Сенбі, 17 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандағы жастардың діни толеранттылық ұстанымы

22.09.2020
- Мемлекет және дін
0
999
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шет тілден енген «толеранс» термині құлаққа жат болып көрінгенімен, оның ұғымы дәстүрлі дүниетанымда бар, қазақтың қанында, бойында бар қасиет. Толеранттылық сабырлылықтың, ұстамдылықтың, төзімділіктің мағынасын береді.

Бұл түсінік, яғни төзімділік, біріншіден, қазақтың ұлттық мінез-құлқындағы төл қасиет десек, екіншіден, лаңкестер мен арандатушылардың қаншама шынның өңін теріс айналдыруға тырысқандарына қарамастан, ислам дінінің рухында бар нәрсе. Қазақ халқы ықылым заманнан ислам дінін бойына сіңірген халық. Құранның сөзі, аяттар мен хадистер салт-санаға еніп кеткен. Мақал-мәтелдің көбі хадистердің мағынасымен бірдей. Кеңпейілділігі, қонақжайлылығы, тіпті тойқұмарлығы да толеранттылықтың жан-жақты қырын ашып көрсетеді.

Бүгінгі таңда экстремизм мен терроризмге байланысты сөз қозғасақ болғаны дін сөзін бірге тіркестіреміз. Ол қалыпты жағдайға айналып бара жатқан сияқты. Шындығында, олар қаншалықты байланысты мұны нақты дөп басып айту қиын. Десе де, еліміздегі діни ахуал ерекше бақылауға алуды талап етеді. Бүгінгі таңда экстремизм мен терроризмнің алдын алудың маңызды шарттарының бірі-жастардың толерантты санасын қалыптастыру болып табылады. Толеранттылық азаматтық қоғамның маңызды рухани бөлшегі болып табылады. Әр адамның толеранттылық деңгейі көбінесе оның жеке қасиеттерінен, моральдық жетілуін, мәдениеттің көрсеткішін  және оның басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайды. Қазіргі уақытта толеранттылық мәселесі өткір болып келеді. Бұл бірқатар себептерге байланысты: әлемдік діни экстремизмнің өсуі, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі. Сонымен қатар, қазіргі жастардың діни толеранттылығына әсерін тигізетін интернет жүйесінің қызметін ерекше айта кеткен жөн. Қазіргі таңдағы интернет жүйесіндегі әлеуметтік желілердің, сайттар мен интернет қауымдастықтардың қазіргі жастардың қызығушылықтарын арттырып, жастар арасында маңызы арта түсуде. Сондықтан интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілерді дұрыс жағынан қолдана білу керек. Бұндай жағдайлар жастарымызды теріс жолға салынып кетуіне себеп болуы мүмкін. Бұдан діни сауаттылықтың таяздығы деген тікелей қорытынды шығаруға болады.  Бұл мәселенің негізі білім беру жүйесінде жастарды діни толеранттылыққа тәрбиелеу. Себебі жастар Қазақстан болашағының басты резерві болып табылады. Шынында да, төзбеушіліктің себебі көбінесе білімнің таяздылығынан болып табылады. Басқа ұлттардың құндылықтары мен идеяларын білмей, адам оларға немқұрайлы,  жақтырмай қарауы мүмкін, бұл төзбеушілікке алып келеді.

Қазіргі таңдағы еліміздегі жастардың діни дүниетанымына, діни толеранттылықтың қалыптасуына негіз болатын ол ең алдымен отбасының ықпалы болып табылады,  яғни кез келген жас буын өкілі отбасының діни ұстанымын негізге алады. Тәрбиенің  іргетасы отбасында, мектеп қабырғасында ұлттық тәрбие беру арқылы қалыптасады. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып-үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға –  Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруы тиіс» – деп көрсетілген.

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Діндар – діни және зайырлы құндылықтарды қастерлейтін тұлға

Діндар – діни және зайырлы құндылықтарды қастерлейтін тұлға

14.05.2025

Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі таңдағы жастардың діни толеранттылықтың құрамдас бөлігі болып саналатын діни білімі, ең алдымен өзі ұстанған діні жөніндегі білім деңгейін анықтауды көздеген дұрыс. Жастарға дінмен қатар мемлекеттік саясатты түсінуде дінтанулық білім керек.  «Баланы жастан…» деген қазақ халқы тәрбиеге көңіл бөлген. Осындай қарбалас заманда жас жүректе имандылық пен адами құндылықтар ұяласа, жақсы мен жаманды айырып, оңы мен солын таныса, онда алға қойған мақсаттың орындалғаны. Баланың ой-өрісі мен ойлау қабілетін жетілдіру мектеп тәрбиесінде ғана мықты қалыптасатынын ескеретін болсақ, онда осы айтылғандарды ой таразысына салып, аса үлкен жауапкершілікпен қарап, немқұрайдылық танытпау қажет. Әр баланың тәртібі мен тәрбиесі ең алдымен отбасынан басталады. Әр бір ата-ана баласының бойында ұлттық рухани құндылықтарға негізделген сыртқы жағымсыз ықпалдарға төтеп беретін иммунитет қалыптастыру керек. Себебі болашақ жастардан басталады, ал мемлекетіміздің болашағы жастарда.

Е.Шамшатов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының талдау және зерттеу менеджері

Таңбалар: діни толеранттылық ұстанымы
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі
Мемлекет және дін

Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі

20.04.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Жәһаннамнан ешқандай от көрмедім»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75641 бөлісті
    Бөлісу 30256 Твитерге 18910
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2476 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4811 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1203
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2714 бөлісті
    Бөлісу 1086 Твитерге 679

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00