Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құранда еврейлер туралы не айтылған?

13.10.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
4.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ең біріншіден айта кетер мәселе, адам баласын Алла тағаланың Өзі ұлттарға бөлген. Біздің қазақ, орыс, араб, еврей, т.б. ұлттарға жатуымыз өзіміздің бөлінуімізден пайда болған нәрсе емес, Құдай солай болуын қалаған. Оған дәлел – «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Әй адам баласы! Күмәнсіз, сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ (мақтану үшін емес) бір-біріңмен танысып-білісу үшін сендерді ұлт-ұлтқа, ру-руға бөлдік…» деп айтылған.

Екінші айтар мәселе: Ислам діні ешбір ұлтты басқа ұлттан жоғары санамайды. Барлығы Құдайдың алдында тең. Дәлел – пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисі. Онда былай дейді: «Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ…»

Үшінші айтар мәселе: Құранда да, хадисте де ешбір ұлтты, тайпаны, руды жамандамайды. Тек олардың теріс іс-әрекеттерін айыптайды. Адамдардың да басқа ұлтты жамандауына, келеке қылуына, оларға түрлі айдар тағуына тыйым салынады. «Хужурат» сүресінің 11-аятында: «Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар» делінген.

Құранда еврейлер (яһудилер) немесе Израил ұлдары туралы 50 шақты рет айтылған. Кейбір аяттар оларды мақтаса, кейбіреулерінде еврейлердің теріс әрекеттерін сынаған. Бұл жерде ұлтты жамандау емес, олардың күнәларын әшкерелеу орын алғанын ұмытпайық.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Еврейлердің артықшылығы жайында кейбір аяттар

«Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық» («Духан» сүресі, 32-аят);

«Әй, Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, және әлемге артық еткенімді еске алыңдар» («Бақара» сүресі, 47-аят);

«Бір заманда Мұса (ғ.с.) өз еліне: “Әй елім! Алланың сендерге берген нығметін еске алыңдар! Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды, әрі сендерді патшалар жасады. Сондай-ақ сендерге әлемде ешкімге берілмеген нығмет берді» деген» («Мәида» сүресі, 20-аят).

Еврейлердің адасушылықтары туралы кейбір аяттар

«…Олардың серттерін бұзулары, Алланың аяттарына қарсы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері және жүректеріміз перделі деулері себепті Алла, әрине олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді» («Ниса» сүресі, 155-аят);

«Сонда олардың серттерін бұзулары себепті оларға лағынет етіп, жүректерін қатайттық. Олар, (Тәурат) сөздерін орнынан өзгертіп, оларға берілген үгітті ұмытты. Олардың өте азынан басқасының қиянаткерліктерін ұдайы сезіп отырасың. Сонда да оларды кешірім етіп, елеме. Расында Алла (Т.) игілік істеушілерді сүйеді» («Мәида» сүресі, 13-аят);

«Яһудилер мен христиандар: «Біздер Алланың ұлдары және сүйгендеріміз» деді. Оларға айт: «Онда Алла күнәларың себепті сендерді неге азаптайды? Керісінше сендер Алланың жаратқан адамысыңдар». Алла қалаған кісісін жаратып және қалаған кісісін азаптайды…» («Мәида» сүресі, 18-аят).

«Яһудилер: «Алланың қолы байланған (сараң)» деді. Бұл сөздері себепті олардың қолдары байланып, лағынеттелді. Керісінше, Алланың құдырет қолдары ашық, қалағанынша береді. Әрине Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран), олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сондай-ақ олардың арасына қияметке дейін дұшпандық, өштік салдық. Сондықтан әрқашан олар соғыс үшін от тамызса, Алла оны өшірді. Олар жер жүзінде бұзықтыққа тырысады. Алла бұзақыларды жақсы көрмейді» («Мәида» сүресі, 64-аят);

«Әрине мүміндерге адамдардан ең қатты дұшпан түрінде яһудилерді, мүшріктерді табасың. Және мүміндерге сүйіспеншілік тұрғысынан олардың жақынырағын: «Біз христианбыз» дегендерден табасың. Бұл олардың даналары, тақуаларының болуы және олардың менменсімейтіндіктері себепті» («Мәида» сүресі, 82-аят);

«Әй мүміндер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, сонда күдіксіз ол олардан. Расында Алла залым елді тура жолға салмайды» («Мәида» сүресі, 51-аят);

«Расында Израил ұрпақтарына кітап, патшалық, Пайғамбарлық және өздеріне таза ризық беріп сондай-ақ әлемдерге үстем қылған едік. Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді» («Жасия» сүресі, 16-17 аяттар);

«Сондай Израил ұрпақтарынан қарсы болғандарға, Дәуіт және Мәриямұлы Исаның (ғ.с.) тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман» («Мәида» сүресі, 78-79 аяттар);

«…Сендерден бұрынғы кітап берілгендерден (христиандар мен яһудилерден) және мүшіріктерден де көптеген реніш естисіңдер (яғни сол арқылы да сыналасыңдар). (Олар сендерге жәбір-жапа көрсетіп, жала жабудан тайсалмайды, бірақ соларға) Егер сабыр етсеңдер әрі сақтансаңдар (зұлымдыққа зұлымдықпен жауап қатпасаңдар), шәксіз бұл маңызды істер» («Әли-Имран» сүресі, 186-аят).

Еврейлермен қалай қарым-қатынас жасаймыз?

«Алла дін тұрғысында сендермен соғыспағандарға және жұрттарыңнан қуып шығармағандарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділдік етулеріңе тыйым салмайды. Шын мәнінде, Алла әділдік етушілерді жақсы көреді» («Мумтахина» сүресі, 8-аят).

Бұдан түсінетініміз: егер өзгелер (соның ішінде еврейлер де) біздің дініміз үшін өзімізбен соғыспаса және жерімізден қумаса, олармен жақсы қарым-қатынас жасауға болады.

Одан бөлек, Құранда еврейлер мен христиандардың тағамы (ескі кітаптарына сәйкес тағамдары) бізге адал екені және олардың қыздарына үйленуімізге болатындығы айтылған.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Израилькітап иелеріҚұранПалестина
Бөлісу101Твитерге63Бөлісу15Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады
Жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады

10.07.2025
Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтай ма?
Жаңалықтар

Иран мен Израиль арасындағы соғыс біржола тоқтай ма?

26.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жастардың рухани-құқықтық сауатын арттыру маңызды

Жастардың рухани-құқықтық сауатын арттыру маңызды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00