Сенбі, 9 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ руханияты – дін мен дәстүрдің тағылымды туындысы

01.11.2021
- Қоғам
0
569
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасиетті Құранда:

«Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм біріңе-бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда ең алда болғандарың)! Шүбәсіз, Алла – Алим (барлық нәрсені, соның ішінде, сендердің жай-күйлеріңді һәм не істеп, не қойып жүргендеріңді толық білуші), Хабир (бәрінен толық хабардар болушы)»[1], –деп айтылады.

Исламның көрнекті ғалымдары – Мұхаммед ибн Джарират-Табари және Әбу Бәкір ибн әл-Араби осы аятқа түсініктемесінде былай дейді: «Адамдар халықтар мен тайпалар болып жаратылған, әр халықтың өзіндік ерекшеліктері бар – бұл тарих, мәдениет, тіл, дәстүрлер».

Белгілі бір елде немесе белгілі бір халықтар арасында таралған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер ислам құқығында «әдәт» және «әл-урф» деп аталады. Бұл іс-әрекеттің немесе сөйлеудің белгілі бір ұстанымдары. Олар құлшылық ету рәсімдерінде қолданылмайды, себебі бұл мәселелерде біз тек Алланың аянына сүйенеміз.

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026

Дегенмен, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты әдет-ғұрыптар ескеріледі. Әрине, егер олар шариғатқа қайшы келмей, Алланың тыйым салғанын рұқсат етіп, не болмаса Алланың рұқсат еткеніне тыйым салмаса.

Бұдан шығатыны, дін мен ақылға қайшы келмейтін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар шариғатта мақұлданып, кей кезде үкімдерді шығаруда қолданылған.

Құранның өзі құқықтың бұл санатын растайды:

«Бала емізетін аналарды ас-ауқат және киім-кешекпен шариғатқа қайшы келмейтін қоғамдағы ғұрыпқа сай лайықты түрде қамтамасыз ету – баланың әкесінің міндеті»[2].

Әлемдік өркениетке өз үлесін қосқан ата-бабаларымыздың болмысы, мінез-құлқы, ұлттық ұстанымы терең мағынаға ие болды. Қазақ халқының бай мәдениетінің шеңберінде ғасырлар бойы мән-мағынасы мол дәстүрлер бен әдет-ғұрыптар сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Олар асыл дінімізбен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғаттың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз бола білді. Алланың хақ діні ұлтымыздың бітім-болмысында, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырды. Адам өмірінің барлық кезеңдерін: баланың дүние есігін ашуы, тұсаукесер, сүндет той, қыз ұзату, үйлену тойы, қоныс той, қонақ күту және т.б. қамтыған халқымыздың дәстүрлері діни жоралғылармен үйлесімділікте көрініс тапты.

Этнограф-ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбек мәдениетіміздегі ислам дінінің орны туралы: «Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналып отыр» деп айтқан болатын.

Уақыт өте келе салт-дәстүрдің кейбіреуі өзгеріп, жаңа ерекшеліктерге ие болатыны түсінікті, бірақ негізі өзгермеуі керек. Әрине, заманауи жаңа үрдістерге назар аударған жөн, бірақ сонымен бірге ұлтымыздың тарихы мен ерекшелігін ұмытпағанымыз жөн.

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аудара отырып: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», – деп атап көрсетті.

Ендеше, сан ғасырлық саф мұрамыз болып табылатын дәстүрлеріміз ұмытылмай, санамызда мәңгі жаңғырып тұруы үшін әрекет етуіміз керек. Сондай әрекеттің бірі – дінімізге бекем болу. Себебі, дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды.

Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен салт-дәстүріміздің терең байланысының тағылымды туындысы. Қазақ халқының ұлттық-рухани кодын қолымыздан келгенше сақтауға тырысып, әр салт-дәстүрімізді қадыр тұтайық.

Алла Тағала баршамызға ата дінімізді берік ұстанып, бабаларымыздың мұрасын ұмытпауымызды нәсіп етсін. Әмин!

Ислам МАРАТҰЛЫ,

Қызылорда облыстық орталық

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы

[1] («әл-Хужурат» сүресі, 13 аят)

[2] («әл-Бақара» сүресі, 233 аят)

Таңбалар: басты тақырыпдін мен дәстүрИслам діні
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Отанды сүю – иманнан

08.05.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Прездент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шөп жемейтін қой болған ба?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    211
  • Өте маңызды өсиет

    186
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    114
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    106
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    98

Соңғы жарияланымдар

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті
Жаңалықтар

Астанада майдангерлер ерлігіне арналған кітап көрмесі өтті

09.05.2026
Президент: Аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз!
Жаңалықтар

Президент: Аға буынның өшпес даңқын ешқашан ұмытпаймыз!

09.05.2026
Шариғат – шаңырақтың тірегі
Видео

Шариғат – шаңырақтың тірегі

08.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00