының мұрагерлерінің біріміз. Одан бөлек Қазан, Қырым, Астрахан, Сібір хандықтары пайда болды. Сондай-ақ бүгінгі Ресейдің түп тамыры саналатын Мәскеу князьдігі де Жошы ұлысының арқасында құрылды. Сондықтан Алтын орданың тарихтағы орны өте ауқымды әрі маңызды деп айта аламыз. Жошыдан басталған ұлыс кейінгі Меңгу темір кезінде өз тәуелсіздігін жариялап, өз ақшасын соғып, дербес экономикалық саясат жүргізе бастады. Алтын орда Еуразияның бүкіл орталығын алып жатқандықтан батыс пен шығысты экономикалық және саяси байланыстырып отырды. Шығыс Еуропадағы кейбір мемлекеттердің құрылуына тікелей әсер етті, — деді тарихшы.

Сондай-ақ ол бұл тақырыптың әлі де зерттеуді қажет ететінін және орта ғасыр тарихын зерттейтін мамандардың аз екенін айтты.

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026

— Алтын Орданың тарихы бірнеше ғасыр бойы зерттеліп келе жатыр. Мұндағы басты мәселе — деректердің кем болуында және олардың көбі араб, парсы, қытай тілдерінде жазылуы. Бұл тұрғыдан Қазақстанда үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтқанда, «Мәдени мұра», «Архив 2025» мемлекеттік бағдарламалары аясында Қазақстан тарихы, оның ішінде Жошы ұлысы туралы құнды деректер жиналып, олар аударылып жатыр. Дегенмен, әлі де ресейлік әріптестерімізден кішкене қалып келе жатқанымызды мойындау керек. Себебі бізде орта ғасырдың тарихымен айналысатын мамандар аз. Мұндай зерттеумен айналысатын адамдар араб және өзге тілдегі дереккөздерді оқып, дұрыс аудара білуі қажет, — деді Нұрлан Атығаев.

Қайнар көзі: inform.kz
Таңбалар: Алтын ОрдаЖошы ұлысықазақ тарихы
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды
Жаңалықтар

«Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды

10.09.2026
Алтын Орда дәуіріндегі мешіт
Ислам

Алтын Орда дәуіріндегі мешіт

09.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Төрт бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз

Төрт бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    78
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    74
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    65

Соңғы жарияланымдар

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті
Жаңалықтар

Бейжіңде тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен турнир өтті

27.10.2026
Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан
Қоғам

Құздағы соңғы намаз немесе Малайұшқан

26.10.2026
Деструктивті діни ағым деген кімдер?
Ағымдар ақиқаты

Деструктивті діни ағым деген кімдер?

26.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00