Сәрсенбі, 23 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ әйелінің қоғамдағы орны

09.04.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
135
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Анаға құрмет – ұлтымыздың ұлы дәстүрлерінің бірі. Қазақ аналары ел басына күн туғанда ер азаматтармен бірдей атқа қонған, туған жерді ерлермен бірдей қорғай білген.

Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының құндылықтары қыз баланың, ананың ешбір жағдайда қорғансыз қалмауын қамтамасыз еткен. Дана ата-бабаларымыз «Қыз ағасыз болмайды» деген мақалмен осы жауапкершілікті бір ауыз сөзбен жеткізген.

Сонымен қатар, халқымыз жетім мен жесірді жылатпауға тырысқан, керісінше оларға қолынан келгенше көмектескен және осы дәстүрді елдің ажырамас бір бөлігіне айналдырған.

Қазақ әйел затына ежелден төрден орын беріп, құрметтей білген. Себебі, әйел – Ана, әйел – дана, әйел – ақ шашты Әже. Әсіресе, қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Мәселен, ерте жастан жасына сай шаруаға араластыра бастаған. Отбасында анасына көмектесіп, кесте тігуді үйреніп, кілем тоқыған. Анасы мен жеңгесі қызға өз жасауын дайындауға көмектескен. Жанұясының еркесі болып өскен қыз бала тұрмыс құрғаннан кейін, анасының орнын кеңесші енесімен, ақылды абысынымен алмастырған. Келіндік рөлінің дұрыс, мақтаулы болып қалыптасуына осы ене мен абысын-ажындары септігін тигізіп, қолғабыс етіп отырған. «Келін – ененің топырағынан» сөзінің астарында ене тәрбиесін жалғастырған келіннің мінез-құлқы жатыр. Жаңа түскен келін қайын жұртына қарсы келмей, үлкендердің алдын кеспей, барған әулетке сіңіп кетудің қамын жасаған.

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғынға айыппұл салынды

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғынға айыппұл салынды

23.09.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан

Намаздың дұрыс болу шарттары қандай?

23.09.2026

Қазақ дәстүрінде әйелдің үй ішіндегі еркіндігі өз отбасының атына нұқсан келтірмей, қайта намысын қорғап, елдің мақтауы мен сыйына бөленіп жүруіне негізделген. Ұядан көрген өнегесін барған жерінде қолдана білген қаршадай қыздың келіндік өмірмен қатар ел басқару ісінде өзіндік дара жолы болған. Ақылды, дана келін тек отбасына ғана емес, ауылға да өз ықпалын тигізген. Ер азаматынан бір саты төмен тұру қағидасын ұстанған көреген аналарымыз елдің бетіне қарсы келмей, көптің жүрегіне нәзік болмысымен, жылы сөздерімен, даналығымен, парасаттылығымен жол таба білген. Ел басқарған қай патшаны алып қарасақ та, артында ақылды, дана, мықты әйел затының тұрғанын байқаймыз.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында қазақ әйелдері түрлі шаруаларға араласып, өнеркәсіп, экономика салаларын игере бастаған. Ер азаматтарының орнын жоқтатпай, ауыр жұмыстарға жұмылған. Жаны нәзік, жүрегі мейірімге толы әйел заты ол ауыр кезеңді де абыроймен өткізген.

Қазіргі қоғамда да әйел адамдардың орны ерекше. Мәселен, отбасын ұйытып, жұмысында биік белестерден көрініп, абыройлы басшы болып жүрген нәзік жандылар аз емес. Әйел әлемде – сұлулықтың, отбасында – берекенің, ал екі ел арасында – бірліктің символы. Қай заманда болсын, қай қоғамда болсын, жаны нәзік, жүрегі ақ әйел заты өз болмысын жоғалтпай, әсемдігімен өмір сүрсе, әлем көркемделе түсері анық. Сондықтан, қоғамда әйелді құрметтей, қадірлей, аялай білген ұлттың еңсесі әрқашан биік болары анық.

 Жұлдыз САТЫБАЛДИЕВА,

Қызылорда облысының дін істері

басқармасының «Дін мәселелерін

зерттеу орталығының» теолог маманы

Таңбалар: басты тақырыпқазақ әйелі
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғамдық келісімді сақтау – үлкен жауапкершілік
Видео

Қоғамдық келісімді сақтау – үлкен жауапкершілік

21.09.2026
Әлеуметтік желі адастырмасын…
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желілердегі радикалды насихат: оны қалай танимыз?

18.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Тасқыннан зардап шеккен 300 отбасыға азық-түлік таратылды

Тасқыннан зардап шеккен 300 отбасыға азық-түлік таратылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    38
  • Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

    22
  • Уақытты күнә істермен өткізудің салдары қандай?

    22
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    16
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    15

Соңғы жарияланымдар

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғынға айыппұл салынды
Жаңалықтар

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан тұрғынға айыппұл салынды

23.09.2026
Дұғасының жауабын намаздан тапқан жан
Сұрақ-жауап

Намаздың дұрыс болу шарттары қандай?

23.09.2026
Ұлы Жібек жолы мұрасын сақтау бағытындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Ұлы Жібек жолы мұрасын сақтау бағытындағы ынтымақтастық

23.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00