Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі

20.04.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
1.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі таңда Қазақстанда бірлігі мен ынтымағы жарасқан, мақсаты мен мұраты тоғысқан 120-дан астам ұлт пен 20-ға жуық конфессия өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл толерантты мемлекет екенімізді айғақтайтын бірден-бір көрсеткіш. Ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылық – Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі болып қала бермек.

Толеранттылық дегеніміз – өзгелердің діни сеніміне шыдамдылық пен төзімділік таныту ғана емес, сонымен қатар олардың сеніміне сый-құрметпен қарау дегенді білдірсе керек. Осы жетістігіміздің арқасында елімізде дінге сенушілер бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, діни бірлестіктер өз қызметтерін емін-еркін атқаруда. Бұл қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің дамуына үлкен септігін тигізді.

Әрине, дінаралық татулыққа бірден қол жеткізу оңай болмады. Ел тарихы – көптеген аумалы-төкпелі оқиғалардың куәгері. Халықтың өмірі, оның тілі мен діні жойылудың аз-ақ алдында тұрған да кездер болған. Қазақ халқы аса ауыр сынақтан өтіп, тәуелсіздігін алды, мемлекетін құрды. Біз секілді мың өліп, мың тірілген ұлттар қарап отырсақ саусақпен санарлық. Сондықтан Қазақстан халқы елдіктің іргетасын нығайтатын бірлік пен татулық құндылықтарына айрықша мән беріп, қастер тұтып келеді.

Халқымыздың бейбітшілік пен ынтымақ жолын ұстанатынын айғақтаған ең елеулі оқиғаның бірі – елордамызда 2003 жылдан бері үш жыл сайын өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері. Конфессияаралық келісімді нығайтып, алуан түрлі діни қауымдастықтардың қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге ықпалын тигізген діни форумның жұмысына ислам, христандық, иудаизм, синтоизм, индуизм, буддизм діндерінің, өзге де сенімдердің ең беделді өкілдері қатысып, жалпы адамзатты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеп келеді. Адамзат тарихында алғаш рет ірі діни қауымдастықтардың өкілдері біздің елімізде бір ортаға жиналды. Съезде христиандықтың барлық тармақтарының – православиенің, католицизмнің, протестанттықтың өкілдері болды. Форумға сүннизм мен шииттік ағымдардың, ірі азиялық діндердің беделді қайраткерлері қатысты.

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025

Осы ауқымды іс-шараның өмірге келіп, жүзеге асуына түрткі болған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Түпкі мақсатты белгілеудің қажеті жоқ, оны белгілеуге болмайды. Біртұтас діни кеңістік құру да мүмкін емес. Орын алып отырған қайшылықтардың барлығын да еңсере алмаймыз, оның үстіне олар кейде ұлы діндердің түп негізіне қатысты болып жатады. Тұрақты диалог орнатудың басты құндылығы – көзқарастар мен түсініктердің қарама-қайшылығына қарамастан, жалпыға ортақ мәмілеге келу қажеттігінің маңызын түсіну және оған қол жеткізудің жолдарын іздестіру. Ең бастысы – диалог бейбітшілік пен келісім алаңын, үйлесім мен айқындық дәуірін қалыптастырады», – деп үлкен сенім білдірген еді.

Бұл съездердің негізгі мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қолдау, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, барлық діндер, мәдениеттер мен конфессияларға деген құрметті арттыру, сондай-ақ қоғамдық санада толеранттылықты нығайту болып келеді.

Съезд өркениетаралық және мәдениетаралық диалогтың жаһандық үдерісіне зор үлес қосқанын аса сеніммен айта аламыз. Бұл жиын әлемдегі түрлі діндер мен ұлттардың бейбіт және тұрақты өмір сүруіне болатынын айғақтап берді. Сондай-ақ дінаралық диалогтағы орнын қалыптастыра білуімен қатар тарихи рөлі мен әлеуетін уақыт өткен сайын арттырып келе жатыр.

Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен діндерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы деп атап өткенін тілге тиек етсек болады.

«Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында. Біз пікір алуандығын қолдай отырып, радикализмнің кез келген көрінісінің жолын кесеміз, мемлекеттік егемендігімізге, аумақтық тұтастығымызға қол сұғуға жол бермейміз. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет», – деген сөздері еліміздің әр азаматына ой салады.

Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік, сабырлық секілді қасиеттерді қалыптастырған. Сондықтан да біз осы асыл құндылықтарымызды барынша сақтап қалуымыз керек.

Пір Бекет, Ержан хазрет сынды дін жолында ерен еңбек етіп, тарихта аты қалған ахун-молдалар өсіп-өнген Маңғыстау өңірі де дінаралық төзімділіктің киелі бесігі саналады. Қазіргі таңда өңірде 45 діни бірлестік жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 34-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары, біреуі православтық, біреуі римдік-католиктік, біреуі Ехоба куәгерлері, біреуі жаңа-апостолдық, біреуі кришнаиттік және 6-ы протестанттық діни бірлестік. Облыс тұрғындардың басым бөлігі мұсылмандар мен православ христиандары.

Өңір бойынша 37 ғибадат үйі жұмыс істеп тұр. Атап өтсем, олардың ішінде  мешіттер саны – 34, православ шіркеуі – 1, «Маңғыстау облысындағы Христиандық Жаңа апостолдық шіркеуі» – 1, «Рақым сөзі» Інжілдік Мәсіхші Баптистер қауымының шіркеуі – 1.

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы мен оған қарасты орталықтардың дінтанушы, теолог мамандары экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дінаралық ынтымақ пен төзімділікті насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуына тосқауыл қою мақсатында халық арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның арқасында біздің өңірде ешқандай дінаралық сипатқа ие кикілжіңдер орын алған жоқ. Осы бағытта әрі қарай да қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жүзеге асыра бермекпіз. Өйткені, біз үшін бүгінгі қол жеткізген межені сақтап қалу әрі одан әрі нығайту – басты мақсат.

Қазақ елінің әрбір жетістігі – татулық пен ынтымақтың, ұлтаралық толеранттылық пен дінаралық төзімділіктің арқасы. «Ағайын тату болса, ас көп» деген халық даналығын берік ұстанатын бүгінгі ұрпақтың мақсаты да – болашаққа бірлікпен қадам басу. Лайым солай болсын!

Мақсатбек МАХАНБЕТОВ,
Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы

Таңбалар: дін істер басқармасыдінаралық татулықдіни толеранттылық ұстанымыМаңғыстау облысы
Бөлісу46Твитерге29Бөлісу8Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Ынтымақ мекені

25.04.2025
Қоғам

Татулық тамыры тереңде

07.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Экстремист тағы да Құранды өртеді

Экстремист тағы да Құранды өртеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған
Ғибратты әңгімелер

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025
Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты
Жаңалықтар

Ақмола облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартты

18.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00