Сенбі, 19 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндар адам Отанын сатпайды

03.11.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
159
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Отан – адам баласы үшін басты қазына. Кез келген адамға өзінің туып-өскен жері ыстық болары сөзсіз. Отан адамға бір-ақ рет беріледі. Және оны ешкім өз таңдауымен алмайды. Әр жанның тағдырына әр жерде туылу жазылғаны сияқты, әркімнің өз кіндік қаны тамған жері, тұңғыш табаны тиген топырағы болады.

Халық арасында «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Өзі туып өскен кішкентай ауылын бағалай білген адам ғана үлкен мемлекеттің де қадіріне жетіп, қастерлей білмек. Ал біздің ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Қазіргі таңдағы әлемдегі саяси және экономикалық ахуалдың күрделілігіне байланысты біз үшін ұлттық сана мен ұлттық идеологияның, патриотизмнің маңыздылығы өте жоғары. Әрине, оның ішінде біздің ел көп ұлтты және демократиялық, зайырлы мемлекет. Алайда сол көп ұлттылық пен діни ұстанымдардың қарама-қайшылығына қарамастан ауам халықты бір тудың астына біріктіретін «Отан» деген мызғымас ұғым әр қазақстандықтың жүрегінде болуы керек. Өйткені Қазақстанда өмір сүріп жатқан мұсылман болсын, христиан болсын, атеист болсын, агностик болсын барлығының отаны бір. Ол – Қазақстан.

Ал ислам дінінде Отан деген ұғымның дәрежесі биік, құндылығы жоғары. Мұны біз пайғамбар хадисінен айқын аңғарамыз. Бір күні бір сахаба пайғамбардан: «Иә, Расулуллаһ! Ең абзал амал не?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнгі намазға тұрудан қайырлы», – деп жауап берген. Осы мағыналас басқа бір хадисте: «Екі адамның көздері тозақта күймейді. Бірі – Құдайдан шынайы қорқып, жылаған көздер. Екіншісі – елін-жерін күзетіп, түні бойы ұйқы көрмеген көздер» деген.

Иә, Отан деген бір ғана сөздің артында ата-баба, ата-ана, ағайын-туыс, бауыр-қарындас деген сияқты қаншама ұғым жатыр. Демек, отанды сүюің арқылы сен осы аталған жандарды да жақсы көретініңді тағы бір дәлелдейсің. Осындайда, «Отанды сүю – иманнан» деген сөз еріксіз ойға оралады.

Адасқан шәкірт

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025

Дана қазақ халқы да өз ұрпағын ғасырлар бойы Отанды қорғауға, отансүйгіштікке баулыған. «Отанын сатқан – опасыз» деп қасық қаның қалғанша өз Отаныңның бір кәдесіне жарап кетуің керектігін түсіндірген. Тіпті қазақ жазирасында ғұмыр кешкен сақ, ғұн, түрік қағанаттарының қалдықтарынан, Орхон-Енисей жазбаларынан да патриоттық сарында, отансүйгіштікке шақыратын тарихи жәдігерлер табылғаны қазақ халқының байырғы бабаларының өзі Отанды қастерлеп, ардақтағандығына дәлел болып отыр. Одан бертін келе, қазақ халқы өз алдына мемлекет болып қалыптасып келе жатқан ғасырлардағы Бұқар, Үмбетей, Тәттімбет, Тұрмағанбеттен бастап, кешегі Мұқағали мен Мырза әлі сияқты ақын-жыраулар да туып-өскен жерін, өз Отанын өлең-жырына қосып өткен. Қазақ әдебиетінде Отан тақырыбына қалам тербемеген ақын немесе жазушы кемде-кем. Соның бірі Алаш қайраткері Міржақып өз өлеңінде:

«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан қажетіңе жараса Алаш» – деп, өзінің соңғы демі шыққанша Отанға, Алашқа қызмет етіп кетуге дайын екенін жеткізген. Ал ақиық ақын Мұқағали болса Отан туралы:

«Отан! Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!» – деп жырлаған.

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда елімізде кейбір діни ағымдар мен топтардың жетегіне ерген көп жастарымыз «қасиетті соғыс» деген жалған желеумен өз Отанын тастап, шет елдерге соғысқа аттанды. Бірақ олардың басым көпшілігі адасқандарын кеш ұғынып, бармақ тістеп, Отанның, бейбіт өмірдің, тыныштықтың қадірін түсініп, елге қайтып жатқанына куә болып та жүрміз. Ал шындығында мұндай ұғымда жүргендердің көбі дінді толық түсінбей, надандыққа бой алдырып жүрген қараңғы адамдар. Себебі дінді толық түсінген адам ешқашан мұндай жаңсақ пікірге еріп, өз Отанын, ата-анасын, ағайын-туысын тастап, көлденең көк аттылардың жетегінде кетпес еді. Өйткені олар пайғамбардың өзі Отанын қалай жақсы көргендігін білмейді. Әйтпесе өз Отанын сүймеген адам хижрет жасап кетіп бара жатқанда, туып-өскен жері Меккеге қарап көзіне жас алар ма еді?! Ұхұд тауына қарап сахабаларына: «Расында біз Ұхұдты жақсы көреміз, Ұхұд та бізді жақсы көреді» деп айтар ма еді?!

Ақиқатында, бұл әрекеттер өз Отанын, туып-өскен жерін, кіндік қаны тамған топырағын риясыз жақсы көрген жанның шынайы жүрегінен шыққан махаббаты емес пе? Демек ислам ешқашан кісінің өз Отанын сүюіне, патриот болуына тыйым салмайды. Қайта керісінше, өз Отанын жақсы көруге және оны қорғауға шақырады. Жоғарыда айтылған пайғамбар хадистері де соның дәлелі болмақ.

Сонымен қатар ислам діні ешқашан елде бүлік жасап, үй ішінен үй тігіп, басшыға қарсы шығуға немесе өз ұлтынан, Отанынан бездіріп, қантөгіске шақырған емес, шақырмайды да. Сондықтан егемен Қазақстанның егемендігін сақтау үшін әр адам отансүйгіш, қайратты һәм бәсекеге қабілетті тұлғаларға айналуы қажет.

Бақберген РАХЫМ,

Қызылорда облысы дін істері басқармасы

Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ-нің теолог маманы  

Таңбалар: отанОтаншылдықпатриотизм
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ел ерімен көрікті
Қоғам

Ел ерімен көрікті

22.03.2025
Елге қызмет – Ерге міндет!
Қоғам

Елге қызмет – Ерге міндет!

17.02.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елордада халықаралық Құран жарысы өтіп жатыр

Қарилар айрықша алғыс айтты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2822 бөлісті
    Бөлісу 1129 Твитерге 706

Соңғы жарияланымдар

Адасқан шәкірт
Ғибратты әңгімелер

Адасқан шәкірт

19.07.2025
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Рухани дипломатия қалыптастырудағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің рөлі

19.07.2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мешіт ашылды

19.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00