Сейсенбі, 12 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бар болып» өмір сүру

29.01.2021
- Ислам
0
276
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адамзат танымында «Аристократтық батырлық» деген мағына бар. Яғни, ары, ұяты, ақиқаты үшін өлу.

Қазақта берік ұстанымы үшін өлген жандар бар. Пайғамбарымыз ЕРДІҢ үш намысы бар деген. Олар: иманы (ары, ұяты), отбасы, ОТАНЫ. Бұл үш тіркестің бірі кетсе, қалғаны мағынасыз болып қалады. Неге?

Себебі арың, ұятың болмаса, отбасыңды қорғай алмайсың. Сен де бір өліксің. Отбасын қорғай, қамқорлай алмаған адам Отанын қорғай алады деген ұғым негізсіз. Себебі «кішкентай нәрсені қорғай алмаған пенде үлкен нәрсені қорғай алмайды».

Қайталап айтсақ, «кішкентай махаббатын қорғай алмаған адам, үлкен махаббатты қорғай алмайды».

Отанды сүю – иманнан

08.05.2026

Әбу Ханифаның хадистегі орны

06.05.2026

Ер түріктің еркіндігін Қытайдан алу үшін кезінде Түрік қағандары мен батырлары басын бәйгеге тікті. Ұстанымы: түрік бірлігі. Ақиқаты түркі жұртын ақырзаманға дейін құл қылмай, Жаратушысының алдына апару. Себебі адамның о баста жаратылысы АЗАТ. Еркін ой. Құндылық. Берілген нәрсеге адалдық.

Ұстаным үшін өлуді ең бірінші көрсеткен атақты антик заманының данышпаны Сократ екен. Хәкім Абай да осы қасиеті үшін Сократты сағынышпен еске алады. Сократтың бұл батырлығын тарихта «рационалды-демократиялық батырлық» дейді. Сократтың өнегелі өлімі көкірек көзі ашылған есті адамға тыныштық бермеді. Ақылды жандар талай ғасыр оның өліміне қарап тамсанды. Кәрі тарихта ар-намысы үшін үшін талай батыр соғыс даласында шейіт болды. Бірақ ақиқат үшін жан тапсырған ғалымдар сирек. Біз ғалым деп осыларды айтпақпыз.

Тарих қойнауында Сократтың беделінің бәрінен жоғары тұратыны сол. Хәкімнің Сократты қара сөздерінің төрінен орын бергені де сондықтан. Ғалымдар болмаса бұл дүние ойран болар еді (қазақ даналығы).

Қазақ даласында да болмысымен дараланып, әрдайым «бар болған» даналар болды. Мысалы, Майқы би, Қожа Ахмет Ясауи, Асан қайғы, Бұқар, Хәкім Абай. Айта берсең, бір том кітапқа да сыймас.Тарих дөңгелегі қанша шыр айналса да, бұл ғалымдардың танымына қалың жұрт қызыға берді. Соларға еліктейді. Сөздерін жаттайды. Ойынан қуат алады. Себебі бұлар БАР болып өмір сүрді. Заманы бұларды билемеді, бұлар заманына жол көрсетті. Азапты, қиындықты сұмдық тартты. Есесіне мәңгі бақи БАР болып қалды. «Қалай өлуді меңгергендер өмір бақи өле алмайды» деген осы.

Экцзистенциализм деп аталатын АДАМТАНУ ғылымында мынадай сұрақ бар екен. «Адам қайтсе бар бола алады? Мағынасы: Адам бұ дүниеде жануарлық сипатын тежеп, тәңірлік әлемнен Рухани Болмысымен бірге келген Адами қасиеттерін осы дүниеде көрсетіп, БАР болып жүре ала ма? Не амал жасаса, пенде БАР боп өмір сүре алады?

Адамның БОЛМЫСЫ ортада көрінбесе, жоққа саналып, жануарға теңеседі. Хәкім Абай: «Малда да бар жан мен тән, ақыл-сезім болмаса – тіршіліктің несі сән» дейді. Тіршіліктері адамның сәні, түр-тұлғасы барлығымен көрінеді. Осыған қарап тұрып атақты философ Тиллих: «БАР БОЛЫП ЖҮРУГЕ БАТЫРЛЫҚ КЕРЕК» дейді. Яғни мына дүниеде БАР болып, адами сипатта көрініп жүру үшін кісіге БАТЫРЛЫҚ керек. Тіршілікте адамдық мәртебеңді арқалап жүру үшін де  Қайсарлық, Батылдық қажет.

Бірақ бұл өте ауыр жүк! Екінің бірі шыдас бермейді. Кей пенде қиналғанда  «Адам» атын лақтырып тастап, тобырға сіңіп жоғалады екен.

Қиындықтан қорқудың өзі – адамдық болмысыңа кереғарлық! Пенде байғұс арының алдында ғана қорқуы қажеттігін Шәкәрім бабамыз былайша сипаттайды:

«Ақылды сол – нысап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды».

«Бізді өлтірмеген нәрсенің бәрі – бізді күшейте береді (Ницше). Ары үшін қиналған жан туралы айтам. «Мен сендерге көтере алмайтын жүкті жүктемеймін» дейді Алланың Құраны. Бірақ рационалды-суық ақылға салып барып, өлшеуіміз қажет екен. Себебі «екі күн бұрынын ойлаған адам, бір күнін болжайды».

Құран Кәрімде айтылатынындай, Адам атаға періштелер қол жеткізе алмаған білім нәсіп болған. Соған орай Адам атамыз Алла Тағалаға періштелер білмеген сауалдың жауабын берген. Сонда Адам атамыз ол білімді қайдан алды?

«Кітап ақтарды» деудің еш реті жоқ. Кітаптағы білімге періштелер де, тіпті шайтан да қол жеткізе алады. Байыбына барсақ, Адам атадағы білім оның болмысына, негізіне тән. «Хузури ілім» дегеніміз сол. Ол білімге жалпы адам баласы ие. Руханиятқа қосылған адам сол білім нәрінен сусындайды. Ол үшін адамға еркіндігі мен руханият қажет.

Тарихшы Жарас Аханның

«КӨҢІЛ ІЛІМІ» тарихи-фәлсәфалық еңбегінен үзінді

Таңбалар: басты тақырыпжарас аханөмір философиясы
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Отанды сүю – иманнан

08.05.2026
Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Прездент Отан қорғаушы күнімен құттықтады

07.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бүгін Меккеде ерекше құбылыс орын алды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    216
  • Өте маңызды өсиет

    200
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    120
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    110
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    104

Соңғы жарияланымдар

Шариғат нормаларын мұсылмандық құқық деп атаған дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің негіздері қандай?

11.05.2026
Атырау: РАНТ өкілдері мешіт жамағатымен кездесті
Жаңалықтар

Атырау: РАНТ өкілдері мешіт жамағатымен кездесті

11.05.2026
Қазақстанға Түркия президенті келеді
Жаңалықтар

Қазақстанға Түркия президенті келеді

10.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00