Бейсенбі, 10 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зекеттің жалпы пайдалары

25.05.2022
- Ислам, Таңдаулы
0
194
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұсылманның жан-дүниесін тәрбиелеу процесінде зекеттің рөлі өте ауқымды. Алланың ризалығын іздеп, малының бір бөлігін зекетке бөлу – Аллаға әрі Оның Елшісіне (саллаллаһу алейһи уа саллам) бойұсынғандық. Бұл Аллаға құлды жақындата түсетін қаражаттық ғибадат. Себебі Алла Тағала бір адамды бай қылса, екіншілерін байлыққа бөлемеді. Бұл әлгі байлыққа бөленген адамдар үшін Аллаға шүкіршілік етіп, оған берген малынан айналасындағы пақырлар үшін олардың хаққысын шығаруы керек болады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам) былай дейді: «Иман екі бөліктен тұрады, жартысы – сабырлық, жартысы – шүкірлік». Алла Тағала малынан зекет шығарушының абыройын үстем етті, сол үшін де малы бар адам зекетін шығаруы арқылы шүкіршілігін өтеуі тиіс. Дәл сол уақытта зекет шығарушы адам өзінің нәпсісіне жақын болған, өзіне жақсы көрілген малды өзгеге бергенде өзіндік бір қиындық сезінеді және сол үшін сабыр сақтайды. Сол себептен де зекет шығарушы адам иманының екі жартысын бірдей жинаған толық иманды болып есептеледі.

Кедейден де дәл осы екі фактор байқалады. Ол мал-дүниеден қысылғанда жоқтыққа сабырлық етеді, сосын Алланың байға әмір еткен зекеті оған үлестірілгенде қол жеткізген зекеті үшін шүкіршілік етеді.

Сол сияқты зекет – бай үшін мінезіне, ахлағына жақсы нәрсені үйретуші, жақсылыққа шақырушы. Себебі ол зекет шығарумен қатар малды өсіруде тынымсыз өсіру, сараңдық сынды мінезден тыяды. Алла жолында мал шығару, құрбандыққа баруды үйретеді. Қоғамдағы қызғаныш, көреалмаушылық сияқты сезімдердің орнын басқа рақымдылық, мейірімділік, бірін-бірі жақсы көру, бауырмалшылық сынды сезімдер көркем мінездер басады.

Шәкірттің талабы

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Қажылыққа жолдама сыйлады

Қажылыққа жолдама сыйлады

10.07.2025

Қоғамда адамдар арасында бір-біріне көмектесу мен тыныштық орнауы үшін зекеттің алатын орны өте зор. Себебі ол барлық ауруға ұшырау, қарызға бату сынды жағдайлардың алдын алады. Зекет қоғамдағы адамдардың бір-біріне көмекші болуын қамтамассыз етеді. Себебі әртүрлі жағдайға тап болған адамды жалғыз қалдырмайды.

Исламның алғашқы ғасырларында дәл осы зекет қоғамдағы ең алғаш қоғамдық қор болғаны белгілі. Ол кездері басшылар байлардан зекет жинаумен айналасып, олардан түскен мал-дүниені қажеттіліктері болған қоғам адамдарына үлестіретін. Екі жақты материалдық тұрғыдан ғана байланыстырмай, жұмыс орындары бар болған іс адамдарына оларға керекті адамдарды да тауып беріп жұмыссыздықпен де күрескен. Бұның ең айқын мысалдарын Омар ибн Хаттаб (р.а.) пен Омар ибн Абдул-Азиз (р.а.) халифалардың өмірінен де байқай аламыз.

Зекеттің төмендегідей пайдаларын келтірсек:

1) Алла Тағала Құранда өзінің әмірлері мен тыйымдарына бойсұнған құлдарын жәннатпен сүйіншілеп, мейіріміне бөлейтіндігі турасында уәде еткен. Ал, сондай әмірлердің бірі – зекет екені даусыз. Сонымен қоса, зекет – күнәлардың кешірілуіне себеп болатыны да Құранда айтылған: «Олардың малдары көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін мұсылмандардың малдарынан садақа ал»[Тәуба сүресі; 103 аят]

2) Қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелеуде де зекеттің маңызы зор. Кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына қарасқандықтан, кедей де байларға құрметпен қарап, олардың дүние-мүліктеріне сұқ көзденбейді. Бүгінгі таңдағы әлемнің түкпір-түкпірінде белең алып жатқан көтерілістер мен төңкерістердің түбінде қоғамдық топтардың бір-біріне деген ашу-ызасы, реніші жатқанын ескерсек, сондай құбылыстардың алдын алуда да зекеттің маңызы айқындала түсетіні сөзсіз.

3) Зекет – капиталдың тек қана байлардың арасында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа саллам) «Зекет–Исламның көпірі»  – деп, әлеуметтік өмірдегі табиғи түрде бай, кедей деп бөлінудің зекет арқылы бір дастарқан басына жиналатындығын ишарат етуде.

4) Адам баласының бойында дүние-мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану сияқты жаман сипаттар болуы мүмкін. Зекет ғибадаты адамды осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тәкаппарлық сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кішіпейілдік, жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға тәрбиелеп, баулиды.

5) Зекет – қоғамдағы жарлы-жақыбайлардың тұрмысының жақсаруына ықпал етіп, мемлекеттің әл-қуатының артуына септігін тигізеді.

6) Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл болып, берекесін арттырады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Малдарыңды зекет беру арқылы қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерді қайтарыңдар», – деген хадисі осыған дәлел.

7) Зекет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-арбау, адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен жайылуына бөгет болады. Мұқтаж адамдардың өмір сүрулеріне керекті материалды көмек зекет сияқты заңды жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш болымсыз кереғар көріністер өздігінен тоқтайды.

8) Зекет ғибадаты – Алла Тағала берген байлыққа деген  шүкіршілік. Зекет беруші мұсылман қолындағы байлықтың Алла Тағала берген жақсылық екенін ұғынады. Өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты талай адамдардың бұл нығметтен мақрұм екендігін түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Алла Тағалаға шүкір етеді. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретумен, дене мүшеміздің шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. Яғни, байлық нығметінің шүкірі аузымызбен айтылатын «Аллаға шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.

9) Шайтан адамды «зекет берсең, аш-жалаңаш, кедей болып қаласың» деп қорқытып, барынша азғырады. Шындығында, зекет – малымыздың азаюына емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық былай баяндалады: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді…» [«Бақара» сүресі; 267 аят], «Алла өсімнің берекетін кетіріп жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп арттырады» [«Бақара» сүресі;  268 аят]

10) Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін керемет қуаныш билеп, ерекше ләззат құшағына кіргендей күй кешеді. Өмірдің қысымынан, дүние-мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан арылады. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене байланысып кеткендіктен рухани тоқырауға ұшырағандарға психологтар жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді ұсынуы кісі ойлантарлық. Хақ Тағала әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан алу мүмкін емес.

Е. АҚПАНОВ,

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Шу ауданы бойынша инспекторы

Таңбалар: 5 парызЗекетқайырымдылыққұлшылықмейірімділік
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қажылыққа жолдама сыйлады
Жаңалықтар

Қажылыққа жолдама сыйлады

10.07.2025
Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?
Ғибратты әңгімелер

Жәннатқа бірінші кіруге кім лайықты?

17.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елімізде тұңғыш рет хадис сайысы өтті

Елімізде тұңғыш рет хадис сайысы өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады
Жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады

10.07.2025
Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ
Жаңалықтар

Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ

10.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00