Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ата-ананың қадірі

10.05.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
998
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Тағала он сегіз мың ғаламды жаратқанда, сол жаратылыстың ішіндегі ең кереметі етіп адамды жаратқаны сөзсіз. Ал сол адамзаттың өсіп-өнуі, көбеюінде ата-ана дәнекер болатыны ақиқат. Адам баласының өміріндегі ең баға жетпес құндылығы, қазынасы – ата-ана.

Сан мың ғасыр өтсе де, өшпес, дамылдамас ұлы махаббат бар десе, ол әке мен ананың балаға деген ыстық ықылас, риясыз көңілі, тап-таза пейілі болар еді. Жарық дүниеде ештеңе орнын толтыра алмас бір нәрсе бар десе, ол да ата-ананың аялы алақаны, жылы жүрегі, мейірімді жанары болса керек.

Ата-ананың қадірі асыл дініміз Исламда да лайықты бағаланғанын анық ұғынамыз. Өмірде үш дұға үнемі қабыл болады екен. Соның бірі – ата-ананың ұрпақтары үшін жасаған дұғасы. Бұл туралы: «Ата-ананың баласына жасаған дұғасы міндетті түрде қабыл болады», – дейді. Расында да, аласапыран дүниеде ешқашан жамандық тілемейтін жандар ата-ана екеніне өмірдің өзі дәлел бола алады. Құран аяттарында әке-шешеге жақсылық жасау үнемі абзал іс саналады. Әке мен анаға жасаған жақсылықтың сауабы сан мың есе екенін «Алланың разылығы – ата-ананың разылығы» деген хадистен-ақ көрініп тұр. Керісінше, ата-ананы сыйламау дінде ең ауыр күнәлар қатарына жатады.

Сахаба Абдулла ибн Аббас бізге Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дегенін баяндайды: «Кімде кім ата-анасына сүйіспеншілік пен жылы шырай танытып қараса, сол көзқарасының өзі ғана «хажж-мәбрур» жасағандай сауапқа кенелтеді». Хажж-мәбрур анадан жаңа туылғандай күнәсіз пәк күйге түсіретін, Алланың ризашылығына сай орындалған қажылықты білдіреді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

15.05.2025
Тойымсыздық синдромы

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025

Қазақ танымында, ауыз әдебиетінде де осы тәрбие көрініс табады. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», – деген. Бір ғана мақалдан ананың мейірім-шапағатын бала ешқашан өтей алмайтынын жеткізіп тұрған жоқ па?! «Жалғыз баласы атқа шапса, атасы ауылда тұрып, тақымын қысады», «Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа!», «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтылмайсың» деген секілді толып жатқан халық даналығының ортақ мән-мағынасы – ата-ана қадірін ұғыну, көзі тірісінде аялау. Тәлім мен тәрбие, өнегелі өсиетті ұғып өсу үшін ұрпаққа ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласы керек екені сөзсіз. Ананың мерейлі мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала талап қылып, оқу-еңбекке араласса ғана өмірден өз керегін таба алады. Қауызын жаңа ашқан жас өскін – балғын бүлдіршін үшін отбасы тәрбиесі, әке мен ананың орны еш уақытта толтыруға келмейтін дүниенің ең асылы, ең бағалысы, ең құдіреттісі.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай-ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң «Құтты бiлiк» еңбегiнде:

«Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

Өзгермейдi салғанша ажал құрығын», – дейді.

Бұл ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығын айтады. Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. «Әке көрген оқ жонар», – деген осыдан шыққан.

Бүгінде қатігез қоғамда өз ата-анасын далаға тастап, баз кешкендер қаншама? Қазақ халқының дүниетанымында қара шаңырақ, бесік секілді ұғымдар – концепт деңгейіне көтерілген, ұлттың ұлылығын танытатын дүниелер. Ал қазіргі қоғамда бұл екеуінің де мәртебесі түскен. Қара шаңырақта ақылын айтып, барын беріп, бағыттап, жол сілтеп, жөн көрсетіп отыратын ата-ананың орнын қарттар үйі деп түсінетіндер көбейген.

Кез келген нәрсе дәл уақытында құнды. Бес күндік жалған дүниеде ата-ананың орны да сондай. Бұл дүниеге бәрі – қонақ. Ешкім де, ештеңе де мәңгілік емес. Ендеше, аз ғұмырдың ең сыйлы қонақтарын қадірлеп, разы қылудан артық не бар екенін ұмытпауымыз керек.

Д. ТҰРСЫНБАЙ,

теолог маман

Таңбалар: ана мен балаАта-анаотбасы
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Имамдар форумында екі маңызды құжат қабылданды
Жаңалықтар

Имамдар форумында екі маңызды құжат қабылданды

14.05.2025
Ер кісі отбасы үшін жауапты ма?
Сұрақ-жауап

Ер кісі отбасы үшін жауапты ма?

14.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Оларды адастырған – ақида

Оларды адастырған – ақида

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75356 бөлісті
    Бөлісу 30142 Твитерге 18839
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Дін саласындағы құжаттандыру бойынша семинар өтті
Жаңалықтар

Дін саласындағы құжаттандыру бойынша семинар өтті

15.05.2025
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

15.05.2025
Тойымсыздық синдромы
Қоғам

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00