Жексенбі, 22 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Татулық – өзгенің сенімін құрметтеуден басталады

08.10.2019
- Қоғам
0
457
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Барлық адам баласының өмірінде діннің алар орны ерекше. Сол себепті де, дін адамзатты сыйластық пен татулыққа біріктіретін құндылық.

Әрине, бір діннен екінші бір дінді бөлектеп, жоғары қоюға болмас. Алайда, хақиқи дін адалдықты ту етумен адамзатты өзінің соңына ерте алады. Біз тарихтан ғана қазақ халқының қиын күндерді бастан кешкенін, аштықтан бұратылып, әр қияға көшкенін білеміз. Тәуелсіздіктің бізге тамаша тартуы ол – тыныш өмір.  Арба сүйретсе де, күректеп ақша тапса да, әркім еңбегіне қарай жемісін жеп, нәпақасын тауып жүр.

Қанағатсыздық деген нәрсе адамда бұрыннан болған. Осындай азат күнде туып, тірі адамдар тіршілігін жалғастырып, барлық бала біліммен сусындап, ішер ас, киер киімнің болғанының өзі бақыт. Қашан төбемізден бомба түсіп, жермен-жексен етеді деген үрей жоқ. Бұл – тыныштықтың берекесі.

Біздің мемлекетіміз Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы, әртүрлі мәдениеттер тоғысқан ел.

Дәл қазіргі таңда Қазақстанның кең әрі тыныштықтың туын желбіреткен қара шаңырағының астында 130-дан астам ұлт өкілдері Елбасымыздың ұлттар арасындағы достықты, діндер арасындағы түсіністікті жүзеге асыруының нәтижесінде тыныш та бейбіт таңымыз атуда.

Әлемді алаңдатқан соғыс

Әлемді алаңдатқан соғыс

19.06.2025
Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Адамдарды ашындырмайық, оларға сөзбен және іспен көмектесейік. Мемлекет қазір нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен келісімді сақтау маңызды міндет болып қалады»,-деген болатын.

Қазақ халқында  даналық пен парасаттылыққа толы сөздер аз емес. Соның бірі: «Бірлік болмай, тірлік болмас»-деп келеді. Олай болса, аталмыш түсіністік пен тұрақтылықты нығайтуға тек дін адамдары күш жұмсауы тиіс деген құрғақ ойдан арылғанымыз жақсы.

Береке, бірлік – Отаны бір адамзат баласына шаңырағының түтіні түзу ұшпағы үшін ауадай қажет. Ғасырдан-ғасырға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, Қазақстан қоғамындағы өзге діндер мен ұлт өкілдерінің салт-дәстүр және мәдениеттеріндегі байланыс әсте назардан тыс қалмақ емес.

Еліміз жаңа мыңжылдыққа адамзат баласы үшін ең қымбат қазына – этносаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін ала келді. Бұл жолда жарасымдылықты қастерлеу мен асыл құндылықты бағалаудың ашық бір дәлелі ел еркіндігі бар еді.

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық татулықты, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен келісімді нығайту бағыты айрықша орын алуда. Бүгінгі таңдағы қоғамымыздағы ауызбіршілік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынастың берген жемісі деп айта аламыз.

Этносаралық ынтымақ, конфессияаралық татулықтың нәтижесінде елімізде саяси ахуал тұрақты.

Елімізде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуға, олардың өз діндерін ұстануларына да жағдай жасалған.  Алла Тағала адамдарды ұлт пен ұлысқа бөлініп, ішінара алауыз болуға емес, әр тілділігіне қарамай, тату тірлікпен ғұмыр кешу үшін жаратқандығын ұғынуымыз керек.

Асылында, көреалмаушылық пен арсыздық, зұлымдық сынды әрекеттер бізге жат. Ең бастысы – Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің зор үлгісін танытып отыр.

Ислам діні өзге діндегілермен төрт түрлі жолды негізге ала отырып тығыз байланыс жасауды назарға ұстайды: жақсы қарым-қатынаста болу, бір-біріне жәрдемдесу, жақсылық жасау және қашанда әділ болу.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Шынайы мұсылман басқаларға тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді»,-деген. Бұл – басқыншылық пен экстремизмді, лаңкестік пен қантөгісті діннен іздеудің бұрыстығын көрсетеді.

Татулық, толеранттылық, рухани келісім қағидаттары әлемдік және дәстүрлі діндердің барлығына тән. Осынау ортақ құндылықтар Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдерінің, әртүрлі діндерді ұстанушылардың тату-тәтті өмір сүруіне мүмкіндік беріп келеді. Дінаралық татулықты сақтау қағидатына исламда баса мән берілген.

Қазіргі таңда қоғамды  дерт меңдеп барады. Бөліну де, өзге дінге ену де, оның жетегінде кеткен жат ағым деген де таңсық ұғым болып тұрған жоқ!

Тарихшы Диктор Кузин:

«Барлық нәрсе дін айналасында дін үшін дінмен құрылған»-деген пікір білдірген.

Адамзат баласы әрқашан өзінен жоғары күштің барлығын сөзсіз сезінеді. Демек, адамның немесе қоғамның діннен айырылуы мүмкін емес. Қазіргі жат ағыдардың жетегіне кеткен бауырларымыз адасушылықта. Олардың дені бүгінгісін ғана ойлап, ақиқаттан шеттегендер.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендерге бірге болу – міндет»,-деу арқылы  дүниеден өтерінде үмметін бөлінуден барынша сақтандырған.

Мельников Печерский, психолог:

«Әртүрлі діни ағымдарға кіретіндер олар: жүйкесі тозған, сезімтал, өмірлік қайғы қасіретті көп көрген адамдар. Сонымен қатар, жұбайлары тастап кеткен әйелдер. Алданып қалған, оң жақта отырып қалған үмітсіз қыздар. Дәл сондай адамдарға, өзінше бір әруақтар дауыстары естілгіш, көздеріне тылсым бейнелер көрінгіш, әртүрлі пұттар оларға материалдық жағынан көмектескіш болып келеді. Осындай адамдар түрлі секталарға кіруге бейім болады»,-дейді.

Бізде деструктивті діни ағымдардың жетегіне еніп кеткендердің көбісі жастар. Басты себепті еліктеуден іздейміз бе, әлде, ақшадан ба?  Иә, «Дін – дәстүрім, салтым – санам» – деп, дәстүрін шариғатпен көркемдеген ата-баба дінін жоғалтып алмай, керісінше, өткеннің озығын бүгінгі игілігімізге жаратсақ жөн емес пе?!

Елдегі тұрақтылықты сақтап, оны одан әрі нығайтуға үлес қосу – барлық азаматтың міндеті. Себебі, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару – бәріміздің де қолымыздан келеді. Аққу, шортан һәм шаян болған күнде татулық пен  ұлттық келісімді сөз етудің өзі әбестік болар еді.

Олай болса, жағаны кеңге сала бермей, бірлікке қауіп төндіргісі келетін кез келген жат ағыммен белсене күресу қажет. Бізге ең бастысы – татулық және келісім керек.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ,
дінтанушы

Таңбалар: бірліктатулықТұрар Түгелұлы
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін адам баласын бөлшектей ме?
Ислам

Дін адам баласын бөлшектей ме?

20.05.2025
Ынтымақ мекені
Видео

Ынтымақ мекені

12.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Күнәдан сақтанудың 5 жолы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Орталық Азия – тұтас құрлықтың жүрегі
Сұрақ-жауап

Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Орталық Азия – тұтас құрлықтың жүрегі

21.06.2025
Қазақ халқы қандай ырым-тыйымға сенген?
Сұхбат

Қазақ халқы қандай ырым-тыйымға сенген?

21.06.2025
Ислам

Зікір және оның пайдасы

21.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00