Бейсенбі, 18 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ауыл имамы: Суицид жасағандар бөлек жерленеді

12.08.2020
- Қоғам
0
153
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Статистика бойынша, елімізде карантин кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың арасында суицид жасағандар саны екі есеге көбейген. Яғни төрт айда 114 бала суицид жасауға әрекеттеніп, 46 оқиғаның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Мәжіліс депутаты Артур Платоновтың айтуынша, мұндай келеңсіздіктер Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы мен Қостанай облыстарында орын алған. Ал кейбір өңірде суицидтің алдын алуға қатысты ғылыми-негізделген бағдарламамен жеке оқыту жұмыстары мүлдем жүргізілмегендігі анықталған.

– 2018 жылы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы суицидтің алдын алу және ескерту бойынша мемлекеттік жоба ұсынды.

Баланың өзіне қол жұмсау әрекетін жасыруға тырысатын және білікті мамандардан көмек сұрап жүгінбейтін ата-аналар да бар. Өйткені, бала болашақта оқуға түсіп немесе әскери не құқық қорғау саласына қызметке орналасар кезде мәселелер туындайды, – деді депутат.

Ал Красный Яр мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы Ақмола облысы Көкшетау қаласына қарасты Красный Яр елді мекенінде суицид жасағандар бөлек жерленетінін айтты.

– Өз-өзіне қол жұмсағандар көбейіп кеткеннен кейін, осындай бастаманы қолға алдық. Үлкен зираттан бөлек, оқшаулау тұрғаннан кейін адамдарға ой салар деп үміттендік. Әбу Ханифа мәзһабында мұны үлкен күнә деп есептегенімен, жаназасын шығарады. Бірақ тәртібі бойынша жаназасын елдің патшасы, әкімі немесе бас имамдары шығармайды, жай қатардағы намазхан адамдар шығарады. Ондағы мақсат – мұның күнәлі амал екенін көрсету, – дейді имам.

Дін қызметкері мұндай амал адамдарға үлкен ой тастап, жемісін беріп жатқандығын алға тартады. Сондай-ақ суицид жасамақ болған бірнеше адам райынан қайтқандығын жеткізді.

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026

– Өз-өзіне қол жұмсағандарды орталықтан берілген үлкен зираттың шеткі бұрышына қойғыздық. Араларында бірнеше метр орын бар. Елді мекенге келіп-кеткен адамдардың өзі “Мына кісілер неге бөлек жатыр?” деп сұрап жатады, – дейді Мүтәлұлы.

Ал психолог Мейрамгүл Смағұлқызының айтуынша, Алматыда тағы карантин болады дегенді естіген адамдар арасында «бәріміз ауырамыз», «қамалып аш қаламыз» деген сынды қорқынышпен хабарласқандар қарасы көбейген.

– Психология өз ішінде әскери психолог, педагогикалық психолог, еңбек, бизнес-коучинг сынды түрлі салаға бөлінеді. Соның ішінде ең ауыры – біздікі, өйткені психодиагностика жасап, түрін көрместен адамның қалыпты немесе патологиялық жағдайда тұрғанын ажыратып, көмек беруіміз қажет. Тәулігіне 18 адаммен сөйлесіп, көмек көрсеткен кездерім болды. Өзімізге де психологтардың көмегі керек. Олардың түрлі жағдайына бірге ортақтаса отырып, құтқарып қалу үшін шаршаймыз. Жүз мың теңге жалақымызға қарамастан суицид сергелдеңіне түсіп, қиындыққа тап болған адамдарды райынан қайтарумен айналысып жатырмыз, – деді психолог.

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша, төтенше жағдай кезінде ері мен әйелінің арасында жанжалдасу көбейген. Карантинде үйде отырғандықтан, алкогольді ішімдік ішу артып, суицидке бет бұрғандардың қатары өскен.

– Наркологиялық ауруларды және психикалық ауытқулары бар адамдарды емдейтін екі филиалымыз бар. Карантин кезінде сенім телефонымен қатар онлайн кеңес, көмек беру артты. Суицидке баруға бірнеше күн дайындалып, соңғы сәтте сөйлесіп қалғысы келіп, хабарласқандарын айтады. Былтырғы жылмен салыстырсақ, биыл отбасылық жанжал көбейген. Наркологиялық бөлім 272 орынға арналған. Орталық қазір науқастарға толып тұр, – деп сөзін тәмәмдады Сапар Рахменшеев.

Еске салсақ, осыдан екі жыл бұрын Мәжіліс депутаты, Қазақстанның бала құқығы бойынша уәкілі Зағипа Балиева Қазақстанда балалар арасындағы суицидке бейімділік азайып келе жатқанын мәлімдеген болатын. Алайда, биылғы ғаламдық пандемияның ауыртпалығы өз-өзіне қол жұмсау үрдісін қайта өршіте бастағандай…

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: басты тақырыпсуицид
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлы даланың мәдени коды
Видео

Ұлы даланың мәдени коды

12.06.2026
Келте шешім кесапаты
Видео

Келте шешім кесапаты

09.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Перзент – Құдайдың сыйы немесе ұл аңсау

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    94
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    59
  • Алтын Орда тұсындағы Ислам діні

    56
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    45

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық электронды кітапхананың негізгі көрсеткіштері
Инфографика

Ұлттық электронды кітапхананың негізгі көрсеткіштері

18.06.2026
Ислам

Діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығару адасуға апарады

18.06.2026
Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі
Жаңалықтар

Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі

18.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00