Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сенім бостандығын қамтамасыз етудің құқықтық өлшемі

28.04.2020
- Қоғам
0
390
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дін және діни бірлестіктердің қызмет ету саласындағы қоғамдық қатынастар нормативті регламенттеудің күрделі және көпдеңгейлі жүйесімен реттелетін болғандықтан, осы қатарда діни сенім бостандығының кепілдігін қамтамасыз ететін конституциядағы құқықтық нормалардың алатын орны ерекше.

Конституциядағы құқықтық нормалар мемлекеттің құқықтық идеологиясының эволюциясынан, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуінен, мемлекетте жүзеге асырылып отырған зайырлылық моделінен және мемлекеттің осыдан туындайтын мемлекет пен діннің бір-бірінің істеріне араласып кетпеу шектеулерінен сақтаудан көрініс табады.

Жалпы, дін саласын құқықтық реттеу туралы айтқанда осы қатардағы ұғымдардың басын ашып алудың мәні ерекше. Осы орайда заңтанушылар құқық саласында айтылатын «діннің конституциялық бостандығы» ұғымы кең мағынада қолданылатын «діни сенім бостандығы» ұғымынан қарағанда бостандық ұғымын нақты әрі анық-қанық жеткізеді деп санайды.

Өйткені діннің конституциялық кепілдендірілуі бостандықтың әр адамға туылғаннан берілетінін көрсетеді және мемлекеттің осы жердегі негізгі міндеті бостандықты адамның жеке құқы ретінде мойындау және оның іске асуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл, өз кезегінде, дін бостандығын дүниетанымдық құқық пен бостандықтың бүкіл спектрін қамтитын              «ар-ождан бостандығы» конституциялық категориясының бір бөлігі ретінде қарастыру керек екенін көрсетеді.

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Адамның дербес жүзеге асыратын жеке діни құқықтары мен бостандығын және адамның басқалармен бірлестікте жүзеге асыратын ұжымдық діни құқықтары мен бостандықтары кешенін қамтитын конституциялық бостандық құрамын мемлекеттің діни қатынастар саласына араласу шегімен ғана анықтауға болады.

Дін бостандығы туралы сөз қозғағанда оның ішкі және сыртқы құрамдастардан тұратынын ескеру қажет. Ішкі бостандық адамның діни сенімге қатысты ішкі сенімін көрсететіндіктен мемлекет тарапынан шектеуге жатпайтын абсолютті құқық болып табылады, ал сыртқы бостандық адамның өз діни сеніміне байланысты белгілі бір іс-әрекеттерін көрсететін болғандықтан заңмен шектеле алады. Сондықтан сыртқы бостандық соған сәйкес құқықтық реттеуге, оның ішінде контитуциялық құқық нормаларымен реттеуге мұқтаждық танытады.

Мемлекет әрбір адамның дінді ұстану бостандығына кепілдік бере отырып, ол бір мезгілде жекелеген азаматтар өмірдің ерекше жағдайы мен ортасына түсіп қалған жағдайда (әскери қызмет, денсаулық сақтау мекемелерінде стационарлық емделу, түзеу мекемелерінде қылмыс өтеу) адамның еркін жүріп-тұруын шектей алады және белгілі бір тәртіпке көндіруге міндеттей алады. Осы орайда, аталған мәселелерде әр елдердің өзіндік тәжірибесінен туындайтын талаптары бар екенін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ дін ұстанудың конституциялық бостандығының мойындалуы және оның кең мағынада дін саласын реттейтін заңнамаларға енгізілуі ел азаматтарының Конституцияға сенімін еселей түсетін өлшем болып табылады. Бұл, өз кезегінде, мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында құқықтық және өзара сенімге негізделген тұрақты қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді. Мемлекеттің осы орайдағы басты міндеті дін ұстану бостандығы саласында қол жеткізілген конституциялық деңгейді төмендетіп алмау болмақ.

Жалпы, дін саласын конституциялық-құқықтық реттеу мәселесін қозғау барысында  ар-ождан бостандығы мен дін ұстану бостандығы ұғымдарының конституциялық-құқықтық арақатынасы мәселесінің басын ашып алу қажет. Бұл, өз кезегінде, құқықтық қатынас субъектілеріне мақсатты түрде әсер етуді көздейтін құқықтық реттеу шекараларын нақты айқындап алуға мүмкіндік беретін болады.

Осы орайда, ар-ождан бостандығы дін ұстану бостандығымен салыстырғанда кең ауқымдағы ұғым болып табылады, өйткені ол дін ұстану бостандығын, дінге сену бостандығын, сонымен қатар дінге сенбеуді, атеизм мен скептицизмді де қамтиды. Ал дін ұстану бостандығы осы ауқымды тұтастықтың бір бөлігі ретінде ар-ождан бостандығының мәндік сипаттамасы ретінде көрініс табады. Бұған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабындағы «Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқы бар, ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауы немесе оларды шектемеуі тиiс» деген сөздер дәлел бола алады.

Осы ретте, кез-келген салалық заң Конституцияда айтылған негізгі құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс дер болсақ, Қазақстандағы дін саласын реттейтін қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы бүгінгі таңда еліміздің азаматтарының және елде өмір сүріп отырған барлық адамдардың ар-ождан бостандығы мен дін ұстану бостандығын нақты іске асырып отыр деуге болады.

Иманбаев Мейрам,
сарапшы

Таңбалар: Ислам діні
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам абақтыға жабуды құптай ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123407 бөлісті
    Бөлісу 49363 Твитерге 30852
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5259 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3344 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00