Жұма, 13 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жиһадтың мәнін жете түсін

02.12.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
219
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жасыратыны жоқ, бүгінде әлеуметтік желілерде «жиһад» барлық мұсылмандар үшін парыз, сондықтан нағыз мұсылман жастары Таяу Шығыс секілді жерлерге барып, «кәпірлерге» қарсы соғысуы керек деген үндеу жарияланып жатыр.

Атап айтқанда, Түркия сияқты қарулы қақтығыс жоқ жерде жасырынып жүрген және жастарды Сириядағы соғыс ошағында «отын» болуға шақыратын Абдулла Зуфар сияқты адамдар біздің азаматтар мен жасөспірімдерді өздерінің арам-пиғылды істеріне пайдаланғысы келеді.

Қастандық жасаушылардың «осы үммет үшін жиһадсыз өмір болмайды» деген сөзіне алданған кейбір жастар «жиһадты» соғысу деген тар оймен Сириядағы террористер қатарына қосылды. Сайып келгенде, бұл құрбандар шайқаста өледі немесе үкіметтің, басқа күштердің қолына түсіп, өмірлерін түрмеде өткізеді. Сол аты-жөні белгісіз содырлардың әйелдері, панасыз балалары аш және білімсіз қаңғып қалады.

Жоғарыда айтылғандарға сай, әлем ғалымдардың пікірлерін де пайдалана отырып, исламдық ілімдердегі «жиһад» ұғымының таза мағынасын еске түсіру орынды.

Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025

«Жиһад» араб тілінен аударғанда «байсалдылық», «құлшыныс» дегенді білдіреді. Жиһадты ислам құқықтанушылары «жүректің жиһады» (өз қалауымен және жаман мінез-құлқымен күресу), «тіл жиһады» (жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю), «қол жиһады» (қылмыскерлерді жазалау) және «қылыштың жиһады» (жаумен қарулы күрес) деп бөледі.

Алла елшісі (с.а.с.) хадисінде: «Ең жақсы жиһад – адамның өзін жеңуі», – деген. Жиһад туралы Имам әт-Тирмизи: «Жиһадтың ең жақсысы – сендердің Алла жолында өз қалауларыңа қарсы жиһад жасауың», – деп риуаят еткен.

Білім алу үшін барын салып жатқан жасөспірімнің ағарту жолындағы әрекетін жиһад десек, ал ата-анасының разылығын шын жүректен іздеген адамның ата-анасына қызмет етуін жиһад деп айтуға болады. Әл-Бұхаридің риуаятында бір адамның Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, жиһад жасауға рұқсат сұрағандығы туралы риуаят етілген.  Ол: «Ата-анаң тірі ме?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деп жауап берді.  Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Онда олардың жолында жүріңдер» деген.

Шейх Абдулазиз Мансур айтады: «Егер жиһад исламдық мемлекет құру немесе адамдарды дінді қабылдауға мәжбүрлеу үшін енгізілген болса, Алла Елшісінің (с.а.с.) өзі бұл тұрғыда үлгі болар еді. Яғни, ол бірінші болып Меккедегі мүшріктерге соғысу және исламдық мемлекет құру үшін жиһад жариялар еді.  Алайда, Пайғамбар (с.а.с.) мұны жасамаған.

Исламның соғысқа рұқсат етуі мүшріктердің шабуылын тойтару, жаудан қорғану мақсатымен тікелей байланысты. Мекке кезеңінде мұсылмандар мүшріктерден қанша құқай көрсе де олармен қарулы қақтығысқа бармаған. «Уа, Расулалла, біз мүшрік кезде еңсеміз тік еді, ешкімге бас имей өмір сүріп едік, мұсылман болғанда еңсеміздің түскені қалай, неге соғыспаймыз?» деген Абдурахман ибн Ауф пен серіктеріне хазірет пайғамбар: «Маған кешіріммен қарау бұйырылды, сол үшін ешкіммен қақтығысқа бармаңдар» деген.

Тағы бір хадисте «Дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер. Алайда дұшпанмен бетпе-бет келе қалсаңдар, сабыр етіп, табандылық танытыңдар» делінген. Бұл деректерден исламның соғысты қаламайтын бейбіт қалпын көреміз.

Дегенмен ислам келгеннен кейінгі уақытта мұсылмандарға деген қоқан-лоққы көбейіп, қысым арта түскен. Мүшріктер мұсылмандарды сенімінен бет бұрғызу үшін қысымды мейлінше арттырған. Осы себепті мұсылмандар көрші елге көшіп кетуге (хижрет) мәжбүр болды.

Меккедегі мүшріктер мұсылмандардан тонап алған мүліктерді түйелерге тиеп, Шамға, Сирияға сатуға алып шыққан уақытта мұсылмандар олардың жолын кесіп, қолды болған мүліктерін қайтарып алуды қалады. Бірақ мүшріктер соғысты таңдады. Осы жағдайда барып мұсылмандарға соғысқа алғаш рет мына аят арқылы рұқсат берілді: «Өздеріне қарсы соғыс ашылған мұсылмандарға (мүшріктермен) соғысуға рұқсат берілді. Өйткені, олар зұлымдыққа ұшырап, жәбір көрді. Әлбетте,  Алла Тағала оларға жәрдем беруге толық күші жетеді. Олар ешбір себепсіз тек «Раббымыз Алла» дегені үшін отандарынан қуылды…» («Хаж» сүресі, 39-40).

Яғни, өздеріне жәбір көрсетіп, түрлі қиыншылыққа душар етіп, атамекенінен қуып, дүние-мүліктерін талан-таражға салған мүшріктермен соғысуға тек он бес жылдан кейін ғана рұқсат етілді. Бұдан исламның бейбітшілікті негіз ететінін аңғарамыз.

Құранда «Егер олар сендерден аулақ тұрса әрі сендермен соғыспаса, тіпті сендермен бейбіт тұруды ұсынса, онда Алла Тағала сендердің оларға шабуыл жасауларыңа  ешқандай жол бермеді» делінген.

Тіпті аятта мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуы да сөз етілген. «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз отандарыңнан кетірмеген адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді»

Жиһад ұғымы адамнан адамға, қоғамнан  қоғамға, жағдайдан жағдайға қарай түрленіп отырады. Бір дәрігердің өз саласында кәсіби деңгейге қол жеткізу үшін тынбай талпынуы мен ізденуі, экономика маманының елдің әлеуметтік жағдайының түзелуі үшін жұмсаған қажыр-қайраты, мұғалімнің сауатты түрде бала оқытуы – мұның бәрі жиһадқа жатады. Мұсылмандардың керекті қаржыны тірнектеп жинап,  өздеріне мешіт, медресе тұрғызуы, жоқ-жітіктерге көмектесіп, жетім-жесірлерге қарайласқан қалталы азаматтардың істері де Хақ жолындағы күреске, жиһадқа жатады.

Кейде бір сөз айту немесе дәл сол тұста тіліңді тістеу, кейде тек жақтырмаумен шектелу немесе күлімсіреу, кейде әлгі басқосудан тұрып кету немесе басқа бір орында болу, қысқаша айтқанда, жасалған әр істі Алла үшін жасау, махаббат пен ашуды да Алланың разылығына қарай басқару – бәрі де тұтастай жиһадтың аясына кіреді. Осы негізде өмірдің барлық саласында халықтың ішінде қоғамды түзеу үшін жасалған барлық талпыныс жиһадқа жатады.

Қорыта келгенде, жиһадты қанды соғыс не кәпірлермен күрес деп қана ұғу қателік. Жиһад ізгі ниетпен, қоғам игілігі, ел болашағы, діннің мүддесі тұрғысынан жасалған барлық жақсылықты істі қамтиды. Бүгінгі күні арандатушы түрлі ұрандарға еріп, өзге елдерге «жиһадқа» аттанып, жас өмірді ерте солдыру аталған ұғымды қате түсінудің зардабы. Одан да туған ел мен жерді өркендетуге атсалысу, діни сауаттылыққа ұмтылып, мұсылмандық мінезімізді түзеп, адами қасиеттерімізді арттыру, жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау, т.б. жақсылықты істердің басы-қасынан табылу қоғам үшін нағыз керекті іс болмақ.

Әр азамат үшін халықтың амандығы мен жердің тыныштығын күзету, тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтап, бейбітшілігімізді сақтау үлкен борыш болып табылады. Діннің мұраты да осыны қалайды.

Д. АМАНОВ,

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маман

Раушан НАРБЕК

Таңбалар: жиһадКүрессоғыс
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға шара қолданылады
Жаңалықтар

Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға шара қолданылады

09.04.2025
Жиһад – өз-өзіңмен күресу
Видео

Жиһад – өз-өзіңмен күресу

16.03.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Әйел саулығы – қоғам құндылығы» атты семинар өтті

«Әйел саулығы – қоғам құндылығы» атты семинар өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    81176 бөлісті
    Бөлісу 32470 Твитерге 20294
  • Айт күндері кір жуып, үй жинауға бола ма?

    1480 бөлісті
    Бөлісу 592 Твитерге 370
  • Қуат Ерғалиұлы ғылым докторы атанды

    23 бөлісті
    Бөлісу 9 Твитерге 6
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2541 бөлісті
    Бөлісу 1016 Твитерге 635

Соңғы жарияланымдар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа мешіт ашылды

13.06.2025
Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы
Жаңалықтар

Алматы – түркі әлемінің жастар астанасы

13.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00