Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қайырымды қала» басшысының бойынан табылуы тиіс қасиеттер

20.01.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлем халықтарының тарихына көз жүгіртсек, ордалы жұрттардың барлығында дерлік ел билігі әкеден балаға көшетін дәстүр берік ұсталған. Мұндай ұрпақ жалғастығы тек билеуші әулет біржола алмасқан жағдайда ғана бұзылған. Әдетте шах, халифа, король немесе патша дүние салған соң, оның үлкен ұлы таққа көтерілген. Әміршінің артында қалған ұлдың билік басына шығуына оның ақыл, қабілет дәрежесі, жасының кәмелетке толу-толмауы еш бөгет болмаған.

Тарихтағы үлкен империялардың өзінің шежіресін байыптасақ, айбарлы патшадан соң оның есалаң баласы, білікті корольден соң оның бесіктегі баласы тақ иесі деп жарияланған мысалдар көп. Мұндай әмір жүргізуге мүмкіндігі жоқ әміршілердің тұсында ханым-ана немесе оған жақын ірі феодалдар билік құратын. Орталық өкіметтің босаңсуы нәтижесінде жұрт тозған, халық күйзелген, шапқынға түскен, тіпті ел ішін өзара қырқыс жайлаған жағдайлар да ұшырасатын.

Біздің Қазақ хандығы деп аталған ежелгі мемлекетімізде билік алмасудың бұдан мүлде өзгеше түрі қалыптасты. Қазақ дәстүрінде әрбір жаңа хан өзінің тумысымен емес, болмысымен билікке жеткен, яғни ханның ұлы емес, халықтың ұлы ретінде танылған сұлтандардың бірі көпшіліктің қалауы бойынша хан сайланған.

Қоғамдағы тыныштық пен татулықты қамтамасыз ететін жүйе – мемлекет. Мемлекеттік құрылым және сол саяси жүйенің заңдарында басшыға бағыну арқылы қоғам баянды және бақытты жолға қол жеткізе алады. Осы себепті де Ислам шариғаты бойынша мемлекет басшысына мойынсұну діндарлықтың басты ұстанымдарының бірі болып есептеледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

15.05.2025
Тойымсыздық синдромы

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025

Әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ең танымал еңбектерінің бірі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат». Оның ізгі қоғам туралы ойларына қарап, «қайырымды қаланың», яғни мемлекеттің лайықты гүлденіп, өмір сүруі үшін жеке тұлғаның қаншалықты маңызды екендігіне баса мән бергендігін аңғарамыз. Жеке тұлғаның немесе ел басшысының мемлекет дамуындағы рөлі қашан да жоғары болып келген және қазір де солай десек қателеспейміз.

Әбу Насыр әл-Фараби аталған еңбегінде қала бақытты болуының үлкен кілті – бірінші басшыға байланысты екендігіне баса назар аудартады. Қайырымды қаланың бірінші басшысы – ол қайырымды халықтың, тіпті жер жүзін мекендейтін барша жұрттың басшысы да бола алатындығын айтады. Ол үшін бірінші басшыға тән он екі қасиет оның бойында жинақталған болуы тиіс дейді.

Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, «қайырымды қала» басшысының бойынан табылуға тиісті қасиеттердің мағынасын аша отырып, әрбірінің қысқаша анықтамасын беруді жөн көрдім.

  1. Басшының он екі мүшесі бүтін, дені сау болуы керек;
  2. Ақыл-есі бүтін, айтылған сөзді ұғатын болуы керек;
  3. Есте сақтау қабілеті мықты, алғыр да аңғарымпаз болуы керек;
  4. Сөзі өткір, тілге шешен болуы керек;
  5. Өнер-білімге құштар, оқып үйренуден шаршамайтын, білімпаз болуы керек;
  6. Тамақсаулықтан, артық ішіп-жеуден, орынсыз сауыққұмарлықтан аулақ болуы керек;
  7. Әділетсүйгіш болуы, озбырлар мен әділетсіздерді жақтаудан аулақ, ел-жұртқа қайырымды, мейірімді және шыншыл болуы, маңына шыншыл адамдарды жиюы, өтірікшілерден аулақ болуы керек;
  8. Рухы биік, ар-намысты биік ұстайтын болуы керек;
  9. Пасықтықтан аулақ, игі істерге ынтызар болуы керек;
  10. Байлыққа құмарлықтан, ашкөздіктен аулақ болуы керек;
  11. Бір сөзді, бірақ қыңыр болмауы тиіс, жаман қылықтарға ымырасыз болуы керек;
  12. Өзі дұрыс деп тапқан істі жүзеге асыруда шешімшіл, қорқып жасқануды білмейтін батыл да ержүрек болуы керек.

Ұлы ойшыл саралап айтқан он екі қасиет басшының бойынан табылса, ол басшы өз қаласын әділдікпен басқара алатынына сенім артуға болады. Себебі, кішіпейіл, адамгершілік-имандылық тәрбиесі бар, қайратты, еңбекқор, тілге шешен, табиғатпен байланыс жасап, өнердегі әсемдікке жаны құштар, ақыл-білімге үйрете білетін, қажет болған жағдайда орынды қалжың айта алатын тапқыр басшы өз ісінің шебері болатыны даусыз.

Әл-Фараби өз туындысында феномен басшының даналық, көрегендік қасиетін әрдайым жоғарыға қояды. Басшының қабілетсіздігінен, біліксіздігінен қаланың құрып та кету мүмкіндігін жоққа шығармайды: «Егер әйтеуір бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бәріне сай келе тұрса да, қайырымды қала басшысыз қалмақ, ал қаланың өзі құрып кету қаупіне ұшырайды. Ал егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құритын болады», – деген екен.

Сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фараби өз трактаттарында қала басшысының дара билігімен қатар, топтық биліктің түрі салтанат құру мүмкін екенін де атап өтеді. Мұны біз парламенттік-президенттік басқару үлгісі деп ұқсақ болады: «Жақсы қасиеттердiң бәрiн өз бойында ұштастыратын адам болмаса, бiрақ бұл қасиеттер бiр топ адамның арасында жеке-дара дарыған болса, онда бұл топтың мүшелерi бiрлесе отырып, әкiмнiң орнына ие болады, оларды жұрт жақсы басшылар және қадiрлi адамдар деп атайды, ал олардың басқаруы қадiрлi адамдардың басқармасы деп аталады».

Қазіргі танда болашақ басшысының ең маңызды қасиеті, ғалымдардың ойы бойынша мотивациялық білім негізінде қызметте жетістікке жетуді бағдарлау және:

Технологияны қолдану мақсатындағы техникалық сауаттылық;

Көп көлемдегі мәліметтерді қайта өңдеу икемділігі;

Коммуникацияның түрлі көздерін пайдалана білу;

Корпорация ішінде серіктестікті ұстану.

Аталған қасиеттердің бәрі бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Алла елшісі Мұхаммед (с.а.с.) басшылық екі дүниеде де жауапкершілігі мол іс екендігін үмметіне ісімен көрсете отырып, көптеген мағыналы өсиеттерін қалдырып кетті.

Шариғат бойынша мемлекет басшысы қоғамды әділ басқарған жағдайда, шыққан тегі, ұлты, нәсіліна қарамастан халық оның жүргізген саясатына қолдау білдіруі керек. Бұл турасында Хақ Елшісі (с.а.с): «Сіздерге басшы болып тағайындалған адам басы мейіздей қап-қара құл болса да оған мойынсұныңыз», – деп бұйырады. Яғни, мемлекет басшысының ата-тегінен кінәрат іздеп, жеке басын кемсітетін қателіктер таңып, оған қарсы тұру шариғатқа қайшы келеді.

Өткен ғасыр қойнауларына үңілсек, небір қанқұйлы залым патшалардың салтанат құрғанын көре аламыз. Алайда, тарих әлдеқашан оларға өз бағасын беріп қойған. Ал шариғат бойынша зұлымдық көрсетпеген басшыға халықтың мойынсұнуы міндет саналады.

А. СЕЙДУӘЛІ,

теолог маман

Раушан НАРБЕК

Таңбалар: басты тақырыпбасшыбасшылықмемлекет басшысыПрезидент
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Можно ли совершить хадж без визы?
Жаңалықтар

ҚМДБ: Жалған қажылық жасағандарға айыппұл салынады

13.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Биылдан бастап елімізде төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Биылдан бастап елімізде төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75349 бөлісті
    Бөлісу 30140 Твитерге 18837
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Дін саласындағы құжаттандыру бойынша семинар өтті
Жаңалықтар

Дін саласындағы құжаттандыру бойынша семинар өтті

15.05.2025
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

15.05.2025
Тойымсыздық синдромы
Қоғам

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00