Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Балаңа лағынет сөзін айту харам

12.05.2020
- Қоғам
0
1.9k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бала тәрбиесіне басты жауапкер ата-аналар көбіне-көп ойланбай баласына лағынет айтып, сол үшін болашақта опық жейтінін ұмытып жатады. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Сондықтан  бұндай сөзге ислам діні қалай қараған, әр сөздің адамға берер әсерін зерттеген психолог, ғалымдардың пікірлерін ортаға салдық.

Лағынет дегеніміз – Алланың мейірімінен тыс қалу, рақымынан құр қалу деген мағынаны білдіреді. Демек, «атаңа нәлет» сөз тіркесінің түпкі мәні – бұл ата-анаң Алланың мейірімінен жырақтап қалсын, ата-бабаңа Алланың мейірімі болмай қойсын мағынасында түсіндіріледі.

Исламтанушы Самет Оқанның пікірінше, ел арасында бұл сөз кең етек жайған және бала тәрбесіне кері әсер тигізеді.  Әсіресе, әйелдер қауымының арасында қатты таралған екен. Кейде тіпті өз баласына ұрысып жатып, әңгіменің арасына осы сөздің қаншалықты ауыр екеніне, өзіне де зиян тиетініне мән берместен айта салуы үлкен мәселелердің басын ашады.

– Ислам діні бойынша мұндай сөз тіркес харам етілген (тыйым салынған). Себебі, өзгенің ата-бабасына лағынет тілеу – өз ата-бабаңа лағынет тілеумен теңестіріледі дейді. «Атаңа нәлет», «атаңа нағылет», «қап, атаңа нәлет-ай», «қарғыс атқыр». Бұл ауызекі тілде өзгенің ата-бабасына лағынет тілеу. Кейбір елді мекендерде «атаңа нәлет жауғыр-ай» деп те айтады. Осы тіркестегі «нәлет» немесе «нағылет» сөзі уақыт өтісімен «лағынет» сөзіне өзгерген. Яғни, «Ата-бабаңа, ата-анаңа Алланың лағынеті жаусын» деген мағынаны білдіреді,-дейді исламтанушы.

Сондай-ақ Самура ибн Жундуб жеткiзген хадисте Аллаһ елшiсiнiң (оған Аллаһтың игiлiгi мен сәлемi болсын) былай дегенi хабарланады: «Бiр-бiрiңе Аллаһтың қарғысын да, ашуын да, отын да тiлеушi болмаңдар!» (Әбу Дәуд, Тирмизи. «Сахихуль джами'» 7443, «Сильсиля сахиха» 890). Ал Ибн Мас’уд жеткiзген хадисте, Аллаһ елшiсінiң былай дегенi хабарланады: «Иманды адам сөкпейдi де, лағынеттемейдi де, арсыздық жасамайды да, қылмыс жасамайды». Тирмизи. «Сахихуль жәми'» 5381, «Сильсиля сахиха» 320. Яғни, өз баласына жаман сөз айту, лағынет ету үлкен күнәлердің бірі екендігі белгілі болып тұр.

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Үлкен күнәлардың ішінде ең ауыры – кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы», – деді. Сонда Пайғамбарымыздан бір кісі: «Қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, уа, Расулалла?» – деп сұрайды. Ол (с.ғ.с.): «Кісі біреуді әкесінен боқтайды. Ол да оны (өз кезегінде жауап ретінде) әке-шешесінен боқтайды.

Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) төрт-ақ сөзбен: «Мұсылман намысқа тиісуші, лағынет етуші, жаман сөз айтушы және бейәдеп болмайды» – деп, мұсылман әдебін үйретіп кеткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде былай деген: «Қиямет күні кісінің таразыға ауыр басатын нәрсесі – көркем әдебі. Сөзсіз, Алла Тағала боқауыз, былапыт сөз айтушы кісіге ашуы келеді», – дейді.

Ал психолог Бинұр ханымның айтуынша, біз осы теріс мінезден арылуымыз керек. Оның орнына баламызды махаббатпен жігерлендіріп, мақтай отырып құрметке баулу негізгі борышымыздың бірі болып есептеледі.

– Ұрпағына: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді» деген өнегелі нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөздің құдіретін жете сезінген дана болған. Сөз арқылы адамның көңілін көтеруге де, мұңайтуға да, күлдіруге де, жылатуға да болады. Сондықтан да, жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер деген сөз бекерге айтылмаса керекті,-дейді психолог.

Қызылорда облысының имамы Рамазан қажы Егенұлының айтуынша, адам тілінің негізгі қызметі – Жаратушы Алла Тағаланы еске алып, мадақтау, шүкір айту, мәні бар жақсы сөз сөйлеу. Бұған байланысты Құран Кәрімде көптеген аяттарда  айтылған.

– Тіл  Алла Тағаланы зікір ету үшін берілген. Сондықтан, Алла Тағаланы мадақтап, ұлықтайтын сөздерді айтқан сайын жүрегіміздегі иләһи нұр күшейе түседі. Ал бос сөздер айтып, қылжақтау жүректің нұрын сөндіреді. Хазіретті Омар (р.а): «Кімде-кім көп сөйлер болса, көп қателеседі. Көп қателесу күнәнің көбеюіне себеп болады. Ал күнәһар адамның барар жері тозақ қана» дейді. Мысалы, «Ахзаб» сүресінің 70-аятында: «Әй, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар да, дұрыс сөз сөйлеңдер», – деген. Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жақсы сөз – садақа», – деп бекер айтпаған. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім Алла Тағалаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін», – деп те бұйырған,-дейді имам.

Имамның айтуынша, дінімізде орынсыз сөйлеуге тыйым салынған. Орынсыз сөйлеу, мағынасы жоқ әңгіме айту мұсылман кісінің иманын әлсіретеді екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адам Алла разы болатын бір сөзді әншейін айта салады да, сол себепті Алла оның дәрежесін көтереді. Ал басқа бір адам Алла разы болмаған (кәріне ұшырататын) бір сөзді айта салады да, сол себепті Алла оны жәһәннамның түбіне лақтырады»,– дейді.

Психо-аналитик Бинұр ханым ғалымдар балағат және жағымсыз мағынаға ие сөздердің радиациясы әсерінен адам  генінің мутацияға ұшырауына себепкер болатынын айтты. Ал ол өз кезегінде ағзаның қартаю процессін тездетіп, түрлі психикалық және соған тән аурулардың пайда болуына ықпал ететінін анықтаған екен. Ал жақсы мағынаға ие, қайырымды-мейірімді сөздер, дұғалар, тіпті кейбір әдемі өлең-жырлардың өзі көптеген кеселдерді емдеп, адамға жағымды ықпал етіп, ағзаның қартаю процесін тежейтінін ескертті.

– Соңғы зерттеулерге сүйенер болсақ, адам балағат сөздер айтқан кезде жағымсыз энергияны өзі ғана қабылдап қоймай, жанындағы өзге адамдар мен жан-жануарларға, тіпті су мен тағамдарға да таратады екен. Адамның сөзі мен ойының басқа адамдар мен жанды нәрселерге, сондай-ақ өсімдіктерге әсерін зерттеумен айналысатын жапон ғалымы Эмото Масару адам сөйлеген кезде өзінің ойын басқаларға жеткізіп қана қоймай, айтқан сөзінің жақсы не жаман мағыналы болуына орай пайдалы не зиянды ақпараттық толқын тудыратынын мәлімдеген,-дейді психолог маман.

Сондай-ақ Ресей Ғылым Академиясы кванттық генетика интитутының ғалымдары да балағат және бейәдеп сөздердің жағымсыз салдары туралы біраз зерттеулер жүргізген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, айтылған сөздердің электромагниттік тербелісі ДНҚ молекуласының құрылымына тікелей әсер ететін болып шыққан екен.

Ғалымдардың пікірінше,  егер балағат және жағымсыз сөздер айтылса, ДНҚ молекуласы осы сөздерді қабылдайды және қабылданған әсердің тым артық әрі жағымсыз болуынан «теріс программа» немесе «өзін-өзі тарату (самоликвидация) программасын» іске қосады. Демек, өзін-өзі күйретуге, бүлдіруге бағытталған үдерістер басталады. Осылайша ақпараттардың үнемі күйреп бұрмалануы, өзгеріске ұшырап тұруы  ДНҚ-ның құрылымын сау күйден ауру күйге душар етеді. Демек, жағымсыз, ғайбат сөздер радиациялық сәулелігі мың рентгенге тең келетін мутегендік әсер береді. Бұл дегеніміз денсаулығымыздың зиянға ұшырап жатқандығынан хабар береді.

Сахаба Муаз бин Жәбәл: «Уа, Алланың Елшісі! Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе? – дейді. Сонда хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с): «Адамдардың мұрындарымен жер сүзіп, тозақта азапталуының басты себебі – осы тілдің кесірі», –  деп  жауап берген екен. Сондықтан, абайлап сөйлеу – ақылдылықтың, имандылықтың белгісі.

Таңбалар: бала тәрбиесіИслам дінілағынет айту
Бөлісу46Твитерге29Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Баланы ұрып-соғу арқылы тәрбиелеуге бола ма?
Сұрақ-жауап

Балаға намазды ұрып үйретуге бола ма?

14.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жасалған ғибадаттар ахиретте пайдалы бола ала ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123506 бөлісті
    Бөлісу 49402 Твитерге 30877
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3079 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00