Жұма, 16 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қыз баланы тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің

09.09.2021
- Қоғам
0
1.3k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқы өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұлы бір әулеттің қамқоры болса, қыз баласы бүкіл ұлттың шырақшысы екенін әу баста біздің бабаларымыз жүрек төрінде ұстаған. Сондықтан қыз баланың тәрбиесіне салғырт қарамай, басқа шаңырақтың болашақ анасы болатындықтан, бар ыждаһатпен назар аудара білген. Осының бәрі ананың әлдиімен бастау алып, бой жеткенше «қырық үйден» тыйып, өнегелі жолмен жалғасын тапқан.

«Қыз баласына үйінің төрін неге ұсынды?» деген сауал төңірегінде ой қозғап көрейікші. Себебі, ол ертең жат жұрттық болады. Өскен ұясынан қияға қанат қағады. Сыртта жүргенде де өзінің жылы ұясын ұмытпасын, соның жылуымен басқаларды жылытсын деген астарлы ұғым жатыр мұнда.

Меніңше, ұрпақ тәрбиесіндегі бабалар даналығы бүгін аса қажет дер едім. Өз тәуелсіздігімізді алсақ та, заманның құбылып тұрған шағында батыстың бейәдеп әдет-ғұрпы жастарымыздың бойына сіңіп жатқанын жоққа шығара алмасақ керек. Егер өнегелі тәрбиенің өзегі бүгін жасалмаса, ертең ұрпағымызды тәрбиелейтін қыз балаларымыз өз ошағынан алшақтап қалмасына кім кепіл?! Сондықтан ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана құндылықтарын сіңіре отырып, қыз балаға болашақ ана, шаңырақтың ырысы мен берекесі екенін ұғындыру аса маңызды болар еді.

Бауыржан Момышұлы атамыз бір сөзінде: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін» деген екен.

Ерім дейтін ел қайда?

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Тойымсыздық синдромы

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025

Олай болса, жас ұрпақтың ең алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы, ошақ қасы. Оның бар болмыс-бітімі осы өзі дүниеге келген шаңырақта қалыптасады. Демек, ата-ананың ең басты парызы – ұрпағына салиқалы тәрбие беру.

Қазір көп ата-аналар күнделікті тіршіліктің қам-қаракетімен жүріп жатады. Үйіндегі балаларының тәрбиесі де қағыс қалады. Отбасына бәрі жиналған кездің өзінде әркім өз тіршілігімен әуреге түседі. Ұялы телефонға жабысып алып, соның қызығына батады.

Осыдан кейін отбасының ынтымақ-бірлігіне де қылау түседі. Бір шаңырақтың астындағы адамдардың мінез-құлқы да, болмыс-бітімі де әрқалай болып қалыптасады. Мұның болашақ ұлт тәрбиесіне әсері жоқ деп көріңізші.

Ал, осындай ортада тәрбие алған баланы қоршаған орта, яғни, көше өзінше тәрбиелемесіне шек келтіре аламыз ба?! Ата-ананың қамқорын, мейірімін көрмеген бала көше тәрбиесімен ауызданады.

Қыз балаларымыз да осындай ортаға түсіп жатқаны қынжылтады. Ахмет Байтұрсынұлы атамыз да өз баласының болашағына қам жеген ата-ана болса, ол елдің де болашағы жарқын болмақ деген екен. Шынында, біз ең алдымен ұрпақ тәрбиесін ауызға алғанда ұлт мәселесін назардан шығарып алуға болмайды. Ұлтың ұлағатты ұрпақпен өрілсін десең, ең алдымен ұл-қызыңның тәрбиесіне жан-жақты мән беру керектігін әр ата-ана санасына түюі керек деп ойлаймын.

Қазір көп білгіштер қазаққа балаларын темірдей қатты тәртіпте тәрбиелемеңдер дегенді жиі айтады. Ондағылары батыстың ізгілігі деген ұғымын негізге алған болады. Сонда біздің бабаларымыз ақымақ болған ба дейсің. Дүниеге келген сәбиіне ана құрсағында жатқанда тәрбие басталады дейтін қағида медициналық-биологиялық тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденген жоқ па еді.

Сосын «балаңды бес жасқа дейін патшадай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сырлас» деген дана бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне келгенде қай халықтан болсын еңселері жоғары болғанын көреміз. Жаңағы батыстың әдет-ғұрыптарын тықпалау еш қисынсыз. Заман өзгерсе де, ұрпақ тәрбиесінің арқау өзегі өзгермегені жөн.

Жалпы, психологиялық тұрғыдан баланың тәрбиесіне ата-анасы өте мұқият қарағаны жөн. Себебі, бала жеке тұлға ретінде оның мінез-құлықтық сипаттары отбасындағы жағдайға байланысты қалыптасады. Оның дүниеге келгеннен бастап орындаушылық пен қызығушылық қасиеттері жоғары болады. Осыны тәрбие арқауына ұқыптылықпен пайдаланса, жап-жақсы тұлға өсіп шығады.

Бір жағынан баланың маңайындағы жағымды-жағымсыз мінез-құлықтарды тез байқағыш болып келетіні бар. Ата-ана осы жағынан бақылаушылық жұмысты көбірек жүргізе отырып, жақсы әсер ететін сипаттарға тәрбиелеуге ұмтылғаны абзал. Жаңа өсіп-өніп келе жатқан тұлғаның ішкі жан дүниесіне үңіле отырып, жағымды дағдыларды сіңіруге барынша көңіл бөлу – ата-ананың негізгі міндеті болуы тиіс.

Міне, қыз баланы қазақ қашанда құрметі орынға отырғызып, оның тәрбиесіне жете көңіл бөлген. Бүгінде қыздарымыз жайлы небір алып-қашпа әңгімелер көп. Олардың имани кейіптен ада, қазақы ұлағаттан алшақ әдеттерге жақын тұратыны көзге шыққан сүйелдей көрінеді. Арақ ішу, шылым шегу, түнгі клубтарды айналсоқтау – осының бәрі айналып келгенде ұлттық тәрбиенің осал тұсын көрсетеді.

Кейбір деректерге қарағанда жыл сайын елімізде жүз мыңдаған бойжеткен жасанды түсік жасатады екен. Ал, ата-ана қамқорынсыз қалатын сәбилер саны да артып келеді. Осының бәрі отбасындағы және қоғамның ұрпақ тәрбиесін қолдан шығарып алғанын  айғақтайды.

Әсіресе, шетелге тұрмысқа шығуға немесе басқа мемлекетке қоныс аударуға еліктеген жастар өте көп. Олардың дені еліміздегі ішкі тіршілік жайларын алға тартады. Бірақ, шетелге кеткенмен майшелпекке қарық боламын дейтін масылдық пиғылдың арты жақсылыққа апармасы анық. Жуырдағы Грузия еліне жұмыс іздеп барған бір қазақ қызының өлімі де осы жайлардан хабар беретіні анық.

«Қызды қырық үйден тыю» дегенді әркім әртүрлі түсініп жүр. Қыз баланың өсіп-өнуіне қатысты қадамдарына үзілді-кесілді тыйым салу деген ұғым да жөн емес. Тыйым салатын тұстар бар, жылылық танытатын кездер де жоқ емес. Қазақ қашан баласын дүниеге келе сала қатаң тәрбиемен өсірген?! Олай болса, қазақтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан басқаларға деген ізгілігі мен мейірімділігі, қамқорлығы мен қайырымдылығы сияқты ұлағаттың астарында осы ұлттық тәлім-тәрбие өзегі жатқанын көреміз.

Сондықтан қыз баланың тәрбиесінде ұлттық педагогика негіздерін басты нысана етіп алғанымыз жөн. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәлім-тәрбиені, имандылық қасиеттерін сіңірсек, ертеңгі күні елін құрметтейтін, ұлтын сыйлайтын ұрпақ өсір шығатынына сенім мол.

Айгүл ЖҰМАБЕКОВА,

Ақмола облысы Дін істері басқармасының

«Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау»

орталығының психолог маманы

Таңбалар: басты тақырып
Бөлісу30Твитерге19Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?..»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75575 бөлісті
    Бөлісу 30230 Твитерге 18894
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2475 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4810 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2712 бөлісті
    Бөлісу 1085 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00