Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Басқа пәле – тілден

14.10.2021
- Ғибратты әңгімелер, Қоғам
0
518
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Үшінші сыныптағы бүгінгі «Ана тілі» сабағы жылдам өте шықты. Мұғалім әдеттегідей үй тапсырмаларын сұрады да, іле жаңа сабақты бастады.

– Балалар, – деді ағай. – Тіл сөзіне байланысты сөйлем құрандаршы!

Оқушылар ойланып қалды. Жөпелдемеде қайдан табыла кетсін? Жоқ олай емес… Табылды. Дәйім тап-тұйнақтай жинақы жүретін үздік оқушы Күлтай қол көтерді. Одан кейін Сәуле, Мейрам, Жақсыбай, Манар, Болатбек, Мақпал…

– Ал, балалар, асықпай… кезек-кезек айтындар.

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

26.10.2026
Желідегі террористік идеологиядан қалай сақтану керек?

Желідегі террористік идеологиядан қалай сақтану керек?

19.10.2026

– Қос тіл – қос қанатың.

– Дұрыс-с…

– Тіл – қатынас құралы.

– Жөн-ау…

– Тілі байдың – ойы бай…

– Бұл да жөн…

– Тіл ауыздың ішінде… – Аңқау Жақсыбайдың сөзіне балалар ду күлді. Жақсыбай болса айылын жияр емес.

– Ағай, неменеге күледі балалар? Мен тапқан сөйлем ішінде «тіл» деген сөз бар емес пе?

– Оның рас… Жарайды, отыра ғой…

– Болды ма? Енді қосатындарың жоқ па?

Оқушылар үнсіз. Осы кезде артқы партада отыратын мінезі біртоға Ақылбек қолын көтерді.

– Айта ғой, Қасымбеков.

– Бар пәле – тілден…

– Өте жақсы айттың! Бұл мақал ғой, – деді мұғалім. Оқушылар әлі үнсіз. – Ал, Ақылбек, айта қойшы. Осы сөздің мағынасын қалай түсіндіресің?

– Менің атам 81-де, – деді Ақылбек. – Нағыз мұсылман… Бес уақыт намаз оқиды. Әлі тың. Сергек. Осы күнге дейін атқа ешкімнің көмегінсіз өзі мінеді. Шөп шалғымен шөп шабады. Өзі жинайды, өзі тиейді арбаға. Әрине мен де қол ұшын берем… Атам бес уақыт азан шақырады. Мен ұйып тыңдап отырамын. Өйткені «азан дауысына және намаз оқығанда көңіл қойып тыңдаудың – өзі үлкен сауап» дейді атам. Азан шақырылған шаңыраққа Алланың нұры түсіп тұрады дейді. Үйге құт-береке кіреді. Ырыс пен бақ молаяды…

– Ағай, Ақылбек негізгі тақырыптан ауытқып кетті, – деді қашанда бүйректен сирақ шығарып жүретін Күнес.

– Қызық екен…

– Естімеген әңгімеміз…

– Қайдан біледі… – деп сыбыр-күбір өрбітті балалар.

– Айтсын, айтсын, – деді енді бір оқушылар.

– Әлгі сөзіңнің мағынасын түсіндіре ғой, – деді мұғалім. Түсіндіріп көрейін… – Ақылбек әңгімесін сабақтады.

– Атам тақуа адам. Арабша аздап біледі. Құран Кәрімді ылғи оқып отырады… Құран деген сөз араб тілінде оқу дегенді білдіреді екен… Және атам кімде-кімнің үйінде қасиетті Құран кітабы болса, оны оқып отырған ләзім дейді… Немерелері – бізге дәйім шариғаттан әңгімелер айтып береді. Мұсылмандық қағидалары туралы түрлі-түрлі кітаптарды оқытады.

Жақында мен атама «Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері» деген кітаптан «Адам бәлені тілінен табады», «Бар пәле тілден» деген хадистерді оқыдым. Ол жөнінде атам бізге былай деп түсіндірді.

Адам тіліне абай болу керек. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйлеген жөн. Әлгінде Күнес оқыстан байбалам салды. Қисынсыз әңгіме айтты. Сөйтіп, менің көңіліме кірбің түсірді. Мұндай ерсі қылық өзге балалардың бойында да кездеседі. Сол үшін тіл сүйексіз екен деп, орынды-орынсыз сөйлей беруге болмайды. «Басқа пәле – тілден» деген – осы…

Мұғалім де, оқушылар да үнсіз…

Күнестің ашуы келді… Алғаш рет сыныптасы Ақылбектің сөзіне жауап қайтара алмады.

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ

Таңбалар: Толымбек Әбдірайым
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Адал сауда

21.10.2021
Видео

Иманды елді жау алмайды

20.10.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мешітте неке қию үшін АХАЖ құжаты керек пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Демографиялық өсім – өркендеу негізі
Қоғам

Демографиялық өсім – өркендеу негізі

26.10.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00