Бейсенбі, 10 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Бір сағаттық Халифа»: лепестің шығу тарихы

13.06.2020
- Қоғам
0
261
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тіл анықтамалықтарында «Бір сағаттық Халифа» деп кенеттен үлкен билікке ие болып, аз уақыт өткен соң, одан айырылған адамды атайды. Бұл сөз орамы «Мың бір түн» атты белгілі жинаққа енгізілген ежелгі араб ертегісі: «Өңімдегі түс немесе бір сағаттық Халифа» бөлімінен бастау алады.

АҢЫЗ

Бұл әңгімеде өз иелігін шетелдік көпес бейнесіне еніп, инкогнито аралаған Бағдад әміршісі Харун-әл-Рашид халифа туралы баяндалады. Оған жол бойында Әбу-Хасан есімді жас жігіт кездеседі. Нақ халифаның өзімен сөйлесіп тұрғанын білмеген бозбала, оған өзінің түпкі арманы – ең болмаса қысқа мерзімге болса да Бағдадтың билеушісі болу, өз қарамағындағыларды басқарудағы шексіз биліктің барлық рахатын сезіну екенін айтады.

Қалжыңдағанды жақсы көретін Харун-әл-Рашид, Әбу-Хасанның бұл арманын орындайын деп шешеді. Ол шарапқа ұйықтататын қоспаны қосуға бұйырып, жас жігіт қатты ұйықтаған кезде, оны халифаның керемет сарайына көтерткізіп көшіріп апарады. Бозбала өз арманының ғайыптан орындалғанына жан-тәнімен илануы үшін жаңадан келген халифтің барлық тілегін орындау туралы барлық қол астындағыларға қатаң тапсырма беріледі.

Ана сүті туралы хикая

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
Ислам және жол ережесі

Ислам және жол ережесі

02.07.2025

Оянғаннан кейін Әбу-Хасан өзін қоршаған ортаға таң қалғаны сонша, бұл ғажап құбылыс ұйқының жалғасы емес, шындық екендігіне сене алмай біраз жүреді. Бірақ, қызметкерлер өздерінің иелерінің тапсырысын қатаң орындайды: Әбу-Хасанды даусыз тыңдап, «әмірші» деп иіліп қызмет қылып отырды. Оның еріксіз бұл керемет өзгеріске сенуіне тура келеді.

Әбу-Хасан күні бойы сарай өмірінің қызығы мен сән-салтанатына бөленіп, қызметкерлер мен уәзірлерге жарлық пен бұйрықты боратады. Бірақ, кез келген ертегінің соңы бар. Бұрын кедей болған, енді ғана таңғажайып жаңа өмірге бойы үйреніп келе жатқан кезінде, оған кешкісін тағы да ұйықтататын қоспаны береді. Ол қайта ұйқыға кеткенде, бұрын қалай алып келсе, тап солай, жымын білдірмей осынау керемет сарайдан жыртық лашығына қайта көшіреді.

Әбу-Хасан оянған кезде, өзіне не болғанын түсіне алмай басы қатады.

Осындай бір қызық оқиға!

АҚИҚАТ

Кейбір тұрақты тіркестердің пайда болуына аңыз-әфсаналар мен түрлі ұғымдар, тарихи оқиғалар негіз болған. Ал бұл сөз өрнегінің жасалуында аңыз бен тарих қатар келген жағдай деуге болады.

Аббас әулетінен шыққан Харун-әл-Рашид яки Әбу Жафар Харун ибн Мұхаммед халифаның өмірде болып өткені және Ислам тарихындағы орны белгілі. Әміршінің тұсында дін мұсылман жұртының қуаты артып, ғылым-білім дамып, заманында әл-Рашид (әділетті) деген атаққа ие болған.

Сондықтан да болар, оның басшылық еткен дәуірі алтын ғасыр ретінде қарастырылып, есімі халық шығармашылығында, кейіннен «Мың бір түн» ертегілерінде көрініс тапқан. Оларда ол жасырын түрде қозғалып, бұқараның ахуалын, ой-пікірін аңдап, қиянаттарға қарсы күресуші образында суреттеледі.

«Бір сағаттық Халифа» лепесі де әмірші өмірімен байланысты көп әңгімелердің бірінен туындаған фразеологизмнің нақты бір үлгісі және мұндай мысалдар көптеп саналады.

P.S. Шығысқа ортақ кейіпкердің бірі Қожанасыр да осы Харун-әл-Рашидтің сарайында ғұлама болған деген дерек бар. Одан қалса, Әбу Насыр әл-Фарабидің онымен жүздесіп, тіптен, сарайындағы «бір орынға жайғасуын» өтінгенде, тура тағына отырып алғаны жайында айтылады. Алайда, оқымыстылармен ой өрелестіруді жақсы көрген әмірші мұнысын сынап, жанындағыларға құпия тілде сөйлегенде, 70 тіл білген ғалым оны да түсініп, жауаптасқан деседі.

Мәдениеттанушы-лингвист

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: халифа
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Жол аш» деп ешкім айқайламайтын
Ғибратты әңгімелер

«Жол аш» деп ешкім айқайламайтын

23.06.2025
Өлместен бұрын қабірін көрген халифа
Ғибратты әңгімелер

Өлместен бұрын қабірін көрген халифа

27.03.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Еркеғали БЕЙСЕНОВ: Аңшыларға керек басты қасиет – қанағатшылдық!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Әбу Ханифаның шариғи дәлелдерді алудағы  әдісі қандай?

10.07.2025
Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады
Жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады

10.07.2025
Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00