Бейсенбі, 19 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тозақ пен жәннаттың сипаттары қай аяттарда жазылған?

17.09.2019
- Сұрақ-жауап
0
3.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласы о дүниедегі ахуалы жайлы ойлайтыны белгілі. Құранда иман еткен, ізгі амал жасаған адамдарға жәннәт уәде етілгені сияқты (Кәһф сүресі, 18/107), Алланың бірлігіне күмән келтірген, күнәкар адамдар үшін тозақ уәде етіледі. Кәпір, екіжүзді, мүшрик пенделер тозақта мәңгілік азап шегетіндігі де айтылады. Алайда иман етіп, күнә жасаған пенделер тозаққа кірсе де жазасының өтеуінен кейін жәннатқа баратындығы турасында мәлімет беріледі.

Алла Тағала және пайғамбар (с.а.у.) жәннәт пен тозақты былай сипаттайды: «Сондай бір оттан сақтаныңдар, оның отыны (кәпір) адамдар мен тастардан тұрады. Ол (от) кәпірлер үшін әзірленген» (Бақара, 2/24). «Кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар!» (Әл-Имран, 3/131). Демек Құранда тозақ, жәһәннам сқзінің орнына кейде от сөзі қолданылады. Мысалы: «Шүбәсіз, мүнафықтар (екі беткейлер) оттың ең төменгі дәрежесінде» (ән-Ниса, 4/145).

Құранда тозақтың жет есігінің бар екендігі баяндалады: «Тозақтың жеті қақпасы бар, әрбір қақпадан кіретін топ бар» (әл-Хижр, 15/44).

  1. Жәһәннам – бұл сөз Құранның жетпіс жеті аятында баяндалған.
  2. Лаза (лапылдаған от): «Бірақ мүмкін емес! (Алла оны азаптан құтқармайды) Өйткені ол Жаһаннам –лапылдаған от!» (әл-Мәариж, 70/15).
  3. Сайр (жалындаған от): «Ол шайтандарға (ақыретте) жалынды от әзірледік» (әл-Мүлк, 67/5). Басқа да он беске жуық аяттарда осы мағынада қолданылады.
  4. Сақар (қызыл от): «Һәм уа Расулым, сақардың («жәһәннам) не екенін білесің бе?!» (әл-Мүддәссір, 14/27).
  5.  Хауия (құз): «Ол –жалындағын от!» (әл-Қариа, 101/9-11)
  6. Хутама (жүректі жаулаған отты уайым): «Шүбәсіз ол –Хутамаға (отқа) тасталады» (Һүмәзә, 104/4)
  7. Жахим (өрт): «Күпірлік қылушылар мен аяттарымызды жоққа шығарғандарға келер болсақ, мәне солар Жахимнің тұрғындары» (әл-Маидә, 5/10)

Осы тозақтың түрлерімен қатар азаптың да түрлеріне қатысты ондаған аяттар бар. Мысалы: «Сол күні жаһаннамнан толдың ба?-деп сұраймыз. Ол: «тағы бар ма?-дейді» (Қаф, 50/30). «Ей адамдар! Өздеріңді және отбасыларыңды отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар! (әт-Тахрим, 66/6). Сонымен қатар тозақтағы адамдардың қорегіне қатысты да аяттар келген: «Жеген заққұм ағашы олардың таңдайын өртейді. Өртенген тамақтарын басу үшін ішетін сусын іздейді. Бірақ қайнаған су қосылған құсық пен іріңнен басқа сусын таба алмайды (Саффат, 37/62-67).

Діни сауаттылық – заман талабы

Дінде шектен шығудың салдары қандай?

18.06.2025
Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025

Әнәс бин Мәліктен реуаят етілген бір хадисте Пайғамбар (с.а.у.) былай дейді: «Қазір ғана мына дуалдан тозақ пен жұмақ көрсетілді» (Тәжрид-Сарих тәржімасы және түсіндірмесі, ІІ, 483). «Тозақтың оты (саны жағынан) дүниенің отынан алпыс тоғыз есе артық. Бұлардың әр бірінің қызуы дүниенің отының қызуындай» (Сонда, ІХ,50).

Жәһәннамға қатысты аяттар мен хадистер жоғарыда баяндалғандармен шектелмейді. Сондықтан жәннәтқа қатысты қысқаша Құран мен хадиске көз салатын болсақ.  «Жәннат тақуаларға жақындатылған. Міне сендерге уәде елітген жәннәт осы» (Қаф, 50/31-33). «Тәуба етушілер мен ізгі амал жасағандар олай емес. Өйткені олар ешбір әділетсіздікке ұшырамай Жәннәтқа, мейірімді Алланың құлдарына уәде еткен Адн жәннәтына кіреді. Оның уәдесі шүбәсіз орындалады. Ол жерде сәлемнен басқа сөз естілмейді. Ол жерде таң және ақшам рызықтары да аяқтарының асына келеді. Ол жәннатқа құлдарымыздан расында тақуа болғандарына мұрагер қыламыз» (Мәриям, 18/60-63). Осы тақылеттес жәннәтқа қатысты да Құранда ондаған аяттар орын алады. (Таһа, 20/76; әт-Тәуба, 9/72; әр-рахман, 55/54-58; әт-Тур, 52/21; әз-Зухруф, 43/71-73 сияқты аяттарға қарауыңызға болады).

Пайғамбарымыздан жеткен бір құдси хадисте Хз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Салих құлдарым үшін ман, жәннәтта ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген және ешбір адамның ойына келмеген нығыметтер әзірледім» (әл-Жамиғу лил-Усул фи Хадисир-расул, V, 402).

Жәннәт туралы қорыта айтсақ, «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.у.) оның елшісі деп сеніп, ізгі амал жасағандар Алланың қалауымен Жәннәтқа кірмек. Бұл айтылғандар тек Құран аяттары мен хадистерге негізделіп жасалған сипаттары, шынайы халі бір Аллаға ғана аян. Сондықтан Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Пейіш-тозақ молда айтқан сияқты емес. 

Ақылды адам оны әсте олай демес.

Құрсақтағы балаға осы өмірді,

Ұқтыр десе айтар ең қандай кеңес?!-дейді.

 

Кеңшілік ТЫШХАН

дінтанушы, ф.ғ.к.

Таңбалар: жәннатКеңшілік Тышхансүрелертозақхадистер
Бөлісу76Твитерге47Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жәннатты сатып аламыз
Ғибратты әңгімелер

Жәннатты сатып аламыз

10.10.2024
Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын
Сұхбат

Мешіттегі имамға джип мінгізсем, Жәннатқа барамын

19.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақ тіліне сәләфилердің қиянаты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    37 бөлісті
    Бөлісу 15 Твитерге 9

Соңғы жарияланымдар

Жат ағымның нысанасы – жастар
Видео

Жат ағымның нысанасы – жастар

19.06.2025
Әлемді алаңдатқан соғыс
Қоғам

Әлемді алаңдатқан соғыс

19.06.2025
V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Жаңалықтар

V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті

19.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00