Сейсенбі, 8 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қаңсардан табылған жұмбақ қабір

25.08.2023
- Сұхбат, Таңдаулы
0
DCIM101MEDIADJI_0085.JPG

DCIM101MEDIADJI_0085.JPG

498
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ археологтері Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы ежелгі қорымдарда жүріп жатқан қазба жұмыстары барысында бұрын-соңды кездеспеген айрықша олжаға тап болды. Ол – бір қабірде жерленген ана мен баланың қаңқалары. Қаңсар қорымы Қатонқарағай ауданындағы Аққайнар ауылынан солтүстікке қарай бір шақырым жерде орналасқан.

Бұл қазба жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Алтай-Тарбағатай: қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейін» жобасы, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен «Шығыс Қазақстандағы көне түркі мәдени кешені: шығу тегі және трансформациясы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық өлкетану музейі және Ә.Марғұлан атындағы архео­логия институты мамандарының тікелей қатысуымен жүргізілген болатын.

сми

Осы қазба жұмыстарына жетек­шілік еткен – Ә.Марғұлан атын­дағы архео­логия институтының жетек­ші ғы­лы­ми қызметкері және Астана қа­лалық филиалының директоры, PhD Азат Айт­қали табылған қабір жайындағы деректер мен оның эксклюзивті суреттерін бірінші болып «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарымен бөлісті.

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025

– Азат Қалыұлы, сөзімізді жуырда көне қорымнан табылған қабірден бастасақ. Ол қашан және нақты қай жерден табылып отыр?

– Бір қабірде жерленген ересек адам мен кішкентай баланың қаңқалары Шығыс Қазақстан облысындағы Қаңсар қорымының №24 обасынан табылды. Ересек адам деп отырған себебім – оның еркек не әйел екені нақты белгісіз. Біз оларды ең алдымен, антрополог мамандарға тексеруге жібереміз. Содан кейін ғана оның жынысы белгілі болады. Сонымен қатар екеуінің арасында туыстық қатынас бар ма, оны да генетикалық талдаулар жасағаннан кейін нақты білеміз.

Суреттен көріп отырға­ны­ңыз­дай, үл­кен адам қабірдің ішінде шалқасынан жатыр. Сол қолымен кішкентай баланы құшақтаған. Баланың басы ересек адамның кеуде тұсында, өзі сәл қырынан жат­қызылған, сол қолы үлкен адамның үстіне қойылған.

– Бұл табылған адамдар кімдер, қай дәуірге және қандай тайпаға жататыны анықталды ма?

– Осы қорымда бірнеше жылдан бері жүргізілген археологиялық зерттеу жұ­мыстары кезінде обалардың орта ға­сыр­ларға жататыны белгілі болды. Атап айт­­қанда, радиокөміртектік талдауларға қа­райтын болсақ, олар VIII-IX ғасырларға тән және қимақ­тарға тиесілі екендігі анықталып отыр. Мына қабірден табыл­ған екі адам да сол ғасырларда жерленуі және қимақ тайпасына жататын адамдар болуы ғажап емес.

Қимақтар – елі­міздің аумағында орта ғасыр­ларда өмір сүрген және Ертіс өзені бойында үлкен қағанат құрған тайпа. Араб және қытай жазба деректерінде олардың көптеген қала­сы болғаны жайында мә­лі­меттер кездеседі. Мәселен, араб тарихшысы әл-Идриси қимақ­тардың 16 қаласы туралы жаза келе, олардың 12-сі Ертіс бойында орналасқандығы туралы болжам айтады. Бірақ, өкінішке қарай, қимақтарға тиесілі елді мекендердің орындары әлі күнге табылған жоқ. Қазіргі таңда тек сол дәуірде өмір сүрген адамдар жерленген обалар ғана белгілі болып отыр.

– Осы қатар жерленген екі адам­ мүрдесінен басқа, қабірден басқа қан­дай жәдігерлер табылды?

– Ол жерден темірден жасалған 5 жебе салынған қорамсап, темір ауыздық, садақ пен пышақтың бөліктері, басқа да темірден, сүйектен жасалған бұйымдар та­былды. Ең қызықты жәдігер – бала­ның кеуде тұсында матаға оралған қола бұйым. Оның бе­тінде оюлары бар. Бірақ әлі рес­тав­рация жасал­мағандықтан, нақ­ты қандай ою немесе сурет салын­ғаны белгісіз. Біздің бол­жауымызша, сол замандағы діни наным-сенімдерге байланыс­ты аңның немесе өсімдіктің бейнесіндегі суреттер болуы мүм­кін. Бұл жәдігер баланы тіл-көзден сақтайды деп тағылған тұмарға ұқсас зат болуы да ғажап емес.

– Бұған дейін ел аумағынан осын­дай қос адам жерленген қабір­лер табылған ба еді?

– Жоқ, бұл бірінші жағдай. Жал­пы, қай дәуірдегі қабірлерді алсақ та, ересек адам мен баланың бірге жерленуі жалпы әлемдік археологияда сирек кездесетін жайт.

– Оларды не себепті бірге көмуі мүм­кін, екеуі бір уақытта қайтыс болған ба, әлде басқа себеп бар ма?

– Дәл қазір бұл адамдардың қан­дай жағдайда және не себептен қайтыс болғанын нақты болжау қиын. Жоғарыда айтқанымдай, антрополог мамандардың зертте­уінен кейін ғана оның анық-қаны­ғына жететін боламыз.

– Бүгінде қай жерде және қан­дай бағытта археологиялық қазба жұмыс­тарын жүргізіп жатырсыздар?

– Археология институтының қазіргі үлкен бастамасы – «Қазақ­стан тарихын­дағы ғұн-сармат дәуірі: пәнаралық зерттеу, талдау және реконструкция» атты жоба аясында Қатонқарағай ауда­нына қарасты Аршат ауылы­нан 11 шақырым жердегі Таутекелі қорымында ғұн-сармат ұлы қо­ныс аудару дәуіріне жататын ескерт­кіштер зерттеліп жатыр. Бұл жерде 18 жерлеу нысаны зерттеліп, қыш ыдыстардың сынықтары мен асыл тастардан және каури моншақтарынан жасалған түрлі әшекей бұйымдар табылды.

Жалпы ғұн-сармат дәуірі – қазақ тарихындағы өте маңызды кезеңнің бірі. Себебі ол сақ-скиф заманынан кейін және түркі дәуі­ріне дейін болған үлкен хроно­логиялық кезең. Өкінішке қарай, өте аз зерттелген. Оның тек Қазақ­стан емес, жалпы әлем тарихы, соның ішінде Еуропа тарихы үшін де маңызы өте зор. Себебі ғұн империясы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы түрлі тайпалар батысқа қарай жылжып, Еуразия даласында саяси-әлеуметтік, мә­дени өзгерістердің орын алуына түрткі болғаны белгілі.

Сонымен қатар ғұн импе­рия­сы­ның құлауына себеп бол­ған сәмби тай­па­лық конфе­дера­циясының тарихы да біз үшін өте маңызды. Біз Таутекелі қо­ры­мында осы сәмби дәуіріне жататын ескерткіштерді таптық. Оларға тиесілі көне орындар 2015 жылдан бері Берел қорымында жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде де табылған. Жалпы, Орта­лық Азия көшпелі тайпаларының этномәдени тарихында ғұн державасы ыды­рағаннан кейін келген сәмбилердің дәуірі жан-жақты зерделеп, бұған дейін бел­гісіз болып келген деректерді ғылыми айналымға енгізу ел тарихына қосылған баға жетпес олжа болар еді.

Бұдан бөлек, біз Көкентау архео­­ло­гиялық кешеніндегі зерттеу жұ­мыс­тарын қайтадан жандан­дырдық. Бұл кешен Семей қаласынан 80 шақырым және Көкентау ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 2014 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізіл­ген. Биыл «Көкентау археологиялық ке­шені» жобасы аясында ерте темір дәуірі ескеркіштеріне археологиялық зерттеу жұмыстары жалғасын тауып отыр.

Әңгімелескен

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ана мен балаАрхеологиябасты тақырып
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мүфтият депутат Аманжол Әлтаевқа жауап берді
Жаңалықтар

ҚМДБ: Әйелдер бет-жүзін бүркемелеуге міндеттелмеген

03.07.2025
«Нұр Мүбарак» университетінің түлектеріне диплом табыстады
Жаңалықтар

«Нұр Мүбарак» университетінің түлектеріне диплом табыстады

03.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қостанайда 4 пәтердің кілті иелеріне табысталды

Қостанайда 4 пәтердің кілті иелеріне табысталды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады
Жаңалықтар

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025
Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды
Жаңалықтар

Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды

07.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00