Сейсенбі, 17 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шариғаттағы «Талақтың» талабы

10.10.2019
- Қоғам
0
2.4k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам дінінде неке келісімін бұзуға, яғни, ажырасу мақсатында айтылған сөздерге «Талақ» деп айтылады. Неке екі жақтың келісімімен немесе бір жақтың сұранысымен бұзылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың арасындағы неке келісімін бұзу үшін, екі жақтың өзіндік шарттары бар.

Қазақ қоғамындағы «атастырылу», исламда – «нишан» деп аталады. Бұндай некелерде, жекедара екі жақтың ажырасулары діни тұрғыдан рұқсат етілмеген. Ислам бұл адамдардың некесінің бұзылуын, отбасының (уәкілетін алған) үлкендерінің араласуымен ғана жүзеге асырады.

Балиғат жасына жетпеген жастар, ақыл есі дұрыс емес және әрдайым ұйқы қалінде болғандар, бұған қоса ажырастыруға уәкілетті болмаған адамдардың ажырасу шешімін өздігінен қабылдауына ислам рұқсат етпеген.

Ажырасуға байланысты ерлі-зайыптылар арасында жоғарыда айтылған шарттармен қоса бірнеше жағдайлар бар. Мысалы, ажырасуға деген ниеттері болмай, ашу үстінде айтқан сөздері немесе мас, науқастық жағдайда ажырасамын деп қорқыту арқылы «Талақ» берілудің шариғатта мынадай талаптары бар.

Үйленудің сауабы мен әдебі

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025

Білім алу – басты парыз

10.06.2025

Ислам құқық негіздерінде “һузл” деп аталатын, тек қана әзіл немесе ойнап айтылған, ажырасуға деген ниеттен ұзақ некенің бұзылып бұзылмауына байланысты Ислам құқықшыларының бірнеше пікірі бар.

“Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар да олардың ғиддаты жетсе, сонда оларды туралықпен ұстаңдар немесе оларды дұрыстықпен біржола ажыратыңдар. Оларды зиян салып қанау үшін ұстамаңдар. Кім осыны істесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады. Алланың аяттарын мазақ қылмаңдар және Алланың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насихаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті (Құранды, сүннетті) түсініңдер. Сондай-ақ Алладан қорқындар да күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білетіндігін біліңдер»[1] аятымен қоса,  

«Үш нәрсе бар, бұлардың әзіліде шындықтай: Үйлену, ажырасу және Алла серік қосу»[2] хадисі негізінде, Ханафи және Шафиғи мәзһабында бұндай әзілдің некені бұзады деген тоқтамға келген.

Малики және Ханбалилер болса, ажырасуға нақты бір ниет етуді талап қосқандары үшін неке бұзылмайды деген байламға келген.  «…Eгер олар ажырасуға шешім қабылдаса..»[3] аятының негізінде ажырасудың нақты шешіммен және ниетпен болатынына тоқталған бұл екі мәзһаб, амалдар ниеттерге қарай қабыл болады хадисін де[4] дәлел ретінде көрсеткен.

Отбасы секілді қасиетті ұғымның әзілі болмайды. Сондықтан, ақыл есі бүтін мұсылмандардың әзіл ретінде болса да, «ажырасу» сөзінен ұзақ болғаны абзал. Бұндай қателіктерге жол бермей, отбасылы ерлі-зайыптылардың өзара ынтымағы бекем болуы керек. Бүгінгі күні отбасылық мәселелерге байланысты, ажырасуға ниеті болмай, айтылған «талақ» – некенің бұзылмайтынын ислам ғұламалары мақұлдаған.

Жүйке сыр берген уақытта немесе ашу үстінде айтылған «Талақ» некені бұзбайды. Пайғамбарымыз бір хадисінде,  «Иғлақ (шешімін таппаған уақытты) хәлінде ажырасу жоқ».[5] Бұйрығындағы “Иғлақ” сөзі, қауіп-қатер төндіру мен қатар қатты жүйкесі тозу деген мағынада да қолданылған.[6] Бұған қоса, жалпылай алғанда жүйкенің сыр беруі мен ашу некенің бұзылуына кедергі бере алмайды.

Адамның басын айналдырып мас қылатын нәрселер қолданып, не айтқанын білмейтіндей дәрежедегі адамға «мас» деп айтылады. Мас болу, адамның амалындағы еркіндік құқығына кедергі болғаны үшін ажырасуына да кедергі. Өйткені, бір кісіге жауапкершілік жүктелуі үшін, ақыл мен еркіндік құқығының болуы міндет. Мас адамда бұл екі шарттың болмағаны үшін, неке де бұзылмайды.

Осыған ұқсас ұйқыдағы, талып қалған адамдарды мас адамдармен тең болғаны үшін, кейбір жағдайларда жауапкершіліктен шеттетілген. Міне сондықтан да, дін ғалымдары мас адамның некесі бұзылмайды деген шешім қабылдаған.

Қинап/күш көрсетіп немесе қорқыту «Икраһ» нәтижесінде немесе өлім қаупі төнген жағдайда бұзылған неке, қауіптің сейілуімен жалғасады, яғни неке бұзылмайды.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: “Күдіксіз Алла, үмбетімнен қателескен, ұмытқан және қинап жасатқан нәрселердің үкімі жойылды.[7] деп бұйырған.

Шартты немесе “мынаны жасайтын болсам қатынымнан ажырасам”, не болмаса “Үйден сыртқа шықсам, пәленшемен сөйлессең сенімен ажырасам” секілді «Талақ» сөзін бір шартқа жалғар болса, бұл сөздерді айтқан адамның ниетіне және де негізгі мақсаты негізге алынады. Ниеті ажырасу емес, жұбайын не болмаса өзін жаман бір амалдан сақтап, жақсы амалға үйрету мақсатында айтқан сөзін, ант ету арқылы, үкіміне пәтуа беріледі.

Қазақтың «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалының астары осы болса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] Бақара 2/231.

[2] Әбу Дәуд, “Taлақ” 9; Tирзи, “Taлақ”, 9; Ибн Мажә, “Taлақ”, 3; Mуатта, “Никах”, 56.

[3] Бақара 2/227.

[4] Бұхари, “Бәдул–уахи”, 1; “Taлақ”, 11; Әбу Дәуд, “Талақ”, 11; Нәсай, “Талақ”, 24.

[5] Бұхари, “Талақ”, 11; Ибн Мажә, “Талақ”, 16; Муснәд, II, 276.

[6] Әбу Дәуд, “Талақ”, 8.

[7] Бұхари, “Талақ”, 11; Ибн Мажә, “Талақ”, 16, 20 Әбу Дәуд, “Талақ”, 15; Тирмизи, “Талақ”, 8.

Исатай Бердалиев

Таңбалар: Ажырасу мәселесіБердалиев Исатайотбасышариғат
Бөлісу56Твитерге35Бөлісу7Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үйленудің сауабы мен әдебі
Қоғам

Үйленудің сауабы мен әдебі

13.06.2025
Исламда балағат сөз жайында не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда балағат сөз жайында не айтылған?

11.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Әкім» сөзінің бастапқы мәні қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    36 бөлісті
    Бөлісу 14 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды
Жаңалықтар

«Бауырына салу» картинасы үздік фильм деп танылды

17.06.2025
Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?
Сұрақ-жауап

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Елімізде қанша миссионер тіркелген?
Инфографика

Елімізде қанша миссионер тіркелген?

16.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00