Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жеті атаға дейін қыз алыспау шариғаттың талабы ма?

22.05.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Жеті атаға дейін қыз алыспау шариғаттың талабы ма?

Жауап: Мұсылмандық дәстүр бойынша Құран кәрімде қандай туысқандармен үйленуге болмайтыны айтылған.

Ниса сүресі, 23-аятта: «Сендерге өз аналарыңмен, туған қыздарыңмен, әпке-қарындастарыңмен, әкелеріңнің әпке-қарындастарымен, аналарыңның әпке-сіңлілерімен, туған бауырларыңның қыздарымен, әпке-қарындастарыңның қыздарымен, сүт аналарыңмен, емшектес әпке-қарындастарыңмен, қайын енелеріңмен және жақындасып қойған әйелдеріңнен туған қолдарыңдағы өгей қыздарыңмен некелесу харам етілді.

Ал жақындаспай тұрып ажырасып кеткен әйелдеріңнің қыздарына үйленсеңдер күнә болмайды.

 

Сондай-ақ, сендер үшін бел балаларыңның жұбайларына үйлену, һәм апалы-сіңілі екі қызды бірдей әйелдікке алу харам етілді. Ал бұдан бұрын (надандық дәуірінде) болған іс болды. Расында, Алла өте кешірімді, ерекше мейірімді» – деп айтылады.

Яғни аятта айтылғандардан басқа туысқандармен үйлене беруге болады. Мұсылман халықтарында, оның ішінде түрік, өзбек, ұйғыр секілді халықтарда бөлелердің немесе немере ағайын секілді туыстардың бір-бірімен үйленуі осы аятқа негізделген. Дегенмен, ислам діні бойынша да әсіресе халифалар тұсында алыстан қыз алу құп көрілген.

Пайғамбарымыз да (с.а.с.) бір хадисте: «Жақын ағайын туыстан қыз алмаңдар, өйткені бала әлсіз боп туады»,– деп айтқан. Әзіреті Омар (р.а.): «Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер»,[1]–деген.

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы

Мешітте жамағатпен намаз оқу парыз ба?

13.06.2026

Қазақ халқындағы жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі осы халифалар кезіндегі дәстүрмен де үндесетінін байқауға болады. Мысалы имам Шафиғи туысқандардан көрі басқа рудан қыз алудың дұрысырақ болатынын айтса, Имам Ғазали туысқандар арасында сүйіспеншілік сезімінің әлсіздеу болатынына назар аударып,  жат жұрттан қыз алуды құп көреді[2].

Сондай-ақ қазақ салтында емшек сүті араласқан балаларды өзара некелеуге тыйым салынған. Екеуінің арасында қан туыстығы болмаса да, олар бір ананың сүтін емгендіктен бір-біріне бауырлас болады[3].

Себебі мұсылмандық шариғатта бұған қатаң түрде тыйым салған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл жайында: «Қан жолымен харам болғандар сүт жолымен де харам болады»[4], – деген.

Қазақта «Жеті атасын білген жеті жұрттың қамын жейді» деген аталы сөз бар. Қазақ халқы жеті атаны білу дәстүрін қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа өсиет етіп отырған. Тіпті жеті атаға дейінгі туысқандар бір-бірімен қыз алыспаған. Деректерде бұл дәстүрдің Жәнібек ханның кезінен бастау алғандығы баяндалады[5].

Қорыта айтсақ, жоғарыда Құран аяты бойынша белгіленген үйленуге болмайтын туыстар жайлы қағидаға қазақтағы жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің ешқандай терістігі жоқ. Қайта керісінше, Пайғамбар хадисі мен Әзіреті Омардың өсиетіне сай болғанын көруімізге болады.

Алау Әділбаев

[1]Абдуррахман б. Хүсәйн әл-Ирақи, әл-Муғни ан хамлил- әсфар фи тахрижи мә фил-ихияи минәл-ахбар, 1-т.– 473-б.

[2]Имам Ғазали, Ихияу улумиддин. – Дамаск, 2010.  2-т. – 263-264-б.

[3]Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы, ауд: Т. Зәкенұлы, – Алматы, 2013. –343-б.

[4]Бұхари, әл-Жамиус-Сахих, Шәһәдәт, 7

[5]Тілеуқабылұлы Ө.Шипагерлік баян. (Араб қарпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан ) – Алматы: Жалын, 1996. – 15,43-б., e-history.kz

Таңбалар: Алау Әділбаевжеті аташариғат
Бөлісу38Твитерге24Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Жеті атаға дейін қыз алмау Исламға қайшы ма?

20.05.2026
Шариғат нормаларын мұсылмандық құқық деп атаған дұрыс па?
Сұрақ-жауап

Ислам дінінің негіздері қандай?

11.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қолға су құйған әмірші кім?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00