Дүйсенбі, 21 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адам болмысындағы алаң мен үрей сезімі

25.01.2021
- Ислам
0
678
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Пенде пақыр кейде үрей мен алаңды шатастырып, көңілсіз күй кешеді. Адам өзіне қатысты жан–дүниенің сырын өзі шеше алмаса, қоғамдағы ақыл иелеріне жүгініп жатады.

Осы мәселеге қатысты қазақтың сырлы-хикметті даналығынан сыр шертіп көрейік.

Алаң – адамға берілген белгі. Үрей – уақытша сезім. Үрей – кейін басылатын қорқыныш түрі. Мысалы, емтиханға кірер алдында тұрған оқушының сезімі, бір істі қолға алған жанның ол істі бастар алдындағы қорқынышы. Емтихан тапсырылып, шаруа біткесін адам ол сезімнен құтылады.

Ал алаң – адам болмысының үнемі мазасыз күй кешуі. Мұны тағы да уайыммен шатастыруға келмес. Хәкім Абай: «Уайымды уайым қыл-дағы, уайымды жең» дейді. Уайым кетіріледі. Адамнан жеңіледі. Ал алаң сені үнемі алға тартады.

Діннің өзегі – сабыр

Сабырдың да сан қырлы сатылары бар

18.09.2026

Махаббатқа толы жүрек

14.09.2026

Алаңның жөні басқа. Рухтың бұлайша мазасыз күй кешуі жақсылықтың нышаны екен. Тарихта талай даналар мен әлемді жаулаған патшалар осы алаң күйін өмір бойы сезініп өткен. Сондықтан сол патшалар өмірінің соңына дейін миссиясы үшін күресті, даналар ілімі үшін рухының алаңынан еш құтылған емес. Содан да олар сондай үлкен ісімен тарихта қалды. Кей хәкімдер мен әулиелер сол ішкі алаңымен артына екі дүниелік азық тастап кетті.

Алаң күйі сені мазаласа, сенің тегін адам болмағаныңның белгісі. Себебі жан жайдан-жай өзіне-өзі көңілі толмай, бірдеңені атқаруы тиіс күй кешуі – сенің жүзеге асыру қажет миссияңның бар екендігі.

Адам баласы өмірге жайдан-жай келе салмайды ғой. Жаратушының адамзатқа жіберілген кітаптары солай дейді. Әр адамның өмірге келуінде үлкен хикмет, сыр бар. Мұны әр пенде оңашада ойланып, толғанып, «Неге менің атым адам?», «Мына өмірге келудегі мақсатым не?» деп өзіне үңілсе жақсы түсінеді.

АЛАҢ – сенің атқаруың тиіс нәрсе бар деген сөз. Себебі ол адамды іштен мазаны алады. Алаң сырттан келмейді. Демек, сен сол өмірге келген өз жаныңа үңіліп, сезініп, тауып миссияңды жүзеге асыра бастағаныңда ғана тынышталады. Ал тоқтатсаң қайтадан мазаңды алады. О, құдыреттің күшін-ай!

АЛАҢ МАЗАҢДЫ АЛДЫ МА, ДЕМЕК СЕНІҢ КӨКІРЕК КӨЗІҢНІҢ АШЫЛҒАНЫ. ӨМІРЛІК МИССИЯҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БЕРІЛГЕН БЕЛГІ.

ОЛ ҮШІН ПЕНДЕ БАЙҒҰСҚА ЕРКІНДІГІ АСА ҚЫМБАТ.

АЛЛАНЫҢ ҚҰРАНЫ СОЛАЙ ДЕЙДІ. ЖАРАТУШЫ ҚҰРАНДА “ӨЗІҢДІ ТАНЫМАЙ, ҚҰДАЙЫҢДЫ ТАНЫМАЙСЫҢ” ДЕГЕН. РАББЫМЫЗ ТУРА ЖОЛДАН БЕЗДІРМЕСІН.

Жарас АХАН

Таңбалар: басты тақырыпжарас аханқорқыныш
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлеуметтік желі адастырмасын…
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желілердегі радикалды насихат: оны қалай танимыз?

18.09.2026
Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?
Қоғам

Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

16.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

COVID-19 эпидемиясы бізге нені үйретті?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    28
  • Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

    24
  • Уақытты күнә істермен өткізудің салдары қандай?

    18
  • Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

    18
  • Мемлекет пен діннің қызметі қандай?

    15

Соңғы жарияланымдар

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының саны (2026 жылдың 2 тоқсаны)
Инфографика

Елімізде тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарының саны (2026 жылдың 2 тоқсаны)

21.09.2026
Жаңалықтар

«Мейірімділік апталығы» басталды

21.09.2026
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді
Сұрақ-жауап

Өзге діндегілерге жақсылық жасауға бола ма?

21.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00