Жұма, 12 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала өмірдің мәні ме, қызығы ма?

22.02.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
788
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жалпы, өмірден мән іздеушілер көп. Бірақ оны табушылар аз. Біреуі байлықтан мән іздесе, біреуі кедейлікті құп көреді және оны өмірдің мәні санайды. Біреу өмірдің мәнін қызмет пен шеннен іздесе, біреу атақ пен абыройдан іздейді. Ал біреуі ата-ана болу өмірдің мәні деп санайды.

Бірақ, имандылықтың өмірдің мәні екенін көбі біле бермейді. Яғни, Аллаға, пайғамбарларға, кітаптарға, періштелерге, ақырет күніне, тағдырға және өлгеннен кейін қайта тірілуге сенуді иман десе, ал оған иман етушіні (сенгенді) мүмін демек. ИМАНДЫЛЫҚ деген осы-дүр.

Имандылықты «1» деп алып, ал жоғарыдағы дүниелерді «0» деп есептеп, 1-дің алдына қоя берсең, ол бәрібір 1 болмақ. Ал имандылықтан кейін «0»-дерді қойып толтырсақ, ол көөп сан болмақ. Абайдың «Еденица болмаса, не болады өңкей нөл» дегені де осы.

Жақсы, иманды болуды өмір мәні дедік. Себебі, иман да Алланың өз сүйген құлына берер сыйы. Осы иманмен өтсек осы дүниеде де сыйлы, ақыретте де құрметті боламыз. Қазақ сол себепті «Бірінші – иманым, екінші – жиғаным» дейді. Абай хәкімнің: «Мүмін болсаң әуелі иманды бол, иман өзі адамға ашады жол», – деуі бекер емес. Яғни иманды адамның екі дүниеде де жолы ашық және екі өмірі де мәнді.

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026

Ал бала ше? Алла Құранда: «Негізінде малдарыңды және балаларыңды сынақ деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар», – дейді («Әнфәл» сүресі, 28-аят).

Ал өзге аятта: «Адамдарға әйелдерден, балалардан, алтын-күмістен жиналған қазыналардан, керемет сәйгүліктерден, төрт түліктерден және егіндерден келетін қызықтаулар әдемі көрсетілді (Адамның көз жауын алатындай тартымды). Бұлар – дүние тіршілігінің қызықтары. Ал қайтар орынның ең жақсысы Алланың қасында», – дейді. («Әли Имран» сүресі, 14-аят).

Абай хәкімнің: «Ата-анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі», ؘ– дейтіні де осы аятқа негізделген түсінік [Қараңыз: Абай, Екі томдық шығармалар жинағы, Алматы, Жазушы, 2004. 1-том, 123-бет].

Яғни, бала «өмірдің мәні» емес, «бала – ата-анаға көз қуаныш». Қазақ ешқашан «Бала – өмірдің мәні» демеген. Жоғарыда аталған байлық, алтын-күміс, егіншілік, әйел мен төрт-түлік мал және балалар секілді құндылықтар өмір мәні емес, өмірдің қызығы ғана. Өмірдің қызығы көп. Соның бірі – бала-шаға.

Абай хәкім сол себепті: «Өмірдің бір қызығы бала деген», – дейді [Қараңыз: Абай, Екі томдық шығармалар жинағы, Алматы, Жазушы, 2004, 1-том, 45-бет].

Ойланып қарасақ, өмірдің мәні иманды болуда жатыр. Сол секілді, «бала үшін өмір сүремін» деу де қате түсінік. Балаға жақсы тәрбие бер. Ал өзің имандылық пен Алла алдындағы абыройың үшін, қайырлы өлімің мен сауапты өмір сүруің үшін өмір сүр. Біз мәңгілікті «мән» дейміз. «Мәңгі бақи» дейміз. Ал өмірді жалған, «фәни дүние» дейміз. Жалған дүниеге бала да кірсе, оны «мән» деу қаншалықты дұрыс? Ол үшін өмір сүру қаншалықты орынды? Бала да – уақытша берілген сый. Өлсең, ол да қалады. Сол себепті, Абай ұлы Әбдірахман өлгенде: «Оны да алды бұл өлім, сабырлық қылсақ керек-ті» деп  өзін жұбатады [Абай.Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. Жазушы. 2004. 1-том 162-бет].

Адамға сабыр беретін – Алла. Ал Аллаға сенуді иман дейді.

Нұрлыбек САБЫРҒАЛИЕВ,

Халықаралық Журналистер одағының мүшесі

Таңбалар: Ата-анабалаиманимандылықотбасыТәлім-тәрбие
Бөлісу19Твитерге12Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Отан және иман

06.06.2026
Мемлекет және дін

Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

29.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алматы облысында Құранды жатқа оқудан сайыс өтті

Алматы облысында Құранды жатқа оқудан сайыс өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00