Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жүрекке неге мөр басылады?

13.09.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Мұсылманның жүрегіне мөр басылуы мүмкін бе? Исламда не үшін ақылға емес, жүрекке ерекше мән берілген?

Жауап: Жүректің мөрленуі адамның діни ақиқаттарды түсініп, мойындауын қамтамасыз ететін рухани қабілеттің қараюын, Алла Тағаланың жіберген хақ дініне көзді тарс жұмып, күпірлікте қасарысқан жандардың жүрегінің ақиқатқа ашылмауын білдіреді. Мәселеге бірден жауап бермес бұрын осы жүректің иман тұрғысынан қаншалықты маңызды екеніне қысқаша тоқтала кетейік.

Ислам дінінде жүрек иман тұрғысынан алғанда өте ерекше маңызға ие. Араб тілінде «қалб», яғни жүрек сөзі – «қалаба» деген етістік түбірінен тарайтын есім сөз (Құран аяттары мен хадистерде фуад, садр, луб, нуһа, руь секілді синоним сөздер қолданылған).

Ол түбір бір нәрсенің ішкі жағын сыртқа ақтару, астын үстіне келтіру, теріс айналдыру, бір нәрсені басқа нәрсеге айналдыру дегенді білдіреді (Лисан әл-араб, «қлб» түбірі). Осы түбірдің өзі жүректің құбылмалылық қасиетін көрсетеді.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Негізінен жүрек діни пайымда мәліметке қол жеткізу мен ойлаудың қайнары саналады. Құран және хадистерде жүрек сөзі арқылы адамның ойлану, түйсіну, пайымдау және заттар мен түрлі құбылыстардың мән-мағынасын білу ерекшелігіне  назар аударылған.

Мәселен, «Хаж» сүресінің 46-аятында: «…олардың түсінбейтін жүректері бар…» деу арқылы жүректің осы ойлану фунциясына назар аударылған. «Ағраф» сүресінің 179 аятында да: «Олардың жүректері бар, алайда, онымен терең ойланбайды, ақиқатты түсінейік демейді» делінген.

Сондай-ақ «Бақара» сүресінің 97-аятында «…Жебірейіл Алланың рұқсатымен Құранды сенің (Мұхаммедтің (с.а.с.)) жүрегіңе түсірді…» деу арқылы да жүректің уахиді түсінудегі рөлі көрсетілген. «Міне, мұнда кеудесінде жүрегі барлар үшін мол ғибрат бар» («Қаф» сүресі, 37).

Сондықтан да жүрек жауапкер саналатындығы мына аяттарда былайша баяндалады: «Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып қолданғанына қатысты (Алланың алдында), сөзсіз, жауапқа тартылады» («Исра» сүресі, 36). «…Сендер тек жүректеріңдегі ниет-пиғылдарың мен қасақана істерің үшін ғана күнәға батасыңдар» («Ахзаб» сүресі, 5).

Иманның мекені – жүрек (49/7, 14; 58/22); Сондықтан да таза жүрекке ие болу маңызды (5/41; 33/53). Сондай-ақ мұсылман ғұламалары иманның негізгі шартының «жүрекпен бекіту» екендігіне келіскен. Бұл да өз кезегінде жүректің иман тұрғысынан қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар «Адамның денесінде бір жапырақ ет бар, сол дұрыс болса, бүкіл ағза дұрыс. Ол – жүрек» деген хадис те бар. Бірқатар аяттарда жүректердің мөрленуі (Бақара, 7, Нәхіл, 16/108), перделенуі (Бақара, 88, «Әнғам», 25. Исра, 46) жайы сөз болады.

Құран Кәрімде Алла тағаланың мына жалған дүниені ақыреттен артық артық көріп, жүректерімен күпірлікті таңдаған, сол арқылы Аллаға, Оның жіберген аяттарына және пайғамбарларына иман келтірмегендер, сондай-ақ Аллаға берген уәделерін орындамайтын, пайғамбарларды өлтірген, «Мәриямның ұлы Иса Мәсіхті өлтірдік» деген кітап иелерін, өтірік айтып соғыстан қашқан екіжүзділердің, тәкаппарлық танытып ақиқатты жалған деп, нәпсі қалауларына бой алдырған тоңмойын имансыздардың жүректері мен есту, қабылдау қабілеттеріне мөр басылып, көздері мен құлақтарына перде қойылғанын айтқан (М.Ф. Абдулбақи. Әл-Муғжам).

Жоғарыда атап өткеніміздей, жүрек әрдайым құбылып тұратындықтан жамандыққа қарай да бейімделіп, өзгеруі мүмкін. Сондықтан да мұсылман баласы да жүрегінің ақиқаттан ажырамай, табанының таймауына аса мән беруі қажет.

Осы себепті ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Уа, жүректерді мың құбылтқан Алла Тағалам, жүрегімді дініңде және бағынушылықта түрақты, бекем ет!» (Муслим, Иман, 1,2; Тирмизи, Дауат, 89) деп дұға ету қажеттігін ескерткен.

Сондай-ақ хадистерде жүректерді тұрақты етуші – Алла (Ибн Мәжә, Муқаддима, 13), жүректердің кілті Алланың қолында (Муслим, Қадар, Ибн Мәжә, Муқаддима, 13) екендігі айтылған.

Кейбір хадистерде мына жағдайларда жүректердің мөрленетіндігі тілге тиек етілген. Мәселен, кімде-кім жұма намазына (барғысы келмей) бармаса, себепсізден қатарынан үш жұма намазын жіберіп алса, олардың жүректеріне мөр басылып, уақыт өте келе олардың мүлдем бейқам адамдарға айналатындығы айтылған (Муслим, Жұма, 40, Сунан ибн Мәжә).

Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына жүректердің мөрленуіне жол ашатын дүниеге құлай берілуден Аллаға сыйыну қажеттігін, өтірік айтып, сатқындық, қиянат жасамайынша мұсылманның жүрегінің тура бағытта болатындығын, қиямет орнар кезде күннің батыстан шығуы арқылы жүректердің мөрленетінін айтқан (Муснад, І, 92; V, 232, 252).

Сонымен қатар, хадистерде күнәға бой алдырған мұсылманның жүрегіне бір қара дақ түсетіндігін, тәубеге келгенде оның тазаланып, жойылатындығын, ал күнәлі істерін жалғастыра берген жағдайда қара дақтардың жүрегін толық қаптап, жүректің қараятындығын айтып, одан сақ болуды ескерткен (Муснад, ІІІ, 332; Ибн Мәжә, Зухд, 29).

Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарата «(Мұхаммед (с.а.у.)) Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректеріне, құлақтарына мөр басқан. Әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін үлкен азап бар» («Бақара» сүресі, 6-7 – аяттар) деген.

Бұл аятта Алла тағала мөр басу әрекетін өзіне телісе, күпірлік келтіру, мойындамауды пендеге қатысты қолданғанын көреміз. Демек, жүрекке мөрдің соғылуы, ақиқатқа жабылуы адамдардың өз қалауларымен жасалған әрекеттерінің нәтижесі.

Тағы бір аятта «Күпірліктерін жалғастыру себебімен Алла олардың жүректерін мөрлеген. Сондықтан азы ғана иман етеді» («Ниса» сүресі, 155-аят) деу арқылы да пенденің ықтияр, қалауын негізге алатындығын анық баяндаған.

Сонымен қатар, «Алла тура жолдан тайғандарды адастырады» («Сай», 61/5) деу арқылы адам баласы қалау және таңдау еркін бұрыс бағытта қолданғандықтан тура жолдан тайдырылатындығы айтылған. Әйтпесе мейірімі шексіз Алла Тағала ешбір пендеге зұлымдық жасамайды. Адам өз-өзіне зұлымдық жасайды. Алла қияметке дейін тәубе есігін ашып қойған. Адам баласы қырсығып, қыңырланып, ақиқатқа көз жұмбаса болғаны.

Хақа Тағала иман және ізгі іс жасағандардың жүректеріне мөр соқпайды. Алайда, пенде өз еркін жаман бағытта қолданып, ақиқатты мойындамай, әлемдегі Алланың бар екендігін көрсететін сансыз аяттарына назар салмай, тәкаппарлық танытып, қасарысса, көздеріне перде тартылып, жүректерінің мөрленуіне өздері жол ашады.

Әуел баста күпірлік келтіру, содан діннің бұйрықтарына бой ұсынбай, күнәларға бой алдыру Хақ Тағаланың әлемдегі рақымдылығын елемеуге, көрмеуге, ақыр соңында жоққа шығаруға дейін алып барады.

Әрине, адам баласы күнә жасау арқылы бірден күпірлікке түспейді, алайда жасаған күнәсіне тәубе етіп, өкінбей қайта-қайта, біле тұра күнәлі істерге бара беру көзге шел түсіріп, жүректі бірте-бірте қарайтып, ақырында жүректе иманға орын қалмайды. Осылайша жүрекке мөр басылады. Сондықтан да мұсылман баласы да де күнәлі істерден алшақ жүріп, аса сақтық танытуы қажет.

Алау ӘДІЛБАЕВ

Таңбалар: Алау ӘділбаевКүнә
Бөлісу38Твитерге24Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Пайғамбар (с.а.у.) атынан жалған хадис айту күнә ма?

21.04.2026
Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды
Қоғам

Суицид – ауыр күнә

12.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Берекелі отбасы қоғамды көркейтеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123368 бөлісті
    Бөлісу 49347 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00