Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әр түніңді қадір біл

05.04.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
202
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам дінінде қасиетті күндер­мен қатар өзге мезгілдерден ерек­ше­леніп тұратын атаулы төрт түн бар. Олар – Рағайып, Миғраж, Барағат, Қадір түндері. Бүгінде біз қасиетті Рамазан айының соңғы онкүндігін өткізіп жатырмыз. Ғалымдардың пікірін­ше, Қадір түні осы онкүндіктің ішіндегі тақ түндердің біріне сәйкес келеді.

Ислам күнтізбесінде Рамазан айынан бұрын ережеп және шағбан айлары келеді. Біз айтып отырған атаулы төрт түн қасиетті айлар деп саналатын осы үш айдың ішінде. Атап айтқанда, Раға­йып – ережеп айының алғашқы жұма түні, Миғраж ережептің 26-сынан 27-сіне қараған түні болады. Ал Бара­ғат – шағбан айының он бесінші түні. Қадір түнінің бұлардан ерекшелігі – қай түні екені нақты белгісіз болуы. Пайғам­барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Оны Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер» десе, тағы бір сөзінде: «Маған Қадір түні тақ түні көрінді», дейді. Осы және өзге де хабарларды негізге алған ислам ғалымдары Қадір түні Рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған тақ түніне сәйкес келу ықтималдылығы жоғары екенін айтқан. Сондықтан ол Қадір түні болып бекітілгенімен, ғалымдар қасиетті айдың соңғы он түнін де Қадір түні болып қалуы мүмкін деген үмітпен құлшылық жасап өткізуге үндейді.

Бүгін ел мұсылмандары Рамазанның 26-күнгі оразасын тұтып жатыр. Яғни алдағы түнді «мың жылдан да қайырлы Қадір түні» деген сеніммен таңға дейін ұйқысыз өткізбек.

Жалпы, исламның алғашқы жылдарында Қадір түнінің нақты қай күні екені пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) белгілі болғандығы туралы хадис бар. Бұхаридың сахих хадистер жинағында Ғұбада ибн Әс-Сомит есімді сахаба былай дейді: «Расулалла (с.ғ.с.) бізге Қадір түні қашан болатынын айту үшін мінберге шыққанда екі мұсылман өзара айтысып жатты. Сонда Расулалла (с.ғ.с.): «Мен сендерге Қадір түні қашан болатынын айтайын деп шығып едім. Алайда мына екеуінің айтысып жатқаны кесірінен ол хабар есімнен шығарылды. Бәлкім бұл сендер үшін қайырлы болар» деді».

Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025

пар

Белгілі исламтанушы Абдуссамад Махаттың «Оразаға қатысты 40 хадис» атты кітабында осы хабар келтіріледі. Біз бұл хадиске қарап отырып мынаны түсінеміз: пайғамбар Қадір түнінің нақты болатын кезін білген, бірақ екі адамның дауласып жатуы кесірінен оны ұмытып қалған. Дегенмен Қадір түнінің қай кезде екендігін білмеу мұсылмандар үшін қайырлы болуы да мүмкін…

«Ғалымдар Қадір түнінің мезгілі беймәлім болуының бірнеше пайдалы жағын айтады, делінген аталған кітапта. – Біріншіден, Қадір түні нақты белгілі болған жағдайда біреулер жалқаулығы себебінен басқа түндері құлшылық жасамас еді. Ал нақты белгісіз болғандықтан «Бүгін Қадір түні боп қалар» деген үмітпен басқа түндерді де құлшылықпен өткізеді.

Екіншіден, күнә істемесе тұра алмайтын адамдар бар. Егер Қадір түні мәлім болса, соны біле тұрып күнә істеп қоюы әбден мүмкін. Үшіншіден, адам қанша түнді Қадір түні деп өткізсе, соның әрбіріне сауап алады. Төртіншіден, Хақ Тағала Қадір түнін іздеп, бірнеше түнін құлшылықпен өткізген пенделерін періштелеріне мақтаныш етеді» делінген. Бұл айтылған тұжырымдардың ата-бабамыздан жеткен «Әр түніңді Қадір біл, әр адамды Қыдыр біл!» деген өсиетпен сабақтасып жатқанын байқау қиын емес.

Дегенмен «Қадір» сүресінде «бейбітшілік кеші» делінген түннің белгілері туралы да көп мәлімет бар. Мәселен, Ибн Аббас (р.а.): «Қадір түні – жақсылыққа толы берекет түн. Ыстық та, суық та болмайтын түн. Оның таңында күн әлсіз қызыл түсті болып атады»,  деген хадисті риуаят етеді. Тағы бір хабарда былай делінген: «Убай бин Кағб (р.а.) Қадір түні жиырма жетінші түн деп ант етті. Мен (Зурр бин Хубайш): «Уа, Әбу Мунзир (Убай бин Кағб)! Неге сүйеніп айтып отырсыз?» – дедім. Ол: «Алла елшісі (с.ғ.с.) айтып кеткен белгі бар. Қадір түнінен кейін күн шуақсыз атады». Ал Әбу Дәуіт: «Қадір түнінің таңында күн шуақсыз болады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді», дейді.

Осы хадистерде айтылып отырған күннің әлсіз қызыл түсті болып, шуақсыз атуын, ауа райының ыстық та, суық та болмауын біз Қадір түнінен кейін ертеңгі таңда байқаймыз. Егер шынымен сондай болса, осы өткізген түніміз шын мәнінде Қадір түні болғанына сенім мол.

Дінімізде «қадір» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, ол «үкім кесілетін түн» мағынасын береді. Қадір түнінде Алланың тағдырды үкім ететін мезгілі деп айтылады. Екіншіден, «Қадір» сөзі «абырой, ұлылық, орасан зор» мағынасын береді. Себебі, бұл ұлық және аса қасиетті кеш болып саналады. Оның маңызы мың айдан да қайырлы. Үшіншіден, «Қадір» сөзі «сығылысу, нығыздалу» мағынасын береді. Өйткені бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскенде жер жүзі тарлық етіп, олар сыймағандықтан бір-біріне сығылысады. Бұл туралы Құранда: «Періштелер және Жәбірәйіл (ғ.с.) осы түні Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі» деп баяндалады.

Бұл түні мұсылман баласы қандай іспен шұғылданып, нендей амал жасағаны абзал? Ислам ғалымдарының айтуынша, мешітте немесе өз үйінде көбірек ғибадат жасап, намаз оқып, құлшылығымызды арттыруымыз керек. Құран Кәрімді оқып, тыңдап, түсінуге ынта қойып, оған деген сүйіспеншілік байланыс орнатуға тиістіміз. Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, шапағатынан үміттеніп, оның үмбетінен болғанымызға шүкіршілік жасап, оның жолын берік ұстануымыз шарт. Қадір түніне қатысты жеткілікті мағлұмат беретін дін мамандарымен сұхбат құрып, мұсылман үмбетінің бірлігі мен ынтымағын арттыруға мән беруге тиістіміз. Осы түні Құдайдан исі мұсылман баласы үшін тыныштық пен амандық тілеп көп дұға жасаған дұрыс. Ғалымдар: «Күллі адамзатты апаттардан сақта» деп тілеген дұрыс екенін айтқан. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде су тасқыны болып жатқанда тілек қабыл болатын бұл түннің маңызы зор екенін еске сала кеткен ләзім.

Исламдағы кез келген ұжымдық құлшылықтың, діни мерекенің ең бас­ты мақсатының бірі – жамағаттың, елдің, қоғамның бірлігін арттыру. Өзара мейірімділікті паш ету. Қайырымдылық амалдарын жасау. Қадір түні де мешітте немесе басқа орында жиналған адамдар өзара ынтымағы мен достығын нығайтып, бір-біріне рухани демеу көрсетіп, хадисте айтылғандай «бір дене болуға» тырысады. Бұл түні тілеген тілек орындалалы. Сөзімізді Бұхаридың сахих хадистер жинағында келген мына хабармен тәмамдасақ: «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына сеніп, сауабын Алладан күтіп, ғибадат, құлшылықпен өткізсе, өткен-кеткен күнәлары кешіріледі».

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпЕскендір ЗұлқарнайҚадір түні
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Диалогтық алаң – достық дәнекері
Видео

Диалогтық алаң – достық дәнекері

09.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Студенттер арасындағы Құран жарысы

Студенттер арасындағы Құран жарысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81172 бөлісті
    Бөлісу 32469 Твитерге 20293
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1480 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    23 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2541 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00