Сейсенбі, 22 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақсақалдар кеңесін жандандыру қажет

05.06.2020
- Қоғам
0
933
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кешегі Кеңес заманында ұлтымыз көп құндылығын ұмыт қалдырды десек, егемендік алған тұста да әдет-ғұрпымызға жасалып жатқан шабуылдардан көз ашпай жатырмыз. Тәуелсіздік алған тұста есеңгіреген елді ес жинатпау мақсатында жан-жақтан түрлі діни ағымдар ағылып келе бастады. Олардың бар мақсаты – қазақты қатарына тартып, болмысынан ажырату еді.

Әсіресе, деструктивті діни ағымдардың әрекеті үлкен қарқынмен жүрді. Ислам атын жамылған олар өздерінің түпкі жымысқы ойларын жүзеге де асырып үлгерді. Салдарынан елімізде қаншама адам псевдосәләфизм, уаххабизм, тәкфиризм сияқты ағымдардың жетегіне еріп, алды елімізде террорлық әрекеттер жасап, өзге елдерге соғысқа аттанды.

Еліміз етек-жеңін жиған соң, дін мәселесіне араласу қажет екенін түсінді. Халықтың тура жолдан таюының алдын алу мақсатында 2013-2014 жылдары облыстарда Дін істері басқармалары мен Дін мәселелерін зерттеу орталықтары құрылып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізе бастады. Жұмысты одан әрі жетілдіру үшін 2015 жылы жергілікті әкімдіктер жанынан мемлекеттің дін саясатын түсіндіру топтары жасақталып, елмен етене жұмыс істей бастады.

Халыққа мемлекеттің дін саласындағы саясатын дұрыс түсіндіру үшін және тұрғындар арасындағы тұрақтылықты нығайту мақсатында байырғы Ақсақалдар кеңесі институтын қайта жандандыру керектігі әбден айқындалды. Ауылдық, аудандық жерлерде жасы үлкен, ел ішінде беделді тұлғаларды жиып, жастарды барша тәрбиелік жұмыстарға жұмылдыру қажет.

Алайда, мемлекеттің дін саласындағы саясатын ұқтыратын ақпараттық топ дін мәселесін түбегейлі шешті деп толық айтуға келмейді. Аталған топ консультативтік-кеңестік орган болғандықтан, белгілі бір құзыреті жоқ. Дегенмен, облыс әкімі жанындағы дін саласындағы АТТ мүшелері жұмыла жұмыс жасап келеді.

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

18.09.2026
Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны

Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

18.09.2026

Жаздың аптап ыстығы мен қыстың ызғарлы суығында да аудан, ауылдарды аралап, жұртшылыққа дәстүрлі дін жайында ұғындырып, тұрғындарды радикалды діни идеологияға қарсы тұруға шақыруда. Мемлекеттік қызметкерлер сияқты тұрақты жалақымен қамтылмаса да, мемлекеттің дін саясатын барынша халыққа түсіндіруге тырысуда. Мәселен, АТТ құрылғалы 5 жыл ішінде топ мүшелері облыс көлемінде 10 мың 306 кездесу өткізіп, 360 мың тұрғынды қамтыған. Алайда, жергілікті атқарушы органдардың аймағындағы жұмыссыз жастар мен АТТ мүшелерін кездестіре алмауынан, олар өздеріне берілген аумақтағы нысаналы топтарды түгел қамтымауда.

Енді не істемек керек? Халыққа мемлекеттің дін саласындағы саясатын дұрыс түсіндіру үшін және тұрғындар арасындағы тұрақтылықты нығайту мақсатында байырғы Ақсақалдар кеңесі институтын қайта жандандыру керектігі әбден айқындалды. Ауылдық, аудандық жерлерде жасы үлкен, ел ішінде беделді тұлғаларды жиып, жастарды барша тәрбиелік жұмыстарға жұмылдыру қажет. Тура жолдан тайып, ата-баба жолынан адасқандарды да осы ақсалдардың арқасында жөнге салуға бек болады деген үмітіміз бар. Жұртқа жат ағымдарды насихаттап жүрген әсіредіншілдерді де осы институттың көмегімен аластатуға мүмкіндік туады. Ақсақалдардың арқасында ұлттық салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, құндылықтардың құрметін арттырмаққа ұмтылған абзал.

Ақасақалдар кеңесінің көмегімен діни адасушыларды ғана емес, мал ұрлығы, ішімдік ішіп, бұзақылық жасағандарды да тезге салуды көздеу керек. Осылай шектен шыққандарды әрбір жергілікті жердегі әулеттің, ауылдың үлкендері ортаға салып, шара көрсе, нәтижелі іс болар еді.

Қазіргі бүкіләлемдік дағдарыс жағдайында мемлекеттен қыруар қаржы шығындап, онсыз да қызметте жүрген азаматтарға қосымша жұмыс артпай-ақ, ақпараттық түсіндіру тобын ақсақалдар кеңесі институттарымен бірлесе жұмыс жүргізу әлдеқайда тиімді болары сөзсіз. Ендігі жерде еңбек нәтижелі болсын десек, ел ішінен еге тапқан жөн.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы

Таңбалар: ақсақалдар кеңесідіни ағымдардіни саясаттәрбие
Бөлісу22Твитерге14Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасында ата-ана мен перзенттің құқығы мен орны
Қоғам

Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

18.09.2026
Тәрбиесіз берілген дін қауіпті
Видео

Тәрбиесіз берілген дін қауіпті

03.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тың тыңдамаудың сыры

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    33
  • Интернет дәуірінде кітап оқуға қажеттілік бар ма?

    28
  • Уақытты күнә істермен өткізудің салдары қандай?

    19
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    15
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    14

Соңғы жарияланымдар

Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?
Сұхбат

Радикалды идеологияның ықпалын қалай ерте байқауға болады?

22.09.2026
Жасырылған алтын туралы хикая
Ғибратты әңгімелер

Жасырылған алтын туралы хикая

22.09.2026
Бір-бірін іздеген Бақыт, Құлшылық, Иман және Адам
Ислам

Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

22.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00