Дүйсенбі, 15 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Жасырын күйзеліс пен сенімсіздік»: суицид неге сейілмей тұр?

28.10.2022
- Қоғам, Таңдаулы
0
436
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл мәселе біздің елімізде өзекті. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері 2 179 отандасымыз өз өмірін қиған болса, олардың 444-і 15 пен 29 жас аралығындағы жастар. Әсіресе ерлер әйелдерге қарағанда 4-5 есе көбірек өмірлерімен ерте қоштасқан. Не себепті жастар суицид жасауға әуес, оларды мұндай қадамнан қалай құтқаруға болатынын мамандар айтып берді.

Жазықсыз сәбилердің өмірі қыршынынан қиылуда

Былтыр Алматыда үш баласын бірдей терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен келіншектің әрекеті көрген жанның жүрегін ауыртып, жанын түршіктірді. Мұндай қатыгездікке жоқшылық себеп болғаны мәлім.

Психо-аналитик Лимана Қойшиева жастардың соңғы кездері бейкүнә сәбилерді өзімен бірге алып, қасақана жоғарғы қабаттағы пәтерлерден секіріп кету үрдісі үдеп бара жатыр дейді. Мамандардың зерттеулеріне сүйенсек, аталған факторлар көбінесе қаражаттың жетіспеуінен, өмірдің сынағына төзбеуінен  туындайды екен.

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

Онлайн-грумингтен қалай сақтанамыз – психологпен сұхбат

14.06.2026

– Жолдасынан зәру көрген, бір басындағы бірнеше несиенің кесірінен қарызға белшесінен батқан шарасыз әйел өзін және туған балаларын өлтіру арқылы бар проблема шешіледі деп ойлайды. Асылында жазығы жоқ балалардың өмірі қыршынынан қиылуда.

Жалпы жастардың өз-өзіне қол жұмсауының бірнеше себебі бар. Атап айтсам, әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, психологиялық тұрғыда өзін игере алмау, сенімсіздік, жасырын күйзеліс, жалғыздық, отбасылық жағдай не болмаса махаббаттың құрбаны болу сынды мәселелер өмірімен ерте қош айтысуға итермелейді, – дейді психолог.

Ал қолдан­балы этносаяси зерттеулер инсти­тутының бас менеджері, демограф Аяулым Сағынбаева  жалпы өз-өзіне қол жұмсау өлім-жітім себептеріне жатпайтынын айтады. Сондықтан суицид факторы айтарлықтай еліміздің  демографиялық жағдайына әсер етпейді екен.

– 2022 жылы қаңтар-маусым аралығын алып қарайтын болсақ, өзін-өзі өлтіру жазатайым жағдайдан улану немесе жарақаттан келген өлім себептеріне жататын фактор болып саналады. Жыл басынан алғанда жалпы өз-өзіне қол жұмсау факторлары 17,9% болса, оның ішінде өлім-жітім 3 %-ын құрап отыр, – дейді Аяулым Сағынбаева.

Жастардың суицидке баруына шетелдік субмәдениет әсер етуде

Соңғы кездері кәмелеттік жасқа толмаған қыз балалар зорлық көргендіктен өз өмірлеріне балта шабуын интернет желілерінен көп көреміз. Бұған байланысты демограф жоғары сынып оқушыларына, колледж, университет студенттеріне психологиялық тренинг өткізетін арнайы кабинеттердің ашылуы, ата-ана мен баланың арасын жақындату мақсатында түрлі шаралардың өткізілуі суицидтің алдын алады дейді.

– Естеріңізде болса, 2013-2014 жылдары «синий кит», «emo», «got» сынды ойындар шыққан болатын. Әлеуметтік желілер арқылы жастардың бойына шетелдік субмәдениеттің қалыптасуы қатты әсер етті. Сондықтан жасөспірімге дейінгі балалар және жасөспірімдер отыратын аккаунттарға мониторинг жасау өз кезегінде өте маңызды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, инстаграм, ютуб, тик-ток, т.б. әлеуметтік желілердің тек жастарға емес, бүкіл халыққа берер залалын зерттеу арқылы мемлекеттік бағдарламалардың жоспарларына сәйкесінше өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі кезде кибербуллингтің әсерінен өз-өзіне қол жұмсайтындардың саны күн санап өсіп жатыр, – дейді Аяулым Сағынбаева.

Арнайы мониторинг жасайтын орган қажет

Демограф балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидті білім беру саласына ғана жүктеп қоюға болмайтынын айтады. Бұған қалың жұрт болып атсалысуымыз керек.

– Елімізде демографиялық саясат және сол саладағы уәкілетті органның болмауы салдарынан мәселе оңай шешіле қоймайды. Айналып келгенде демографиялық мәселелерді мемлекеттік органдарға жеке-жеке бөліп тастамай, осы процестерге мониторинг жасайтын бір уәкілетті ұйымды тағайындау қажет. Сондай-ақ тек суицид салдарынан қайтыс болғандардың санын ғана емес, өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендердің де санын біліп,  зерттеу қажет, – дейді Аяулым Сағынбаева.

Ал психолог Лимана Қойшиеваның айтуынша, өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау үшін психологтардың жұмысын нығайту, алғашқы көмек көрсететін «call орталықтардың» тәулік бойы жұмыс істеуін қадағалау және олардың санын көбейту маңызды.

– Жастардың әл-ауқатын жақсарту арқылы аталған мәселені шешуге болады. Яғни оларды жұмыспен қамту, білім беру, өмірде өз орнын табуға мүмкіндік жасау керек. Себебі жас буын депрессияға бейім, – дейді психолог.

Суицид – бүкіл әлемнің басты дерті. Қай елде жастардың саны орташа есептен көбірек болса, сол аймақта суицид факторы да жоғары болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингісі Қазақстанның суицид деңгейі ең жоғары жиырма елдің қатарына кіретінін көрсетеді. Бұл мәселенің тереңіне бойлауға мәжбүр ететін қауіпті жағдай.

Балжан ӘБДІРАШ

Таңбалар: Жастарсуицид
Бөлісу10Твитерге7Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді
Сұхбат

Дінтанушы: Радикализммен күрескеннен гөрі алдын алған тиімді

23.05.2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
Жаңалықтар

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

22.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Хэллоуин түнінде не істейді?

Сіз Хэллоуинді тойлайсыз ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    57
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00