Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық – құндылық әлемі

21.03.2020
- Қоғам
0
241
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет саяси жүйені құрайтын негізгі элемент ретінде  адамзат дамуының ерте дәуірінде пайда болғандықтан, оның даму тарихы мен қалыптасу процесі нақты қоғамның құрылымы мен ауқымының күрделенуімен тығыз байланыста көрініс табады.

Адамзат дамуының ерте кезеңдерінде тайпа көсемі жалпы жиналыста сайланатын, ал тайпалар арасындағы өзара қатынастар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлермен реттелетін. Дегенмен, өндіріс деңгейінің көтерілуі және еңбек бөлінісі мен маманданудың дамуы бірте-бірте қоғам ішіндегі өзара қатынастардың күрделенуіне, жүйеленуіне және иерархиялық құрылымына алып келді.

Енді қазіргі әлемдегі демократиялық, құқықтық даму жолын таңдаған мемлекеттердің конституциясының маңызды белігісі ретіндегі зайырлылық құндылықтар туындауының алғышарттарына, оның қағидат ретінде орнығу және даму жолына тоқтала кетейік.

Осы жерде шығыстағы өркениеттерде, оның ішінде ислам өркениетінде де зайырлы ұғым болғандығы туралы пікірлердің бар екенін білеміз. Десек те, қазіргі әлемдегі демократиялық даму жолындағы елдерде қалыптасқан мемлекет пен діннің қарым-қатынасын айқындайтын зайырлылық құбылысы Батыс қоғамының саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму заңдылығынан туындаған құбылыс болып табылатыны күмән тудырмайды.   

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

Батыс өркениеті сол дәуірдегі қатар өмір сүріп отырған Шығыстың тым орталықтандырылған саяси құрылымымен салыстырғанда анағұрлым ыдыраңқы феодалдық саяси құрылымға ие елдерден құрылатын. Алайда Жаңа дәуірге аяқ басқан еуропалық елдер осы кезеңде азамат құқығы мен еркіндігін дамытып, олардың өміршеңдігін қамтамасыз етуші институттарды құру арқылы қарқынды дами бастады. Биліктің бір адамның немесе адамдар тобының қолынан көпшіліктің қолына көшуі еркіндіктің дамуына өз септігін тигізетін алғышарттарды туындатқан болатын.

Осы кезеңде мемлекет пен діннің бір-бірінің ісіне араласпайтыны жайлы қоғамдық түсінік пайда болған, діннің саясаттан бөлінгендігі, мемлекеттің дін істеріне орынсыз араласпауы және елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіре бастаған жағдайда ғана мемлекеттің дін ісіне араласа алатындығы туралы көзқарастар ХVI ғасырда Еуропада дінді реформалауға қатысты нақты әрекеттерге ұласты.

Бұл өз кезегінде феодалдар мен корольдің, шіркеу мен мемлекеттің, жергілікті шіркеу мен патриархалдық биліктің, король мен парламенттің, ақсүйектер мен буржуазияның арасында биліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған мүдделерді туындатып, нәтижесінде адам  құқықтары мен еркіндіктерін, индивидуализм мен зайырлылық көзқарастарын алдыңғы қатарға шығарды.

Адамның діни сенімді өзі таңдай алу құқығының мойындалуы – адамзат тарихындағы гуманистік ойдың баға жетпес жеңісі болып табылады. Оны алғашқылардың бірі болып ағылшын ойшылы Джон Локк өзінің «Діни төзімділік туралы хаттар» атты еңбегінде мемлекет пен дінді бір-бірінен бөлу қажеттігін және мемлекеттің дін бостандығын мойындауға тиіс екендігін дәйектеді. Ол адамдарға дінді өздері таңдау құқығын беру қажет деп санап, ұстанатын діндеріне қарамастан азаматтардың теңқұқықтылын жақтады.

Осы кезеңде ағартушылар ар-ождан бостандығын табиғатпен берілетін және оны әлімжеттікпен тартып алуға болмайтын тұлғаның табиғи құқығы екендігін кеңінен насихаттай бастады.

1648 жылғы Вестфаль бітімі бойынша Еуропадағы Ватикан папасы басқаратын католиктік христандықтың догмаларына балама идея ретінде пайда болған протестанттық ағым ресми түрде мойындалды. Осынау Реформация қозғалысы Батыс және Солтүстік Еуропаның экономикалық және саяси жағынан қарқынды дамуына ықпал етіп, Рим папасы  билігінің әлсіреуіне жол ашты. Жаһандық католик шіркеуінің орнын мемлекеттің бақылауындағы ұлттық шіркеулер басты. Реформа нәтижесінде зайырлы оқу орындары ашылып, жеке адамның құқықтары қорғала бастады. Қоғамдағы рухани билік азаматтық басшылардың қолына өтті.

Тарихтың осынау жаңа дәуірінде Еуропадағы экономикалық, әлеуметтік, саяси өзгерістер адам санасына үлкен әсер етіп, бұл өзгерістер осыдан кейінгі үлкен дүмпулерге серпін берді. XVIII ғасырдың соңына таман Францияда қабылданған Адам мен азамат құқықтары декларациясында сословиелік жүйені жоққа шығаратын, дін мен мемлекеттің бір-бірлерінің істеріне араласпайтын қағидаттар нақты көрініс тауып, олар уақыт өте келе заманауи даму жолын таңдаған көптеген елдерде негізгі құндылыққа айналды.

Мемлекет пен діннің қарым-қатынасының аражігін бөліп берген түсініктің тарихи дамуының нәтижесінде халықтардың санасында қоғамда зайырлы сана-сезімнің қажеттілігі, мемлекеттегі әрбір адамның негізгі құқықтарға ие екендігі және адамдар сол құқықтарына қол жеткізу жолында күресу керектігі туралы ойлар бірте-бірте қалыптаса бастады.

Әрине, бұл осы құндылықтардың бірден орныққанын білдірмесе де, жеке адамның құқықтары мен еркіндіктері, зайырлылық, құқықтық мемлекет тәрізді өміршең ойлар адамдар санасында мықтап орнығып, оның ары қарай тәжірибелік іске асуына алып келді.

Осы орайда, Батыс Еуропада зайырлылық ұғымы «лаицизм» терминімен қолданысқа шыққан болса, жекелеген елдерде бұл ұғымды «секуляризм» терминімен қолданатынын айта кету қажет.

Біздің бүгінгі сөз қорымыздағы мемлекеттің қоғамдық қатынастарда осы өмірдегі дүниелік құндылықтарды басшылыққа алатынын сипаттайтын  және сәйкесінше, қоғамның діни талап-тілектерден тәуелсіздігін білдіретін «зайырлы» ұғымы саясаттың діннен азат етілуі деген мағынадағы латын тіліндегі «laicus» («лаицизм»), «saecularis» («секуляризация») сөздерінен бастау алады. Зайырлы қоғамның маңызды сипаттық ерекшеліктері діни сенімдері мен көзқарастары әртүрлі азаматтардың бір мемлекетте өмір сүруіне негізделген. Демек, зайырлы мемлекет осы мағынада дінді мемлекеттен ажырату идеясының нақты жүзеге асырылуын көрсетеді.

Қазіргі заманғы зайырлылық ұғымының аясы ең алдымен адамның ар-ождан және наным-сенім бостандығын еркін жүзеге асыруға кіретін гуманистік құндылықтарды қамтиды.

Зайырлылық діни таным мен құндылықтарды мойындамауды немесе олардың қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі мен маңызын кемсітуді білдірмейді. Яғни, зайырлылықты әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы ой-сананың көптүрлілігін мойындау деп, ал зайырлы мемлекетті осы көптүрліліктер арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негіздерін қамтамасыз ететін басқару түрі деп түсіну қажет. Осы тұрғыдан алғанда  мемлекеттің зайырлы сипаты – діннен бөлінгендігімен қатар қоғамда атеистік және өзге де дүниетанымдардың қатар өмір сүре алуын мойындауымен сипатталады.

Демек, қазіргі әлемдегі зайырлы құндылықтардың өзектілігі – мемлекет пен діннің арасында байсалды қатынастарды орната алатындығын дәлелдеген маңызды қағидат.

Мейрам Иманбаев,
Мәдениеттанушы

Таңбалар: дінзайырлылықмемлекет
Бөлісу6Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Светскость – залог духовного развития казахстанского общества
Жаңалықтар

Қазақстандағы зайырлылық: оны қалай түсінеміз?

16.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Миғраж – мұғжизаға толы түн

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123494 бөлісті
    Бөлісу 49398 Твитерге 30874
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00