Дүйсенбі, 14 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрбандық шалу – Аллаға жақындау амалы

30.06.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
161
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бәрімізге мәлім «құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың разылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде арнайы мал құрбандыққа шалынады.

Құрбандық малын құрбан айт күнінен бұрын Алла тағалаға жақындау ниетімен және шын көңілімен сатып алып, қорада ұстау – үлкен сауапқа кенеледі деген Ахмад Мақсуди өз «Ислам ғибадаты» кітабында. Алла тағала Құран Кәрімде: «Кім Алланың діннен еткен белгілерін ұлықтаса, онысы – жүректердің тақуалығынан болғаны», – деп айтқан. Бұл аятқа қатысты Ибн Аббас малдың семізін, жақсысын және үлкенін таңдау да Алланың діннен еткен белгілерін ұлықтауға жататынын айтқан.

Сондай-ақ Ахмад Мақсудидің айтуынша, зүлхижжаның оныншы күні кіргенде құрбан шалушы кісі малды бауыздамайынша, шашы мен тырнақтарын алмауы игі амал екен. Алайда алып қойса ештеңке болмайды делінген. Бұл Үмму Саламадан деген хадисте былай сипатталған: «Зүлхижжа айының туғанын көрген кездеріңде біреулерің құрбандық шалуды қаласа, шашы мен тырнақтарын алмай қоя тұрсын»,- деп айтқан.

Құрбан шалуға байланысты «Ислам ғибадаты» кітабынан бірнеше деректер:

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

13.07.2025
Атырауда медресе салынып жатыр

Атырауда медресе салынып жатыр

13.07.2025

 

– Малды құрбан шалушы кісінің өзі бауыздауы қажет. Өйткені Алланың елшісі құрбандыққа арнаған малдарын өзі бауыздаған. Мал бауыздауды білмейтін кісі малды қинамауы үшін және әйел кісі басқа мұсылманға бауыздатуына болады. Бауыздаған кезде малдың қасында тұрулары – мустахаб. Пайғамбар Фатимаға(с.ғ.с): «Құрбандық малыңның қасында тұр. Одан аққан қанның бірінші тамшысымен саған кешірім нәсіп болады»,-деген.

– Бауыздаушы кісінің жүзі құбылаға қарауы. Сол секілді құрбандық та құбылаға бағытталып, жерге сол қырымен жатқызылады. Сосын: «Алланың атымен Алла Ұлы, Аллаһым, бұл Сенен және Саған»,- делініп мал бауыздалады.

– Пышақтың өте өткір болуы. Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деді: «Расында, Алла әр нәрсені өте жақсы атқаруларыңды уәжіп етті. Мал бауыздасаңдар, өте жақсылап бауыздаңдар. Әркім пышағын өте жақсылап қайрасын да бауыздайтын малын қинамастан рақатына батырсын»,- деп айтқан.

– Құрбандық малының етінен жеу және садақа ету. Алла тағала Құран Кәрімде: «Одан жеңдер және бейшара пақырды тамақтандырыңдар»,-деген.

– Малдың терісін өзінде қалдыру немесе сату.

«Кім шалған құрбандығының терісін сатқан болса, құрбандығы жүзеге аспады», – деп айтқанын жеткізген. Яғни шалған малының терісін пайдаланып немесе сатып қойған кісі құрбандығы жойылмас үшін, терінің құнындай садақа беруі – уәжіп. Сол секілді құрбандық малының жүнін қырқып алу – мәкрүһ. Егер туған болса, сүтін пайдалану– мәкрүһ.

– Қасапшының ақысы құрбандық етінен берілуі керек.

Алайда қасапшы пақыр болса, оған ақы ретінде емес, үлесі ретінде беріледі. Ал ақысы үлесінен бөлек қаражатпен берілуі шарт. Әли (Аллаһ тағала оған разы болсын): «Алланың елшісі маған жетектеп әкелген түйелерін шалуымды және олардың еттері мен терілерін бүтіндей міскіндерге үлестіріп беруімді және қасапшыға одан ешнәрсе бермеуімді бұйырды да: «Біз оған өз жанымыздан төлейміз»,- деген екен.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: құрбан шалу
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды
Жаңалықтар

Құрбан айттың қорытындысы жарияланды

09.06.2025
Ислам

Құрбан шалу не үшін уәжіп?

03.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қажылық сапары алаяқтықтан қашан арылады?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес
Сұхбат

ҰҚК төрағасы: Діни-экстремистік ұйымдар радикалды идеологиясын насихаттауды тоқтатар емес

13.07.2025
Атырауда медресе салынып жатыр
Жаңалықтар

Атырауда медресе салынып жатыр

13.07.2025
Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?
Сұхбат

Заңның жаңа нормасы: ниқаб кию қалай реттеледі?

12.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00