Сейсенбі, 8 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абай және Ислам

10.02.2020
- Қоғам
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Уақыт өтіп, жаңа ұрпақ өсіп және қоғамдық сана өзгергенімен ұлы Абайдың философиясы, өмірге деген көзқарасы, шығармалары өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы – ұлттық санамызға төңкеріс жасаған туынды деп бағалауға болады. Айта кетерлігі, Президент мақаласындағы көтерілген идеялар алдымен, біздің жастарымызға бағытталған.

Бұл мақаланы ұлттық бағдарламаның өзегі деуге болады. Президентіміз өз мақаласында Абайдың рухын тану мен оның даналық сөздерін бойға сіңіру арқылы елдің ел болатындығын айқын атап өтті. Абайды жаттап емес, жүрегіңмен түсініп оқу керек. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш мақала әр қазақты ойлануға, жаңаруға, екі дүниеге Абай көзімен қарауға шақырады. Абай мұрасы арқылы барша қазақ баласы рухани шөлін қандырады, ол арқылы қазақ әлемге танылады.

Мемлекет басшысының мақаласында Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам-танымынан да айқын көрсетеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – дейді ол. Бұл ой-тұжырымға ол Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп, зерделеп барып жеткені анық. Ол отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді. Абайдың рухани өресіне баға берген дінтанушы философ ғалымдар оның «кәміл мұсылман» ұғымына ерекше назар аударады.

«Кәміл мұсылман» ұғымы тек қазаққа ғана емес, бүкіл мұсылман әлеміне қатысты айтылса керек. Міне, біздің ойшыл Абай, хакім Абай – әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы да биіктей беретін тұлға. Елордада барлық діннің басын қосып, дәстүрлі жиын өткізіп келе жатқанымызды білесіздер. Мұндай іс-шаралардың мақсаты мен ұлы Абай ұстанымының арасында өзара үйлесімділік бар. Ақынның барша адамзат баласының жан дүниесінің тазалығын сақтауға деген ниеті бәрімізге ой салады. Осы арада Қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының исламды терең түсіне білген ұлт руханиятының жарқын шамшырағы мен көрнекті тұлғасы, ал оның мұралары – ұлттық құндылығымыз екенін Президентіміз басып айтты.

Ислам және жол ережесі

Ислам және жол ережесі

02.07.2025
Еңбеккер – елдің мерейі

Еңбеккер – елдің мерейі

02.07.2025

Абай мұрасының мәдени, тарихи, рухани, дүниетанымдық негіздері – жалпы адамзаттық құндылықтар. Абай дүниетанымының қалыптасуына ұлттың дәстүрлі мәдениеті, мұсылмандық шығыс мәдениеті мен руханияты және батыс еуропа мәдениетінің озық жетістіктері ықпалын тигізді. Абайдың «Қарасөздеріне» тек бір автордың ой-толғамдарын ғана білдіретін дербес туынды ретінде емес, өзіне дейінгі қазақ топырағындағы бүкіл рухани-діни тәжірибені жинақтаған, ғасырлар бойы қалыптасқан, қорытылған бірегей ілімді ХІХ ғасыр кемеңгерінің ой көрігінен, сана сүзгісінен өткізіп, іріктеп берген танымдық мәні зор туынды ретінде қараған жөн. Басқаша айтқанда, «Қарасөздерде» Абай ақынның сыншыл да сыршыл көзқарастарымен қатар қазақы исламның негізгі қағидалары да жинақталып, қазақ халқының рухани көзқарастары мен танымы жүйеленген. Осыған орай жаһандану үдерісіне енген қазіргі Қазақстан халқы үшін, әсіресе, өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған, ауытқымалы психологиялық кезеңдегі жас буын үшін дәстүрлі бағыттағы діни танымды қалыптастырудың маңызы өлшеусіз. Қазіргі заманда көп елдерді жайлап кеткен діни экстремизм, дәстүрлі емес діни ағымдар мүшелерінің көбейуі еліміздің басты мәселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан ғасырлар бойы қалыптасқан діни танымды арқау етіп, дін мен дәстүр бірлігіне негізделген еліміздің жастарына діни сана қалыптастыру – қазір ең өзекті мәселелердің бірі.

Ұрпақтар сабақтастығы – өмір заңдылығы, оны ұлы Абайдың сөзімен айтқанда: «Дүние – үлкен көл, Заман – соққан жел, Алдыңғы толқын – ағалар, Артқы толқын – інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер» [2, 79].

Алдыңғы толқынның сара көңілді даналары өздері өткерген өмір сабақтарынан көңілге түйген ұлағатты ойларын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Бірақ кейде қилы заман сарынынан құндылықтардың көмескі тартатын кезі болады. Қазіргі заманда заттық игіліктер алдыңғы орынға шыққанда, рухани игіліктердің, дәстүр мен діннің негізі шайқалады. Бірақ рухани байлық уақыт өте қайта жаңғырып, адамзат қоғамын ілгері сүйреп, ортаймай, ескірмей, тот баспай ғасырдан-ғасырға ұласа береді.

Ұлы дала төсінде дүниеге келген ұлтымыздың төл перзенттері халқымыздың рухани қазынасын баға жетпес мұраларымен байытқан, ұлттың санасын сілкіндіріп, рух берген, түйінді мәселенің шешімін төрт ауыз өлеңге сыйғызып, тарихын дастанмен сипаттаған.

Ұлтымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері мен жыр-аңыздары, ұлы Абайдың қара сөздері, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздері, ойшылдар мен ақындардың туындылары –  рухани-адамгершілік қағидаларды қалыптастырған қайнар көздер.

Абайдың қарасөздеріндегі дін туралы пікірлері оның діни білімі мен танымын аңғартады. Пайғамбар хадистерінен келтірген мысалдары Абайдың діни дүниетанымының тереңдігін дәлелдей түседі. Ақынның қырық бес қарасөзінің он бірі дін тақырыбына арналған. Олардың ішінде кейбір қарасөздері тек діни мәселелерді қозғайды. Мысалы, «Он үшінші қарасөзінде» иман мен ғибадат, «Жиырма жетінші қарасөзінде» құлшылық, хикмет, ақыл жайында, «Жиырма сегізінші қарасөзінде» тағдыр, иман, ақыл, ғибадат, «Отыз төртінші қарасөзінде» ақырет, иман, дүниелік өмір, «Қырық үшінші қарасөзінде» жан мен тән, ақыл, талап, қуат, «Қырық бесінші қарасөзінде» Алла Тағаланың барлығына дәлел келтіріп, әділет, махаббат туралы баяндайды.

Абай қарасөздерінің ішіндегі ең көлемдісі – «Отыз сегінші қарасөзі».

Абайдың «Қарасөздеріне» ақынның сыншыл да сыршыл көзқарастарымен қатар қазақы исламның негізгі қағидалары да жинақталып, қазақ халқының рухани көзқарастары мен танымы жүйеленген.

Қазіргі елдегі діни ахуал жағдайында діни мазмұндағы әдеби туындыларды көп таралыммен қатар, оқулықтарға, немесе теориялық еңбектерге қарағанда, әдеби шығармалар халықтың ұғымына жақын, қабылдауына жеңіл болатыны белгілі.

Туған топырағымыздан шыққан ғұламаларының ой-пікірімен, дүниетанымымен таныс болмағандықтан, еңбектерін жетік білмегендіктен, ұлттың рухани ұстаздары болған тұлғалар арқылы тұтас халықтың ділінің қалыптасу негіздерін танып-түсінбегендіктен, жаңа буын жас ұрпақ ата-баба дінінен адасып, теріс ағымға бой алдыруға бейім тұрады. Тарихи тамырынан алыстап, рухани жұтаңдыққа ұрынған ұрпақ ұлтының саналы азаматы бола алмайды.

Осыған орай ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы жылы дін саласының мамандары, Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, ҚМДБ және имамдар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухани құндылықтарды қалыптастыру үшін төл тарихымызды терең танытып, ғасырлар бойы жинақталған ізгілік тағлымдарын санасына сіңіру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

Оның ішінде ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы жылы ҚМДБ және имамдар осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырып, имамдармен оқыту семинарларын, оларға Абайдың шығармаларын қоса таратып, Абай оқуларын өткізсе – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттырар еді.

Сонымен қатар имамдармымз халықпен, діндар азаматтармен кездескенде ұлтымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдері мен жыр-аңыздары, ұлы Абайдың қара сөздері, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздері, ойшылдар мен ақындардың туындыларын дәстүрлі ислам дінінің Ханафи мазхабы туралы айтқан пікірлерін келтіре отырып еліміздің игілі істерін, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттауы өте маңызды болар еді.

 

Б. Шериязданов

ҚБҒМ Тарих институты

Саясаттану ғылымының кандидаты

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» Қасым-Жомарт Тоқаев мақала // 2020, 09.01.
  2. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992,
  3. Қазақ ғұламалары мен ақындарының діни-танымдық ойлары: ақпараттық-танымдық жинақ А.Әбдірәсілқызы, С.Дуанаева, Қ.Бейсенғазин т.б. – Астана:, 2016 – 155 бет.
  4. Qazaqstantarihy https://e-history.kz/kz/contents/view/1653
Таңбалар: Абай ҚұнанбайұлыдінҚазақмерейтойфилософия
Бөлісу27Твитерге17Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

05.07.2025
Дін – консультативтік құбылыс
Видео

Дін – консультативтік құбылыс

26.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

XXI ғасырдағы Исламның суниттері санының өсу динамикасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады
Жаңалықтар

Зейнеткерлер мерекелік ән шашу арнады

07.07.2025
Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды
Жаңалықтар

Теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды

07.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00